Авакова Р.А. Фразеосемантика
20
және т.б. мағыналық-тақырыптар екшеленіп, олардың көп мағыналық,
омонимдік синонимдік, антонимдік, варианттылық қатарлары ерекше
фразео логиялық категория ретінде зерттелді.
5. Фразеологизмдердің жеке категориялары
1
.
Фразеологиялық бірліктердің белгілі бір сөз табына қатысын тіркестегі
сөздердің грамматикалық сипатына қарап танып білуге болатыны белгілі.
Фразеологизмдердің қай сөз табына қатыстығын анықтау үшін, негізгі сөз
бен жалпы тіркестен туындайтын мағынаны салыстыру арқылы бағалауға
болады. Бұл мәселе қазақ фразеологиясында жан-жақты зерттелген. ХХ
ғасырдың 50-жылдары фразеологизмдердің зерттелуі қазақ тіл білімінде
болсын, жалпы отандық лингвистикада болсын осы екі тұрғыдан зерттелді.
Сөз табының қатысына қарай фраземалар есімді, етістікті, сан есім, сын есім,
үстеу мағыналы деп сөз таптары топтастырылып, олардың морфологиялық,
синтаксистік және лексика-семантикалық ерек шеліктері талданылды.
6. Фразеологизмдердегі диалектілік ерекшеліктер
2
.
Фразеологизмдердің жергілікті ерекшеліктері мен олардың диа-
лектілерге қатысы жөнінде жеке еңбектер саны көп емес. Олар көбінесе
жалпы диалектологиялық зерттеулер мен жергілікті ерекшеліктерді
саралағанда солардың құрамында қарастырылады. Аз да болса кейінгі жыл-
дары Қ. Қалабаеваның зерттеу еңбектерінде, Қытай қазақтарының тіліндегі
тұрақты тіркестердің жергілікті ерекшеліктерін зерттеуші С. Мұстафаұлы
еңбектерінде көрініс тапқан.
7. Фразеологизмдердің этнолингвистика тұрғысынан зерттелуі
3
.
1
Достарыңызбен бөлісу: