177
мағынасында қолданылып, лингвистика саласында тілдік морфемаларды қосудағы
үдерісті атайды, яғни тіл саласында абстрактылы бірліктердің бірігу мағынасын береді.
Біздің ұйғарымымыз бойынша, бұл жағдайда тілдік формалар бір-бірінен алшақ жеке-дара
бірліктер
ретінде жете қарастырылып, метафоралы модель құрап тұр.
Терминдердің салыстыру аспектісін көңіл бөліп қарастырсақ, түрлі формалар
номинативтік бірліктердің негізінде жатқанын байқаймыз. Мысалы, биология саласында
аврикула, аск, антиринум, белемниты сияқты терминдер кездеседі.Терминдердің барлығы
да биология саласында түрлі элементтердің, бөлшектердің, шөптердің атаулары болып
табылады. Мысалы, тереңірек талдасақ,
аврикула – шөптің атауы, латын тілінен
аударғанда
құлақтың ұшы /мочка уха мағынасын береді. Анықтағанымыздай, шөптің
атауы жапырақтарының формасына қарай берілген. Формалардың түрлеріне назар
аударсақ, қиял әлемін шарықтататын барлық формаларды кездестіруге болады. Мысалы,
дене формаларына ұқсастығы (
ақант грек тілінен аударғанда
аюдың табаны/медвежья
лапа–ботаникамен архитектура,
акантит – биология), түрлі құралдарға ұқсастығы
(
ампула латын тіліден аударғанда
сосуд /тамыр – медициналық термин,
аксинит грек
тілінен аударғанда
балта/топор– геология мен минерология), өсімдіктерге ұқсастығы
(
ацинус латын тілінде
жүзім бұтағы /виноградная лоза–медицина,
вайя ежелгі грек
тілінен аударғанда
пальма бұтағы /пальмовая ветвь – ботаника,
гроссуляр сөзі
қарлыған
/крыжовникдеп аударылады
, минерология, химия, геология салаларының термині)
метафоралы модельдердің негізінде жатыр, жаңа терминдердің қалыптасуына септігін
тигізеді.
Салыстыру аспектісінің ішінде түр, түс, соның ішінде түс атаулары кеңінен
қолданылады.
Аквамарин, амарантит, галактика, гиацинт, родий сияқты терминдердің
түпмағынасына назар аударсақ, бұл астрономия, минерология, химия, политехника
салаларында қолданылатын сөздер түрлі түс арқылы терминделген. Мысалда келтірілген
терминдердің грек-латын тілдерінен аударғандағы мағыналары түрлі шөп, гүл, басқа да
нысандардың атаулары болып табылады. Минерологиядағы және химиядағы
амарантит,
гиацинт, родий сияқты элементтер раушан, гиацинт, амаранта гүлдерінің атауы болып
табылады.
Галактика астрономия термині де грек тілінен аударғанда
молочный /сүтті
мағынасын береді. Аталған сөздің терминдік мағынасын анықтасақ,
галактика деп Күн
және басқа да планеталар кіретін жұлдыздар жүйесін атайды. Қазақ тілінде
Құс жолы деп
аталатын, ал орыс тілінде
Млечный путь баламалы нұсқасы бар. Байқап отырғанымыздай,
екі тілдегі варианттары метафоралық салыстыруға негізделген, алайда метафоралану
факторлары әртүрлі. Орыс тілінде нұсқа грек тіліндегі мағынасын қайталаса, қазақ
тіліндегі варианты ассоциацияға негізделген, яғни құстардың ұшу жолып бағыттайтын
функционалдық мағынасы алдыңғы қатарға шығып тұр.
Мифологиядан алынған мифологиялық персонаждардың, мифтағы зат атауларының
терминдік мағынада қолданылуы да практика жүзінде жиі кездесетін жағдаяттар.
Мысалы,
аргус, аммониты, ваннадий, гиппокамп, нектар, морфин және т.б. терминдерді
талдайтын болсақ, барлық атаулар мифологиялық негіздемеге сүйенеді. Аталған сөздердің
мағынасына лексикалық-семантикалық зерттеу жүргізу барысында анықтағанымыз,
аргус
зоология саласында құс атауы болып табылады. Ежелгі грек мифологиясы бойынша,
аргус
деп көпкөзді алып күзетшіні атаған. Ұйықтаған кезде оның кейбір көздері ашық болған.
Зоология саласында қанатында көпкөзді белгілері бар құсты
аргус деп атайды.
Байқағанмыздай, терминдегі негізгі түпмағына «көпкөзді» сема арқылы беріліп тұр, яғни
метафоралық ауысу орын алып тұрғаны белгілі. Ұқсас жағдайды
аммониты терминінен
де анықтауға болады. Зоология саласында теңіз жәндіктері болып табылатын
моллюскалардың сыртқы формасы мен мифологиялық персонаж арасындағы параллель
жүргізіліп, терминдік мағына туындап тұр.
Медицина саламында
гиппокамп термині қолданылатыны белгілі. Ежелгі грек
мифологиясында
гиппокамп аттың денесі мен балықтың құйрығынан тұратын ғажайып