33
Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
33
жаңадан қалыптасу кезеңінде жарыспалы қолданыстардың қатар жүруі
заңды құбылыс болып табылады.
Лингвоэпистема терминін лингвоелтанулық зерттеу еңбектерінде алғаш
рет Е.М. Верещагин мен В.Г. Костоморов енгізген болатын. Лингвоэписте-
ма – тілдік бірліктерде сақталған білімдер жинағы, яғни «знание несомое
словом как таковым – его скрытой внутренней формой, его индивидуаль-
ной историей, его собственными связями с культурой» [Е.М. Веращагин,
В.Г. Костоморов, 1999; 71 б.].
Лингвокультурема терминін алғаш ұсынған – В.В. Воробьев. Лингво-
культурема – лингвистикалық және экстралингвистикалық ұғымдардың
диалектикалық бірлігі болып табылатын кешенді деңгейаралық бірлік
[В.В.
Воробьев, 1997; 45-97 бб.].
Зерттеу барысында, көбінесе, лингвокультурема терминін қолданамыз.
Тіл мен мәдениеттің арақатынасы негізінде зерттелетін тілдік бірліктер
– культуремалар зерттеудің негізгі нысаны болып табылады. Аударма
саласындағы лингвистикалық мәдениеттанудың теориялық мәселелеріне
тоқтала келіп, профессор А. Алдашева былай дейді: «Лингвистикалық
мәдениеттану саласы – этнолингвистикамен де, лингвоелтанумен де
ортақтасатын ғылым; лингвомәдениеттану әрбір тілдік единицаның белгілі
бір халықтың төл элементі, халық тілімен жасасып келе жатқан өз сөзі;
өзгелерден ауыс-түйіс емес, өз меншігіндегі сөз, сөз тіркесі, афоризм,
мақал-мәтел екендігін дәлелдейтін белгі қайсы; ұлттық «бет-пішін» бар
деп есептелінген сөз ұлттық, элементтік, этикалық, саяси адамгершілік,
тұрмыстық нормаларынан қандай мәлімет жеткізе алады дегенді зерттеуге
назар аударады» [А. Алдашева, 1998; 122-123 бб.].
Мәдениет семантикасының күрделі кілті тілде жатыр. Ғасырлар
бойы бірнеше ұрпақты толғандырған аңыздар мен шежірелер, яғни миф-
тер тек мәдениеттің көрінісі ғана емес, ол адамзаттың мифологиялық
кезеңінің тілдегі (фразеологиялық бірліктерде) сақталуы, қазіргі тілдік
материалдардағы бейнесі.
Түркітану ғылымында шамандық белгілері көне түркілердің сенім де-
рінде, мифологиялық дүниесінде көп екендігін дәлелдейтін зерттеулер ХІХ
ғасырда жүргізілген. Европа ғалымдары тіл мен миф арасындағы тығыз бай-
ланысты көрсету, адамның әлеуметтік және мәдени өміріндегі құбылыс ре-
тінде байланыстар мен ерекшеліктерін анықтаумен ХІХ-ХХ ғғ. айналысты.
Тіл мен миф арасындағы байланыс туралы көзқарастар бір-біріне
қарама-қайшы пікірлермен жалғасып жатады. Мәселен, атақты ғалым
Ф. Шеллинг тілді қатып қалған, солған мифтің бейнесі десе, М. Мюллер
тілдің біріншілігін, мифтің тілге қарағанда екіншілігін дәлелдейді. Ал
Э. Кассирер тіл мен мифті қатар қойып, олар бір-бірінен ажыратуға
келмейтін символдық формалар, сондықтан да олар әрқашан бір-бірін
толықтырады деген пікірді айтады [А.М. Лобок, 1997; 159-164 бб.].