Авакова Р.А. Фразеосемантика
18
•
эквиваленттік әдіс түрлі типологиялық топтарға жататын тілдерді са-
лыстыру нәтижесінде жүзеге асады;
•
функционалды-коммуникативтік әдіс тілдердің фразеологиялық
жүйесінің квалитативті және квантативті ұқсастықтары мен социолинг-
вистикалық ерекшеліктеріне сүйенеді;
•
сипаттамалы лексикографиялық әдіс қостілді сөздіктерге талдау
негізінде жүзеге асады.
Кез келген тілдің фраземалары тілдік жүйеде қалыптасқан сөз тіркестері
моделдері негізінде жасалады. Фразеологизмдердің сөз тіркестеріне және сөз
тап тарына қатысын, фразеологиялық бірліктерге тақырыптық-семантика-
лық топтастырулар жасау, ол бірліктердің синонимдік қатарлар құрауы және
т.б. мәселелер құрылымдық-семантикалық әдіс негізінде талданған.
Бұл әдіс фразеология теориясында кең қанат жайған. ХХ ғасыр дың
сексенінші жылдарына дейін осы әдіс негізінде жазылған еңбектер саны
аз емес.
Қазіргі қазақ тіл білімі фразеологиясында аталмыш теория лардың ала-
тын орны ерекше. Ол әдістер негізінде қорғалған кандидаттық, докторлық
диссертациялар мен монографиялық еңбектер баршылық.
Фразеологиялық қордың қандай әдіс негізінде талдануына орай қазақ
тіл білімінің фразеология саласы түрлі бағыттар бойынша зерттелді:
1.
Фразеологизмдердің теориялық,
практикалық мәселелері
1
.
Фразеологиялық бірліктердің сөздік қордағы орны мен рөлі, олардың
күрделі сөздермен, синтаксистік тіркестермен, тұрақты тіркестермен
арақатынасы мен ерекшеліктері, номинативтік қасиеттері, сөздердің
фразеологиялық байлаулы мағыналары, лексикографиялық бір тілдік,
түсіндірме және қостілді деректерде берілуі мен аударылуы және т.б.
теориялық мәселелер қазіргі қазақ тілінде зерттелді.
2. Фразеологизмдердің
стильдік қызметі
2
.
Фразеологиялық бірліктердің әдеби тілдік стильдік тармақтарға бөлінуі,
1
Бұл мәселе туралы жазылған ірі ғылыми еңбектер ғана көрсетілді. Кенесбаев С.К. О
некоторых особенностях фразеологических единиц в казахском языке // Известия АН
КазССР, сер.филол. и искусств., вып.1-2. – Алма-Ата, 1954; Қазақ тілінің фразеологизмдері
туралы //Кенесбаев С.К. Исследования по казахскому языкознанию. – Алма-Ата, 1997. –
С.207-259; Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері.
– Алматы, 1998; Сәтенова С.К. Қазақ тіліндегі тағанды фразеологизмдердің тілдік
және поэтикалық табиғаты. – Алматы, 1999, Исабеков С. Принцип дополнительности в
номинативной системе языка. – Алматы, 1992; Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық
және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1998 және т.б.
2
Кенесбаев С.К. К
вопросу об экспрессивно-стилистических функциях фразеологизмов
(на материале казахского языка) // Развитие стилистических систем литературных языков
народов СССР. – Ашхабад, 1968. – С. 205-212. Кусимова Г. Фразеологизмы в казахском
эпосе. Автореф. Дис. ...канд. филол. наук. – Алматы, 1991; Боранбаев Г.С. ХV-ХVІІІ ғғ.
Қазақ поэзиясы тіліндегі фразеологизмдер. Филол.ғыл.кандидаты атағын алу үшін дайын.
Дисс. автореф. – Алматы, 1994; Дүйсетаева Ф.Н. Автореф. дис. ..канд. филол. наук. –
Алматы, 1977 және т.б.