Бегежанова Райхан Карымжановна


  ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте геометриялық



Pdf көрінісі
бет23/45
Дата04.03.2022
өлшемі1,34 Mb.
#27012
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі-2

11 
ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте геометриялық  
материалды оқыту әдістемесі 
 
Арнайы мектеп оқушылары математиканы оқу барысында арифме-
тикалық білімді ғана емес, кӛрнекілік геометрия мәліметтерін де алады. 
Арнайы  мектептегі  кӛрнекілік  геометрия  элементтерімен  танысу 
оқушылар  үшін  ӛте  маңызды,  геометриялық  түсініктердің  толық  жүйесі 
қалыптасып олардың математикалық білімдері кеңейеді. 
Кӛрнекілік  геометрия  элементтерін  оқу  ақыл-ой  іс-әрекеті  тәсілде-
рінің қалыптасуына, кеңістік туралы түсініктерінің кемшіліктерін түзетуге, 
мүмкіндік береді, танымдық іс-әрекетін белсендіреді, қоршаған кеңістікте 
іс  жүзінде  бағдар  етуді  дамытады,  қимыл-қозғалысты  дамытады,  сӛздік 
қорын  кеңейтеді,  сӛйлеу  тілін,  ойлауын  дамытады,  басқаша  айтқанда 
зияты  зақымдалған  оқушыларды  оқытуда  едәуір  түзетуші  рольді 
атқарады. 
Геометриялық  материалды  оқу  оқушыларды  ӛлшеудің,  сызудың 
тәжірибелік  (практикалық)  дағдыларымен,  ӛлшеу  және  сызу  құрал-сай-
мандардың  кӛмегімен  геометриялық  фигураларды  құрастыру  дағдыла-
рымен қаруландырады, бұнын барлығы оқушылардың күнделікті ӛмірге, 
кәсіби  еңбектің  әр  түрлі  түрлерін  меңгеруге,  қазіргі  ӛндірістегі 
жағдайларға бейімделуге дайындалуына мүмкіндік береді. 
Арнайы мектепте кӛрнекілік геометрияны оқу  ӛз алдына үш негізгі 
міндетті  қояды,  олармен  оқудың  ұйымдастырылуы  мен  әдістемесі 
анықталады.  
1. Жалпы білім беру міндеті: геометриялық фигуралар мен денелер 
туралы,  олардың  бейнесі,  қасиеттері,  қатынастары  туралы  кӛзқараста-
рын  дамыту,  геометриялық  ӛлшемдер,  шамалар (кесінділер  ұзындықта-
ры,  фигаралар  ауданы,  денелердің  кӛлемі)  туралы  түсініктерді,  оларды 
ӛлшеу біріліктері туралы білімдерін қалыптастыру. 
2.  Түзете-тәрбиелеу  міндеті:  кеңістік  туралы  түсініктерін,  қиялын, 
моторикасын,  логикалық  ойлауын,  сӛйлеу  тілін,  оқушылардың  ақыл-ой 
және  тәжірибелік іс-әрекетән дамыту мен түзету. 
3.  Практикалық  (тәжірибелік)  міндеті:  ӛлшеу  және  сызу  құрал-
саймандары  кӛмегімен  геометриялық  фигураларды  ӛлшеу  мен  сызу 
дағдыларын  қалыптастыру,  ӛмірлік-тәжірибелік  міндеттерді  шешу  іскер-
лігін дамыту. 
Арнайы  мектеп  бағдарламасына  сәйкес  оқушылар  кӛрнекілік 
геометрияны оқу барысында келесімен танысады, біріншіден: 
1. геометриялық фигуралармен (нүкте, шеңбер, кесінді, кӛпбұрыш-
тар  және  т.б.)  және  геометриялық  денелермен  (шар,  тік  бұрышты 
параллелепипед,  куб,  цилиндр  және  т.б.),  олардың  элементтерімен, 
қасиеттерімен, модельдерімен; 
2.  фигуралар  мен  геометриялық  денелердің  (заттардың)  жазық-
тықта және кеңістікте ӛзара орналасуы; 


70 
3.  ӛлшем  кӛлемдерімен  (ұзындығы,  аумағы,  кӛлемі)  және  бір-
ліктерімен (сызықтық, шаршы, кубты); 
4.  геометриялық  фигураларды  ӛлшеу  мен  сызу  жабдықтарымен 
(сызғыш, рулетка, сызба үшбұрыш, циркуль, транспортир); 
екіншіден,  фигураларды  ӛлшеу,  сызу  мен  модельдеу  дағдыларын 
игереді; 
үшіншіден, алынған білімдерін омірмен байланыстыруды үйренеді, 
мысалы,  қоршаған  заттар  арасында  геометриялық  пішіндерді  тану, 
алынған геометриялық білімдерін басқа да оқу пәндерін оқу барысында, 
оқу  ӛндірістік  шеберханаларында,  ӛмірлік-тәжірибелік  міндеттерді 
шешуде қолдана білуге үйренеді. 
Математика  бағдарламасы  бойынша  геометриялық  материал 
концентриялық  орналасқан.  Әр  оқу  жылында  оқушылар  ӛтіп  кеткен 
геометриялық  фигураларға  қайтып  келеді,  бірақ  олардың  білімдері 
бірізділікпен кеңейеді, тереңдетіледі, жүйеленеді, жалпылаушы сипатта-
маға ие болады, тәжірибелік сипаттамадағы есептерді шешу барысында 
қолданылады. 
 
Алынған  білімдер  оқушылардың  практикалық  (тәжірибелік)  білім-
дері  мен  іскерліктерінің  қалыптасуымен  үйлеседі,  белсенді  сӛздік  қоры 
кеңейеді, математикалық тілі қалыптасады. 
Зияты  зақымдалған  оқушылар  үшін  геометриялық  материалды 
меңгеру  қиынға  соғады.  Қиындықтардың  себептері,  алдымен,  балалар-
дың  танымдық  және  эмоциялық-еркін  іс-әрекетінің  ерекшелігіне  байла-
нысты:  зейіннің,  қабылдаудың,  талдау  синтездің  дамымауы,  жалпылау-
дың,  дерексізденудің  әлсіздігі.  Зияты  зақымдалған  оқушылардың  бақы-
лауы  шектелген,  ӛмірлік  тәжірибесі  аз,  сенсорлық-моторлық  сезімтал-
дығы дамымаған. 
1.  Оқушылар  кеңістікте  бағдар  етуде  үлкен  қиындықтарға  ұшы-
райды. 
2.  Оқушылар  геометриялық  фигураларды,  оның  ішінде  кӛпбұрыш-
тыларды  жіктей  алмайды.  Шеңберді,  үшбұрышты,  шарды,  кубты  танып 
жіктей  алады.  Үлгі  бойынша  фигураларды  іріктегенде    қателіктерді  аз 
жібереді,  бірақ  олардың  кӛзқарастарының  стереотиптігінің  күшіне  және 
біржақтығына  байланысты,  зияты  зақымдалған  оқушылар  кӛлемі  және 
түсі  бойынша  үлгіге  сәйкес  фигураларды  ғана  іріктейді.  Фигураларды 
атауы бойынша іріктеуде олар кӛптеген қателіктер жібереді. Фигуралар-
дың  атауын  оқушылар  үлкен  қиындықпен  естерінде  сақтайды  және 
сәйкесті фигуралармен сәйкестіре алмайды. 
3.  Оқушылар  бұрышты  оқуда  және  үшбұрыштарды  бұрышы 
бойынша  жіктеуде  қиындықтарға  ұшырайды.  Дұрыс  үшбұрышпен  тік 
үшбырышты шатастырады. Дұрыс емес терминология пайда болады: тік 
бұрыш,  доғал  бұрыш,  сүйір  (үшкір)  бұрыш.  Бұндай  қателіктерді  тек  осы 
фигураларды  ажырата  алмауымен  ғана  емес,  сонымен  қоса  фонемати-
калық  естудің,  тілдің  сӛйлеу  жағының  жетілмеуімен  де  түсіндіруге 
болады. 


71 
4.  Абстрактілі  геометриялық  бейнені  ұқсас  пішінді  нақты  затпен 
алмастыру тенденциясы байқалынады (үшбұрыш – үй шатыры, галстук, 
шеңбер – тиын, теңге, шаршы – терезе және т.б.). 
5. Геометриялық фигуралар туралы түсініктері нақты емес. Оларға 
кӛлемдерді  (аумағы,  кӛлемі),  оқушы  жабдықтары,  ӛлшеу  және  сызу 
құрал-саймандары. 
6.  Фигуралардың  ерекшелері  туралы  түсініктері  нақты  емес. 
Фигураның  анықтамасын  бере  тұрып,  оқушылар  бір  ғана  негізгі  белгісін 
кӛрсетеді, ол фигураны анықтауға жеткіліксіз болады. 
7.  Фигураларды  салыстырғанда  оқушылар  ерекше  қиындықтарға 
ұшырайды. Олар салыстыру тәсілдерін игермейді. 
8.  Ӛзгеше  жағдайда  берілген  фигураны  оқушылар  басқа  жаңа  фи-
гура  ретінде  қабылдайды  (бір  ұшына  қойылған  шаршы,  үшбұрыш). 
Балалар  фигураларды  күрделі  ою-ӛрнекте,  суретте,  бұйымда  танымай-
ды. Бұл олардың түсініктерінің қарапайымдылығы, схемалылығы туралы, 
қиялдаудың  әлсіз  дамуы  туралы,  қабылдаудың  ерекшелігі  туралы 
айтады. 
9.  Зияты  зақымдалған  оқушыға  фигураны  атаудан  сызу  жеңіл, 
фигураның  қасиеттері,  белгілері  туралы  айтудан  оны  кӛрсету  жеңіл, 
басқаша  айтқанда  ойлап  талдауды  кӛрнекілік  іс-әрекетпен  алмастыру 
тенденциясы байқалынады. 
10. Кӛлемі туралы түсініктері әлсіз, оқушылар олардың арасындағы 
айырмашылықты  кӛрмейді,  әр  ӛлшемді  ӛлшеу  бірліктерін  нақты  түсін-
бейді. 
11.  Сызғышпен,  сызба  үшбұрышпен,  циркуль,  транспортирмен  жұ-
мыс  істеу  дағдыларын  күшпен  меңгереді.  Бұл  оқушылардың  мотори-
касының нашар дамуымен, қолдың бұлшық еттерінің әлсіздігімен, қимыл-
дарының бӛгеліп қалуымен байланысты. 
12. Кӛз қапері нашар дамыған. 
13.  Геометриялық  білімдерді  тәжірибелік  іс-әрекетте  қолдану 
барысындағы қиындықтар. Бұл білімдерінің немқұрайды болуымен және 
оларды  іс  жүзінде  қолдана  білмеуімен,  білімдерін  жаңа  ситуацияға 
ауыстыра алмайтығынымен түсіндіріледі. 
Тек  зияты  зақымдалған  оқушылардың  геометриялық  материалды 
игеру  қиындықтары  мен  ерекшеліктерін  жақсы  білу,  осы  қиыншылық-
тарды  алдын  ала  білу,  оқытуда  спецификалық  тәсілдерді,  кӛрнекі  оқу 
құралдарын қолдану ғана мұғалімпге зияты зақымдалған оқушылардағы 
кӛрнекілік  геометрия  элементтері  туралы  білімдері,  іскерліктері  мен 
дағдыларын  меңгеруде  кездесетін  қателіктері  мен  қиыншылықтарын 
жеңуге кӛмектеседі. 
Арнайы  мектепте  геометрияны  оқыту  кӛрнекілі  және  әсерлі  болуы 
керек.  Арнайы  мектеп  оқушыларында  геометриялық  және  кеңістіктік 
түсініктерді қалыптастыру тек геометриялық фигуралардың материалды 
модельдерін,  қоршаған  болмыстың  заттарын  тікелей  қабылдау  арқылы 


72 
жүргізіледі.  Сызбалар  мен  кестелерді  қолдануға  ауысу  бірізділікпен 
түсінікті, жеңілдетілген түрде берілуі қажет. 
Кӛрнекілік  модельдер  ретінде  геометриялық  фигуралардың  және 
түрлі  кӛлемдегі,  түстегі,  түрлі  материалдардан  даярланған  денелердің 
модельдері  қолдануы  мүмкін  (қатырма  қағаздан,  қағаздан,  пластмасса-
дан,  ағаштан,  темірден  және  т.б.),  фигуралар  бейнеленген  плакаттар, 
шынайы  нақты  заттар,  пішіні  бойынша  оқытылатын  геометриялық 
фигураларға ұқсас, оқытылатын фигуралардың және денелердің сызба-
лары, ұзындық, аудан, кӛлем ӛлшемі бірліктері, кестелер, ойын жиынтық-
тары  (геометриялық  лото,  мозаика,  домино  конструкторлар),  дифильм-
дер. 
Геометриялық  материалды  оқу  барысында  ӛлшеу  және  сызба 
құрал-саймандары  кеңінен  қолданылады  (сыныптағы  және  жеке):  сыз-
ғыш, рулетка, циркуль, сызба үшбұрыш, транспортир. 
Геометриялық материалды оқу әдістері: 

бақылау 

әңгіме 

тәжірибелік іс-әрекет 

дидактикалық ойын  

оқулықпен жұмыс жасау әдісі. 
Оқушыларды  кӛрнекілік  геометрия  элементтеріне  оқыту  ӛлшеу 
және  сызба  құрал-саймандарды  қолдану  дағдыларын,  жұмыс  барысы 
мен  нәтижесін  сипаттайтын  іскерлігінің  қалыптасуын  қамтамасыз  ететін 
жүйелік жұмыссыз мүмкін емес. Бұны жүзеге асырудың маңызды шарты 
болып оқушылармен орындалатын әрекеттердің саналылығын қамтама-
сыз ету саналады тек соның негізінде ғана автоматталған, жаттықтырыл-
ған  әрекетерге  жетуге  болады.  Дағдылардың  автоматтандырылуы  тек 
математика  сабағында  ғана  емес,  басқа  да  оқу  пәндерінде  жүйелі 
күнделікті жаттығуларды талап етеді.  
Ӛлшеу және сызба дағдыларын қалыптастыруда келесі кезеңдерді 
кӛрсетуге болады: 

мұғаліммен амалдарды кӛрсету, оның орындалуын түсіндірумен 

аталған  амалды  оқушының  мұғаліммен  бірге  орындауы  немесе 
оның  жетекшілігімен  және  қатты  сӛйлеумен  оны  орындау  тәсілін  айтып 
ӛту 

амалды  оқушының  дербес  орындауы,  кейінгі  мұғалімнің  бақы-
лауымен, жұмыс тәсілін түсіндіре білу (жетекші сұрақтар арқылы) 
 - 
амалдарды  бірнеше  рет  қайталау  барысында  дағдыларды  авто-
маттандыру. 
Жұмыс тәсілдерін дербес түсіндіре білу. 
Геометриялық  материалды  оқу  барысында  ерекше  назарды  мұ-
ғалім  оқушылардың  сӛздік  қорын  арнайы  терминдермен,  жаңа  сӛздер-
мен  толықтыруға  аударады.  Әр  сӛз  бен  терминді  ӛту  барысында  нақты 
бейне  тұру  керек,  оқушылар  ӛзінің  белсенді  сӛздігінде  жаңа  сӛздерді, 
геометриялық терминдерді қолдану қажет.  Бұған арнайы геометриялық 


73 
сӛздіктерді  жүргізу,  оқушылар  үшін  жаңа  сӛздер  жазылған  плакаттарды 
қолдану,  осы  сӛздерді  жазу  бойынша  жаттығулар  орындау  мүмкіндік 
береді. 
Бастауыш сыныптарда геометриялық материал математика сабақ-
тарында  аз  шамалы  үлестермен  қарастырылады.  Математика  сабағын 
жоспарлай отырып, кӛрнекілік геометрия бойынша білімдерін (құрастыру 
немесе ӛлшеу, есептерді шығару немесе геометриялық мазмұнды басқа 
да  тапсырмаларды  орындау,  жаңа  білімдерді  хабарлау)  бекіту  үшін 
мұғалім 8-10 минут жұмсайды. 
Бастауыш  сыныптарда  тек  геометриялық  материал  ғана  қарасты-
рылатын  сабақтарды  да  жүргізу  пайдалы.  Бұл  «сүйемелі  сабақтар» 
(Ю.Т.Матасов  термині).  Сүйемелі  сабақтардың  негізгі  мақсаты  болып 
оқушыларды жаңа геометриялық түсініктермен таныстыру саналады. 
Сүйемелі  сабақтарда  мұғалім  жаңа  материалды  түсіндіріп,  оның 
алғашқы бекітуін жасайды, сызбадағы, құрастырудағы немесе ӛлшеудегі 
белгіленген  іскерліктерді  жаттықтырады.  Аталған  сабақтардың  жылына 
6-
8 жоспарланады. Кейінгі математика сабақтарында сүйемелі сабақтар-
да  алынған  білімдердің  бекітілуі  жүреді.  Бекіту  барысында  мұғалім 
оқушылардың  геометриялық  білімдерін  кеңейтуге  ұмтылады,  жаңа  эле-
менттерді  кіргізіп,  жаңа  кӛрнекілік  құралдарын  және  дидактикалық 
материалдарды  қолданып,  бұл  білімдерді  ӛмірмен  байланыстырып.     
Геометриялық материалдың оқытылуын осылай ұйымдастыру кӛрнекілік 
геометрияға  оқытудың  нәтижелілігін  жоғарлатады.  Геометриялық  мате-
риалды  оқытуды тоқсанның  аяғына  немесе  жыл  аяғына  қалдыруға  бол-
майды.  Бұл  оқытудағы  формализмге  (немқұрайды  қарауға)  әкеледі  – 
оқушыларда  тұрақты  білімдер,  іскерліктер  мен  дағдылар  қалыптас-
пайды. 
Жоғарғы  сыныптарда  геометрия  сабақтары  аптасына  бір  рет  жү-
реді. Оқытылатын геометриялық материалды математика сабақтарының 
кӛпшілігіне кіргізу қажет. 
Геометриялық  материал  нақты  жоспарланған,  оқу  жылы  бары-
сында  тоқсандар  бойынша    және  сабақтар  бойынша  біркелкі  бӛлінген 
болуы қажет. 
 
Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1.  Арнайы  мектепте  геометриялық  материалды  оқыту  міндеттері, 
маңызын атаңыздар 
2.  Зияты  зақымдалған  балалардың  геометриялық  материалды 
меңгерудің қандай ерекшеліктері бар?  
3.   
Арнайы  мектепте  геометриялық  материалды  оқытуда  қандай 
әдіс-тәсілдері қолданылады? 
 
 


74 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет