222
Осы мақсатқа орай ең алдымен жиілік сөздік жасаумен айналыстық. Microsoft Word
және Excel құралдарының көмегімен жиілік сөздік жасаудың өз техникасы бар. Оны жасау
жолдарын ғалым Б.Нұржанова өзінің диссертациялық жұмысында жан-жақты сипаттап
берген [6, 119-126]. Біз сол зерттеуге сүйене отырып, сөздікті төмендегідей жүйемен
түздік.
Ең алдымен, ақынның бүкіл қарасөздерінің электрондық нұсқасы жасалды. Оның
ішінен тақырыптар, әрқайсының соңындағы жылдар алынып тасталды. Мәтінді сөзтізбеге
түсірмес бұрын ондағы бүкіл тыныс белгілер алынып тасталды, бас әріптер кіші әріптерге
ауыстырылды.
Келесі кезекте мәтінді сөзтізбеге айналдыру жұмысы жүргізілді. Ол үшін «найти»
және «заменить» батырмалары қолданылады. «Найти» белгісіне бос белгі (пробел)
қойылып, «заменить» деген жерге абзац белгісі қойылады.
Word-тағы сөзтізбені Excel форматына көшіріп саламыз да, оны әліпби тәртібіне
түсіреміз. Ол үшін «Сортировка и фильтр» белгісі пайдаланылады.
Осындағы «жиілік сөздік» белгісінің тұсына белгі қойып, оны «Значение» мәніне
апарсақ, сөзтізбенің қасынан сөздердің қолданылу жиілігі шығады. Әліпбиге салынған
сөзтізбенің жиілік санын анықтау мақсатында «бірінші жолға «Жиілік сөздік» деген
атауды жазып, одан кейін «Вставка» белгісінің ішінен «Сводная таблица» белгісін басу
керек. Сол жақтағы сортировка» белгісінен «Сортировка от максимального к
минимальному» жазуын басқанда, ең көп қолданылған сөздер тізімнің басына шығады.
Достарыңызбен бөлісу: