Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2020



Pdf көрінісі
бет94/140
Дата02.03.2022
өлшемі2,41 Mb.
#26898
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   140
Байланысты:
Vestnik-EAGI-2-2020

С.Қ. Иманбердиева  
С. Сейфуллин атындағы Қазақ 
агротехникалық университеті, 
филол. ғыл. д-ры, профессор 
 
А.Б. Шормақова  
Еуразия гуманитарлық 
институты, 
пед. ғыл. канд., доцент
 
 
Қазақстандағы 
онимдердің 
түркілік 
қабатының 
зерттелуі 
 
Аннотация  
Мақалада 
Қазақстандағы 
түркі 
жалқы 
есімдердің  зерттелуіне  қысқаша  шолу  жасалады. 
Қазақстан  ономастикасының  негізін  қалаушы 
ғалымдардың  нақты  қандай  мәселелерді  зерттегені 
сөз болады. Қазақстан аумағындағы астионимдердің 
түркілік  қабаты  диахрондық  тұрғыдан  зерттеліп, 
өзгеру  кезеңдері  мен  себептері  көрсетіледі.  Қазақ 
ономастикасының  түркілік  қабатын  зерделеу  және 
мәдени, 
тарихи-тілдік, 
географиялық, 
геоэкологиялық  сабақтастық  негіздерін  зерттеу 
арқылы  ұлттық  ономастикалық  мұраның  ғасырлар 
бойы  жасалған  рухани-тілдік  құндылықтар  жүйесі 
ретіндегі 
зияткерлік 
әлеуеті 
айқындалады. 
Қазақстандағы, 
басқа 
да 
елдердегі 
түркі 
халықтарының  тарихи-мәдени,  рухани-танымдық 
бірлігі  мен  тілдерінің  сабақтастығы  анықталып, 
топонимдердің  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  өзгеріп, 
толығып 
отыруындағы 
халықтың 
танымдық 
көзқарасы зерделенеді. 
Түйін сөздер: оним, еңбек, ономастика, негізін 
салушы. 
 
 
Қазақ  топонимикасының  түркілік  қабатын 
зерделеу және мәдени, тарихи-тілдік, географиялық, 
геоэкологиялық  сабақтастық  негіздерін  зерттеу 
арқылы  ұлттық  топонимикалық  мұраның  ғасырлар 
бойы  жасалған  рухани-тілдік  құндылықтар  жүйесі 
ретіндегі  зияткерлік  әлеуетін  айқындау  болашақ 
ұрпақ  үшін  маңызды  қадам.  Қазақстан  жеріндегі 
түркілік 
топонимдердің 
рухани-тілдік, 
геоэкологиялық  құндылықтар  жүйесі  қазіргі  қазақ 
қоғамын  қауіпсіз  ететін  күш  пен  идеологиялық 
тетіктердің бірі екенін анықтау – уақыт талабы. 
Көне түркі кезеңнен бастап, орта ғасыр, қазіргі 
Қазақстан 
жерінде 
қалыптасқан 
топонимдер 
зерделеніп,  жер  бедері,  идеология,  өзгеруіне  қарай 
тарих  қойнауынан  шындықты  шығару  арқылы 
қазіргі  Қазақстан  жер  бедері  ерекшелігін  анықтау 
маңызды болып отыр.Топонимдердің ғасырлар бойы 
қалыптасып, 
өзгеріп, 
толығып 
отыруындағы 
халықтың  танымдық  көзқарасы  зерделеп,  қазіргі 
қазақ  халқының  топонимикалық  ғалам  бейнесінің 
тілдік  ерекшеліктерін  зерттеу  қазіргі  геосаяси 
жағдайда     қалыптасқан     мәселелердің     жауабын 


 
155 
анықтайды.  Көп  жағдайларда  географиялық  атаулардың  мәселелерi  iшкi  мемлекеттiк 
ұлттық  мүдденiң  шегiнен  шығады  да  халықаралық  мәнге  ие  болады.  Адрестiк  және 
ғылыми-ақпараттық  атқарымдарға  қоса,  географиялық  атаулар  егемендiктi  бекiтудiң, 
мемлекеттiң  ұлттық  басымдығының  құралдарының  бiрi,  мемлекеттiң  жаңғыруының 
айнасы болып табылады.  
Қазақ  онимдерінің  ішінде  топонимикасының  түркілік  қабатын  зерделеу  және 
мәдени,  тарихи-тілдік,  географиялық,  геоэкологиялық  сабақтастық  негіздерін  зерттеу 
ономастиканың басқа разрядтарына қарағанда барынша қарқынды жүргізілген. Дегенмен 
де  қазақ  антропонимдері,  этнонимдері  де  мүмкіндігінше  зерттелген.  Кісі  есімдерінің 
түркілік қабатын айрықша бөліп қарастырған кешенді еңбек жоқтың қасы. Соның ішінде 
қазақ антропонимдерін зерттеген Т.  Жанұзақовты [1], этнонимдерді зерттеген Ә. Қайдар, 
С.  Аманжолов,  А.  Әбдірахманов,  Т.  Жанұзақов  т.б.  атауымызға  болады  [2-5].  Ру-
тайпалардың  атауларын  азды-көпті  зерттеген  орыс  ғалымдарының  ішінде  Н.  Аристов, 
В.Бартольд, С.Кляшторный [6-8] т.б. еңбектерін мысалға келтіруге болады. 
Ұлттық  топонимикалық  мұраның  ғасырлар  бойы  жасалған  рухани-тілдік 
құндылықтар  жүйесі  ретіндегі  зияткерлік  әлеуетін  айқындау  болашақ  ұрпақ  үшін 
маңызды  қадам.  Қазақстан  жеріндегі  түркілік  топонимдердің  рухани-тілдік, 
геоэкологиялық  құндылықтар  жүйесі  қазіргі  қазақ  қоғамын  қауіпсіз  ететін  күш  пен 
идеологиялық  тетіктердің  бірі  екенін  анықтау  –  уақыт  талабы.  Осы  себептерден  түркі 
топонимдері зерттеу нысаны ретінде барынша жан-жақты қарастырылған. 
Көне  түркі  кезеңнен  бастап,  орта  ғасыр,  қазіргі  Қазақстан  жерінде  қалыптасқан 
топонимдер  зерделеніп,  жер  бедері,  идеология,  өзгеруіне  қарай  тарих  қойнауынан 
шындықты  шығару  арқылы  қазіргі  Қазақстан  жер  бедері  ерекшелігін  анықтау  маңызды 
болып  отыр.Топонимдердің  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  өзгеріп,  толығып  отыруындағы 
халықтың  танымдық  көзқарасы  зерделеп,  қазіргі  қазақ  халқының  топонимикалық  ғалам 
бейнесінің  тілдік  ерекшеліктерін  зерттеу  қазіргі  геосаяси  жағдайда  қалыптасқан 
мәселелердің жауабын анықтайды. Көп жағдайларда географиялық атаулардың мәселелерi 
iшкi  мемлекеттiк  ұлттық  мүдденiң  шегiнен  шығады  да  халықаралық  мәнге  ие  болады. 
Адрестiк және ғылыми-ақпараттық атқарымдарға қоса, географиялық атаулар егемендiктi 
бекiтудiң,  мемлекеттiң  ұлттық  басымдығының  құралдарының  бiрi,  мемлекеттiң 
жаңғыруының айнасы болып табылады.  
Ұлттық  топонимияның  түркілік  қабатын  зерттеген  ғалымдардан  Ғ.  Қоңқашбаев,  Е. 
Қойшыбаев, Т. Жанұзақов, Ұ. Ержанова, Б. Бияров [9-13] т.б. еңбектерін атауға болады. 
Түркі онимдерін о баста жинастырып, зерттеп, осы күнге жеткізген М. Қашқари ХІ 
ғасырда грамматикалық сипатта жазылған «Диуани лұғат-ит-түрк» тарихи- салыстырмалы 
әдісті негізге алған, осы еңбегінде түрлі этнонимді атап, олардың географиялық мекенін, 
тіліндегі  фонетикалық  ерекшеліктерін  көрсетеді.  ХІ  ғасырда  өмір  сүрген  филолог-
түркітанушы  М.  Қашқаридың  мұрасы  түркітану  ғылымының  бастауы,  қайнар  көзі 
саналады [14]. 
А.  Байтұрсынұлы  кісі  есімдерінің  екі  не  үш  мүшелі  жазылуы  туралы  сөз  еткен, 
Мәселен, Ыдырыс Оразұлы не Нұрғали Сағызбайұлы Құлжан [15]. Қ. Жұбанов сакралды 
есімдердің  қай  кезең  екендігінің  белгісі  және  сөз  позициясына  қарай  антропоним 
анықталушы қызметте екендігін атап көрсеткен [16]. 
С.  Аманжолов  этнонимдердің  статистикасын,  шығу  төркінін,  таралу  ареалын 
зерттеп, мысалдар негізінде дәйектеген ірі еңбегін мұра етіп қалдырған [3].  
 
 
 
 
 
 


 
156 
Кесте 1 Түркі онимдерінің зерттелу мәселесі 
 
№  Түркітанушы 
Оним түрі 
Зерттеу ерекшелігі 

М.Қашқари 
этноним 
29  ру-тайпаның  атауына  фонетикалық  талдау 
жасалып, этимологиясы ұсынылған. 

М.Қашқари 
топоним 
тайпалардың  таралу  ареалына  байланысты 
нұсқап, атаудың шығу төркіні анықталған. 

А.Байтұрсынұлы  антропоним 
қазақ  кісі  есімдеріндегі 
–ов;  -ев; 
-ин 
қосымшалары 
мен 
екі/үш 
мүшелі 
антропонимдері сөз болған. 

Қ.Жұбанов 
антропоним 
сакралды  кісі  есімдері  (Зеңгі  баба,  Ұмай  ана 
т.б.)  жиі  қолданысына  қарай  қай  кезең 
екендігінен 
хабардар 
етсе, 
күрделі 
кісі 
есімдерінің  синтаксистік  ерекшелігі  қазақ  кісі 
есімдерін  жасаудағы  шеберлігі  анықталған, 
топонимнен 
жасалған 
антропонимдерді 
қарастырған, мысалы, Еділбай.  

С.Аманжолов 
этноним 
шығу тегі, таралу ареалы қарастырылған. 

Ғ.Қоңқашбаев 
топоним 
жер-су атауларының этимологиясы зерттелген. 

Е.Қойшыбаев 
топоним 
жер-су атауларының этимологиясы зерттелген. 

А.Әбдірақманов  этноним 
шығу тегі, таралу ареалы қарастырылған. 

Т.Жанұзақов 
антропоним 
кісі  есімдерінің  құрылымы,  уәжі,  бейонимдену 
үрдісі зерттелген. 
10  Т.Жанұзақов 
топоним 
шығу 
тегі, 
таралу 
ареалы, 
түрлері 
қарастырылған. 
11  Т.Жанұзақов 
этноним 
шығу тегі, таралу ареалы қарастырылған. 
 
ХІ  ғасырдан  бастау  алған  түркі  топонимдерін  зерттеу  мәселесі  қазірдің  өзінде 
өзектілігін  жоғалтқан  жоқ.  Мысалы,  М.  Қашқари  көтерген  онимдерді  қазіргі  кезде 
диахрондық  тұрғыдан  зерттеу  әлі  де  шешімін  тапқан  жоқ.  М.  Қашқари  29  этнонимннің 
атын  атап,  түсін  түстеп,  олардың  таралу  ареалын  көрсеткенде,  ел  тұтастығы  мәселесін 
көздесе,  қазір  біз  осы  уақытқа  дейін  Қазақстан  топонимдерінің  диахрондық  даму  3D 
электронды  картасын  жасап  шықпадық,  аталған  этнонимдер,  олардың  таралу  ареалына 
байланысты  топонимдер  қазіргі  Қазақстан  жерінде  қазіргі  кезде  қаншалықты  сақталған 
деген мәселе де сырт қалып отыр. Топонимдерді сол М. Қашқари кезінен (мүмкін болса, 
одан  да  әріректен)  бастап  осы  кезге  дейін  қалай  өзгергенін  көрсететін  болсақ,  еліміздің 
шекарасын  тек  шегелеп,  нақтырай  түсіп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  қазақ  этнонимінің, 
мекендеген жерінің тарихы т.б. туралы молырақ ақпарат беретініміз анық.  
А.  Байтұрсынұлы  қарастырған  қазақ  кісі  есімдеріндегі  -ов;  -ев;  -ин  қосымшалары 
мен  екі/үш  мүшелі  антропонимдер  мәселесі  қазір  де  көтеріліп  жүр.  І  ғасыр  көлеміндегі 
уақытта  біз  аталған  қосымшалардан  арылып,  ұлттық  танымға  сай  анропонимдерді 
рәсімдеуге  белгілі  бір  себептермен  қол  жеткізе  алмай  келеміз.  Болашақта  латын  қарпі 
негізінде  қазақ  кісі  есімдерінің  ұлттық  танымға  сай  рәсімделу  ережесін  жасағанда  осы 
мәселені ескеруіміз әбден қажет және де бұл ұлттық ономастиканы қалыптастыруда өзекті 
мәселелердің бірі әрі өзегі. 
Қ. Жұбанов қозғаған күрделі кісі есімдерінің синтаксистік ерекшелігі мен қазақ кісі 
есімдерін жасаудағы шеберлігі мәселесі көптеген ономаст-ғалымдардың қызығушылығын 
тудырады.  Әсіресе,  бай,  жан,  гүл  т.б. компоненттерінің  орын  өзгеруі  негізінде  жасалған 
антропонимдер ерекше, себебі компоненттердің орын тәртібіне қарай мағыналық реңктік 
ерекшеліктер байқалады. Оны кесте түрінде төмендегідей көрсетуге болады. 
 


 
157 
Кесте 2 Антропонимдер компоненттерінің орын тәртібіндегі мағыналық реңктік  
ерекшеліктер 
 
№  компонент  антропоним  мағыналық реңк 
антропоним  мағыналық реңк 

бай 
Байзақ 
Екінші 
компоненттің 
алдыңғы  әрпі  түсіп 
қалуына 
байланысты 
мағынасы 
қазіргі 
кезде 
күңгірт, 
алайда қазіргі кезде 
Байзақ 
батыр 
болғаны 
белгілі 
сонымен 
бірге 
батыр 
атымен 
аталған 
ауыл 
Жамбыл 
облысында бар 
Ұзақбай 
1.  өмір  жасы  ұзақ 
болсын 
мәнінде, 
яғни бай компоненті 
«көптік»  әрі  «бақуы 
атты, 
дені 
сау» 
мағынада; 
2.  өмір  бойы  бай 
болсын деген тілек  

жан 
Досжан 
барлығына 
дос, 
бауыр 
Жандос 
нағыз, қимас дос 

гүл 
Гүлнұр 
гүлдің әдемілігі 
Нұргүл 
Нұрдың  гүл  сияқты 
түрлі-түсті 
шуақ 
шашуы 

бек 
Бекболат 
нағыз 
болат, 
мықты, нығыз 
Болатбек 
екінші  компоненті  – 
отбасындағы 
өзге 
балалар 
атына 
ұйқастырып 
қою 
үшін 
қолданылған 
қосымша 

нұр 
Бекнұр 
Нағыз  шуақ,  нағыз 
нұр 
Нұрбек 
екінші  компоненті  – 
отбасындағы 
өзге 
балалар 
атына 
ұйқастырып 
қою 
үшін 
қолданылған 
қосымша 

жол 
Жоламан 
бастапқы 
мәні: 
көші-қон 
кезінде 
жол бойында аман-
есен өмірге келген 
Аманжол 
өмір 
бойы 
алды 
ашық, 
аман-есен 
болсын деген тілек 

наз 
Назгүл 
нәзік, 
сән 
келтіретін, 
әдемі 
гүл 
Гүлназ 
Еркесі 
жарасқан 
әдемі 

ай 
Айжарқын 
бастапқы 
мәні: 
жарық,  толған  ай 
кезінде 
дүниеге 
келген 
Жарқынай 
ақкөңіл, 
ашық 
мінезді 
болсын 
деген тілек 
 
С.  Аманжолов  этнонимдердің  сөйлеу  ерекшеліктері  бойынша  таралу  ареалын 
анықтаған.  Бұл  біздің  бір  тайпада  жоғалып,  екінішісінде  сақталған  тарихи  ұлттық 
дәстүрімізді  түгендеуде  маңызды.  Дегенмен  осы  тұрғыдан  тайпа  атауының  шығу  тегіне 


 
158 
байланысты генонимдердің ерекшеліктерін зерттеген кешенді еңбектер әлі де жоқ десе де 
болады. Бұл – болашақта мәселенің зерттеу аспектісін айқындап тұрған бірден бір еңбек, 
ғалымның болашақ ғылымға қсоқан үлесі. 
Ғ. Қоңқашбаев, Е. Қойшыбаев, Т. Жанұзақов сынды ғалымдардың зерттеу объектісі 
болған  жер-су  атауларының  этимологиясы  қазірдің  өзінде  өзектілігін  жоғалтқан  жоқ. 
Мұның  бастапқы  себебі  бір  түркі  қабатына  (басқа  қабаттарды  айтпағанда)  жататын 
құрамында  географиялық  (биологиялық  т.б.)  терминдер  бар  мағынасы  көмескіленген 
топонимдерді  анықтау  –  көптеген  мәселенің  басын  ашатыны  анық.  Мәселен,  Далқоңыр 
(түркі-монғ. дал ~ тал – «үлкен кең дала», «жазық» мағынасын білдірсе, екінші сыңардағы 
қоңыр  «қоңырқай  түс»),  Дардамты  (түрк.,  монғ.,  ир.  дар  –  (варианттары:  дара  –  дере
«шатқал, сай», «тау аралығы», және  дам –  том – томб – «жота, төбе», «тау» мағыналы 
сөздеріне  көне  түрік,  монғ.  тілдеріне  тән  -ты  жалғуының  жалғануы  арқылы  жасалған), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет