Авакова Р.А. Фразеосемантика
194
Екінші дәрежелі коннотативті сема (К2) денотатпен логикалық байла-
нысты жоғалтқан, кезінде ондай байланыс болса да қазіргі тілдік тұрғыдан
уәждеуге келмейді. Мысалы:
аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығу – «дол-
данып, аузына не келсе, соны айтып ұрысу» немесе
шошқа тағалау «түк
бітірмеу»,
асмандики ғазиниң шовисиға нан чилап йемәк»бос қиялдау»,
са-
ман астидин су жүгәртмәк «қастандық жасау» және т.б.
Біздің ойымызша, (К2) коннотативтік семаның бойында ассоциативтік-
бейнелі қасиет бар. Қандай да бір сөз (К2) семасын өз бойындағы
семасиологиялық ресурстардан (қордан) алады. (К2) семасына сол сөздің өз
табиғатында болса ғана ие бола алады. Бұл қасиет сөздің тура номинативтік
белгісінің немесе денотацияның нәтижесі емес, бұл – сөздің, фразема-
лардың басқа лексикалық компоненттерімен синтагматикалық (жүйелік)
байланыстарының, қатынастарының нәтижесі. К2 – импликационалдың
арақатынасының фразеологизмдердегі сөздермен бірлестігінің нәтижесі.
Соңғы, үшінші дәрежелі коннотативті сема – (К3) сөз мағынасы бүтіндей
денотатпен байланысы жойылған сема. Мысалы:
қыбы, жегідей, араны,
апшы, аңыс, ыдын, шола, түйедей және т.б. сөздердің коннотациясы тек
фраземалар құрамында ғана түсінікті. Бұл сөздер тілде жеке қолданыл-
майды, тек фразеологиялық бірліктер құрамында ғана кездесіп, белгілі
мағынаға ие. Мысалы:
қыбын табу – «көңілін табу, тілін табу»;
жегідей
жеу – «өзін қоярға жер таппау, қанағатсыз»;
апшысын қуыру – 1. «берекесін
кетірді, қатты састырды», 2. «асып-састыру, тездеттіру»;
аңысын аңду –
«бір істің бет алысын, ыңғайын байқау»;
ындыны кебу – «қатты шөлдеу»;
түйедей құрдас – «бірдей құрдас, ұқсас құрдас, тең құрдас» және т.б.
(К3) дәрежесіндегі коннотативті семалар саны тілде өте аз кездеседі.
Себебі олардың құрамындағы түсініксіз семалар тек идиомалар компоненті
ретінде қолданылады. Оларды денотативті семалармен сөздердің тарихи
«тағдыры» ғана байланыстырады. Сөздер «тағдырын» этимологиялық тал-
дау барысында ғана аша аламыз.
Жоғарыдағы топтауда салғастырмалы лексикологияда, мәтіндерді бір
тілден екінші тілге аударғанда, жалпы аударматануда ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: