шыбын үймелету, ит қорлық көрсету және т.б.;
•
жазалау, қинау: төбесін ою, жонына таспа тілу және т.б.
Аталған фраземалар мағынасын түсіну сол тілді меңгерген адам үшін
қиынға соқпайды. Себебі олардың семантикасында мәдени мағлұматтар
(информациялар) денотаттың параметрлерімен тығыз байланысты. Фра-
земалардағы мәдени информацияны бойына сіңіріп тұрған денотаттық
ұғым болып табылады. Алайда барлық фраземаларға аталмыш қасиет тән
емес. Олардың мағынасындағы мәдени мағлұматтардың бекуі басқаша
қасиетке ие.
Фраземалар бойындағы бейнелі-эмотивтік коннотацияның көрініс табу
ерекшелігі туралы В.А. Маслова, «сначала в мире возникает некая прото-
типная ситуация, т.е. ситуация, соответствующая «буквальному» значению
фразеологизма. За ней закрепляется содержание, которое затем переос-
мысливается, т.е. формируется образ фразеологической единицы на основе
первичные слова как бы оставляют в образе свое значение. Так возникает
внутреняя форма, в которой и содержится основная информация, связанная
с культурой», – деп тұжырымдайды [В.А. Маслова, 1997; 43 б.].
«Халықтық рух» (В. Гумбольдт бойынша) бейнесінің көрініс табуын Л.
Вейсгербердің (рухты тек бейнелі амалдар негізінде тануға болады» кон-
цепциясында жалғасын тапты. Л. Вейсгербер пікірінше, тілдік бірліктердегі
ішкі форма ерекше «аралық әлем» құрайды, осы «аралық әлем» бейнелер
мен символдардың барлық түсініктемесін жинақтау құралы бола алады.
Фраземалардың жасалуына ұйытқы боларлық бейнелер сұрыпталғанда
халық танымында жинақталып қалыптасқан ұлттық-мәдени стреотиптер
мен эталондар арасындағы байланыс көрініс табады. Осы жинақталған
информациялар (білімдер жиынтығы) коннотация негізінде жүзеге асыры-
латын ассоциативтік бейнелер мен мәдени бірліктер байланысы арқылы
көрініс табады.
Осы тұста тіл – мәдени мұра бола ала ма? Деген сұрақтың тууы мүмкін.
Тілдік кумулятивтік қызметін, яғни мағлұматтарды жинақтаушы және
сақтаушы функциясын жоққа шығаруға болмайды, солай бола тұрса да, тіл
мәдени мұраларды сақтаушы бола алмайды. Тіл – мәдениетті жеткізуші
механизм. Мәдени мұралар мәтін арқылы сақталып, ұрпаққа жеткізіледі.
Адамның рухани дүниесі, ішкі сырлары мен жан дүниесі тіл арқылы емес,
мәтін арқылы көрініс табады. Мәтін мәдениетпен тікелей байланысты, әр
алуан «мәдени кодтарды» жеткізуші, тарих, этнография, ұлттық психоло-
213
Фразеологиялық коннотация
213
гия, әдет-ғұрып, ұлттық мінез, және т.б. мәдениеттің көріністерін өз бойы-
на сақтаушы мәтін болып табылады.
Сондықтан да кез келген фразема – мәдени көздерді сақтаушы. Мәдени
коннотацияны бойына сіңірген барлық фразема – ұлттық мәдени қорды
сақтаушы, ұрпаққа жеткізуші кілт. Фраземалар семантикасында сақталған
культуремалар турасында В.Н. Телия былай дейді: «Фразеологизмы, об-
разные основания которых идут в глубины веков, образуют двойную связь
с культурой – сама их внешняя форма – это уже язык культуры …, с од-
ной стороны, а с другой – этот образ осознается и интерпретируется но-
сителями данного языка в соответствии с их культурной компетенцией»
[В.Н. Телия, 1996; 251 б.].
Мәдени коннотация терминін 1993 жылы алғаш рет В.Н. Телия «Фразео-
логизмдердің ұлттық-мәдени коннотациясы» /«Культурно-национальные
коннотации фразеологизмов»/ мақаласында ұсынған болатын. Ұлттық-
мәдени коннотацияның мазмұнын стреотиптерді ассоциативті-бейнелі
түрде қабылдаудың негізінде көрініс табатын халық менталитеті және
олардың бойындағы ұлттық-мәдени ұғымды аша алады. Фраземалардың
мазмұн өрісі мен олардың бойындағы мәдени коннотация білімдер
жиынтығын, қорын танымдық (когнитивтік) тұрғыдан игерудің қайнар көзі
болып табылады.
Сондықтан да фраземалар мәдени таңбалар «экспонаты» (В.Н. Телия)
бола алады. Тілдегі аномалиялық құбылыс болып саналатын фраземалардың
ғасыр қойнауында қалтқысыз сақталуы, оның ұрпақтан-ұрпаққа жету
себебін В.А. Маслова, «фразеологические единицы представляет собой
сгусток культурной информации, позволяют сказать многое, экономия язы-
ковые средства и в то же время добираясь до глубины народного духа, куль-
туры», – деп тұжырымдайды [В.А. Маслова, 1997; 47 б.].
Жалпы фразема бойында жинақталған ғасырлар жемісінің көрінісі –
ұлттық-мәдени коннотацияны зерттеуші ғалымдар терминдерді түрліше
түсіндіреді:
•
ұлттық-мәдени компонент (Е.М. Верещагин, В. Костомаров);
•
фондық білімдер жиынтығы (Ю.А. Сорокин);
•
бейнелі-фондық негіздері (Ә. Қайдар, С. Сәтенова);
•
культуремалар, мифологемалар (В.В. Воробьев, В.А. Маслова);
•
мәдени коннотация (В.Н. Телия).
Аталған терминдер ғылымдағы жүйесіздіктің немесе тұрақсыздықтың
көрінісі емес, керісінше, фразема теориясының, оның зерттеу мәселелері-
нің күрделілігі деп ұғынамыз. Зерттеу барасында терминдік аппараттар
қарастырылып отырған ғылыми аспектіге орай орынды қолданыс тапты.
Семалар құрылымын терең ашу компоненттік талдау негізінде жүзеге
асады. Компоненттік анализ тіл бірліктерінің барлық қабаттарын жүйелі
зерттеуге мүмкіндік береді.
Қазақ тіл білімінде М. Оразов, Р. Сыздықова, Б. Сағындықұлының
еңбектерінде, олардың стильдік ерекшеліктеріне талдау М. Серғалиевтің
Авакова Р.А. Фразеосемантика
214
зерттеулерінде, сөзжасам принциптеріне орай тілдік бірліктердің семан-
тикалық түп негізінде лингво-этимологиялық концепция арқылы тал-
данған А. Салқынбайдың ғылыми тұжырымдарын, газет лексикасының
тілін жүйелі құрылым ретінде қарастырған Б. Момынованың зерттеулері
мен жас ғалым Ғ. Хасановтың лексика жүйесіндегі семантикалық талдау
еңбектерін ерекше атап кетуге болады. Көрсетілген еңбектер қазақ тілі
ғылымының жаңа бағыттағы, жаңа концепцияларға жол ашатын семасио-
логия саласының қалыптасу үрдісін белгілей алады.
Фразеологиялық коннотация туралы тіл білімінде көзқарастар әр алуан.
Денотаттық мағына негізінде туындаған фраземалардағы коннотациялық
мағына оның бойындағы эмоционалды-экспрессивтік және бағалағыштық
семалармен тығыз байланысты. Фраземалардағы коннотативтік мағына
эмотивтік, ассоциативтік, бейнелі және стилистикалық семалардың
жиынтығы болып табылады.
Адамзат өзін қоршаған дүниені, өмірде болып жатқан құбылыстарды,
олардың әр алуан қасиеттерін сезім мүшелері арқылы қабылдап қана
қоймайды, аталмыш құбылыс туралы өз көзқарастарын білдіріп, оны
өзгертуге, өзіне ыңғайлап қайта жасауға әрекет етеді.
Дүниені тану тек сезім мүшелері арқылы оның көшіремесін қабылдау
ғана деп түсінбеу қажет. Сонымен қатар қабылданған, түйсінген мәлі-
меттерді адам ойының, санасының елегінен өткізіп, оған өзінше баға беру-
ге тырысады. Адам мұндай қасиетке ие болмаса, онда мәліметтің жиынтық
бейнесін жасап, өз қажетіне сай болмаған болар еді.
Қазақ тіліндегі фраземалар бейнелі, астарлы мағынада қолданылады.
Олардың қай-қайсысында да мәнерлеп, бейнелеп айту қызметі күшті.
Кейбір жеке сөздер тәрізді, фрезамалардың да эмоционалды-экспрессивтік
бояуы мол. Коннотация – лексикалық мағынаның негізгі компоненттерінің
бірі, коннотаттық компоненттің үш функционалды типі болады: сөздегі
заттың, құбылыстардың басқа қасиеттері туралы ақпаратынан туындаған
– сипаттамалы, объектінің бағасы туралы хабар негізінде пайда болған –
экспрессивті-бағалағыштық және коммуникативтік акт кезінде қалыптасқан
– нормативті компоненттер.
Фраземалардың қалыптасуына ұйытқы боларлық бейнелер сұрып-
талғанда халық танымында жинақталып, қалыптасқан ұлттық-мәдени
стреотиптер мен эталондар арасындағы байланыстар көрініс табады.
Сұрыпталып, жинақталған информациялар (білімдер) тілдік бірліктердің
ішкі семантикасынан шығатын коннотация арқылы жүзеге асырылып,
ассоциативтік бейнелер мен мәдени бірліктер байланысы арқылы көрінеді.
Фраземалар бойында жинақталған ғасырлар жемісі ұлттық-мәдени
коннотацияда көрініс тапқан. Мәдени коннотацияның мазмұнын стрео-
типтерді (оқиғаларды, мағлұматтарды) ассоциативті және бейнелі түрде
қабылдаудың негізінде қалыптасқан халық менталитеті мен олардың
бойындағы ұлттық-мәдени ұғымды аша алады.
|