27
Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
27
ге сөздің құдіреті жете ме? деген сұрақтар міндетті түрде туады. Әрине, сөз
фразема мағынасын толық дәрежеде бере алмайтынын мойындауға тура
келеді. Сөзбен алмасқан фразема ның мағыналық элементтерінің біршама
бөлігі сыртта қалып отырады. Мысалы, қазақ
тілінде ит пен
мысықтай болу,
орыс тілінде
как кошка с собакой фраземасын «өш, араз, қас»
деген сөзбен
алмастыра аламыз, бірақ тұрақты тіркес беріп тұрған информацияның
біршамасы тасада қалып қояды, бұл тіркестің мағынасы «жанжалдасу»
ғана емес, «бір-бірін жек көретіні соншалықты, олар әрқашан да бір-біріне
өш, араздасу үстінде» деген мағынада қолданылады.
Сонымен қатар лексика-грамматикалық тұрғыдан да сөз бен фра-
зема арасында толық эквивалент әрқашан бола бермейді. Мысалы:
соңғы сыңары зат есім болып келетін фраземаның барлығына да зат
есімнің грамматикалық категориясы тән емес:
ат үсті «үстіртін»,
көз
ұшында «алыста, қашықта»,
ақ қар, көк мұзда «суықта, қыста» және т.б.
фраземалардың негізгі сыңарлары зат есімнен бола тұрып, олардың тұтас
мағынасы үстеудің қызметінде қолданылып тұр.
Сондықтан да эквивалент теориясымен салыстырғанда сөз бен
фраземаның арақатынасы теориясының салмағы ауырлау деп ойлаймыз.
Арақатынастылық (соотносительность) дегеніміз – екі номинативтік бірлік
арасында айырмашылық. Бірақ бұл ерекшеліктер олардың арасындағы
ұқсас, қатар қасиеттер мен белгілерді ешқашан да жоққа шығара алмайды.
Себебі:
– біріншіден, фразема «құрылыс материалы», қаңқасы сөз бола
тұрса да, фразема құрамындағы сөздер мағынасы мен олардың тұтас
мағынасын салыстыруға келмейді, тұрақты тіркестің жеке компоненттері
өздерінің лексикалық мағынасынан айырылған, семантикалық жағынан
қайта құрылған, жаңадан жасалынып, десемантикалық жағынан қайта
құрылған, жаңадан жасалынып, десемантикаланған номинация болып та-
былады. Мысалы:
екі көзі төрт болу «зарыға күту»,
үріп ауызға салғандай
«сүйкімді, әдемі» және т.б.;
– екіншіден, фразема мағынасының көлемін сөзбен теңестіру мүмкін
емес;
– үшіншіден, сөздің лексикалық мағынасы мен фраземаның
фразеологиялық мағыналары арасында сәйкестік бар болғанымен де, олар
әр түрлі құрылымдарға ие.
Сөз құрылымы ең кішкентай тілдік элемент – морфемалардан тұрса,
фразема компоненттерінің шығу төркіні – сөздер. Сондықтан да сөз – тұтас,
бүтін тұлға, ал фразема – жеке дара тұлға болып табылады.
Акцентологиялық тұрғыдан қарастырсақ, сөз бір екпінді, ал фразема-
лар екі немесе одан көп екпінді болып келеді.
Арақатынастық, сәйкестік теориясы – фразема мен еркін сөз
тіркестерінің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды туындатуға
бағышталған.