Авакова Р.А. Фразеосемантика
36
ертегілерінен бастап, ауыз әдебиетінде, эпостық және лирикалық жырлар-
да, толғаулар мен дастандарда, көркем әдеби шығармаларда және т.б. жанр-
ларда көрініс тапқан. Мысалы:
Шаруа
жиып кенеліп,
Бала сүйіп
мал жиып,
Кесесіне
бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?;
Оның екі қатыны болыпты, олар бала таппапты. Қорасы толған мал
екен, бір перзентке зар екен (халық ертегісінен);
Не бетімді айтайын,
Ақбала шошып бала тастай жаздапты… – деп көршілердің бәріне суық
хабар таратып жіберді (Ә. Нұрпейісов) және т.б.
Сонымен қатар тілдегі
бала тапты / сүйді / туды / босанды; бала ба-
сты болды, бала көтереді, екіқабат болды, жүкті болды және т.б. фра-
земалар нәрестенің дүниеге келуіне байланысты пайда болған тіркестер.
Осыған орай жақсы тілектер де тілде сақталған:
Бауы берік болсын!, Жасы
ұзақ болсын!, Ұзағынан берсін! және т.б.
Адамның дүниеге келуіне байланысты көптеген салт-дәстүрлер
сақталған және олардың тілдегі көрінісінің дәлелі де жоқ емес.
Бесікке салу – түркі халықтары балаларын ағаш бесікке салып
өсірген. Бесікке салар кезде «Бесік жырын» айтқан. Ол жыр әдетте бы-
лай басталды:
Әлди,
әлди ақ бөпем,
Ақ
бесікке жат бөпем, …
Сөзіңді
жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?…
және т.б.
Бәрімізге белгілі қазақ халқында жастайынан балаларын атастырып,
бесік құда болысқан. Бұл – ата-анасының қызы жақсы жерге тұрмыс
құрсын, ұлы текті жерден қыз алсын деген жақсы ақ пейілі мен арманы-
нан келіп туған дәстүр. Мысалы: Қайнағаның үйіне келген жігіт сол үйдегі
бикештің
бесік керті күйеуі екен (Т. Ахтанов); Бұл жастардың ата-ана-
лары балаларын
бесікте жатқан кезінде-ақ атастырып, құда болысқан
(Ғ. Мұстафин) және т.б.
Нәрестемен байланысты туған, негізгі уәжі бала сүю болып табы-
латын дәстүрдің бірі –
құрсақ шашу. Көптеген бала көтермеген әйел
екіқабат болғанда жасалатын ырым. Аяғы ауыр әйел ұялмасын, тіл-
көзден сақтасын деген оймен, перзентті болатынын ашып айтпай,
күмәнді, аяғы ауыр, ішінде көжегі бар деген сөздерді қолданған. Құрсақ
шашуға келгенде әйелдің жерігін қандыруға, жеймін дегенін тауып бе-
руге тырысқан. Себебі жерігі қанбаған әйел басы айналып, ауыра береді
37
Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
37
деген. Мұндайда
ит жерік деп атаған,
жерік асын жегендей қуанды
тіркесі осының дәлелі.
Жаңа туған баланы қырқынан шығару, шала туған баланы тымаққа
салу, жоғарыдағы тұсаукесер, шілдехана тойы және т.б. дәстүрлер халық
санасында сақталып қана қоймаған, аталмыш мағлұматтардың тілдегі
көрінісінде сақталған. Әдет-ғұрып, салт-сана негізінде халық мәдениетін,
рухани байлығын, менталитетін көрсек, бұл біржақтылық қана болған еді.
Себебі мәдениет көздері тіл арқылы сақталып, көбінесе тіл арқылы көрініс
табады.
Мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа тілсіз жетуі мүмкін емес. Линг-
вис ти калық мәдениеттану ғылымының көрнекті ғалымдарының бірі
В.В. Во робьев, тіл, ұлт (өкілі) және мәдениет үштігінің бірлігін айта келіп,
«… язык есть важнейшее средство не только общения и выражения мыс-
ли, но и аккумуляции знаний культуры. Будучи сложной системой, язык
может быть средством передачи, хранения, использования информации»,
– деп түйіндейді [В.В. Воробьев, 1997; 45 б.]. Ұлттық мәдениеттің кілтін
кез келген халық өкілі шеше алмайды, ол үшін сол тілде сөйлеп, сол тілде
ойлап, сол халықтың топырағында аунап, суын ішіп, ауасымен демалу ке-
рек. Себебі мәдениет кодты ашудың кілті сол атрибуттармен тікелей бай-
ланысты.
Тіл халықтың рухани байлығының ең қажеттілерін – мифология-
сын өз бойына жинайды. Осындай тіл фактілеріне талдау жасау мәдени
тамырларымызға үңіле түсуге, оның құпия сырларын түсінуге септігін
тигізеді. Фразеологизмдерді мифтік танымға, әдет-ғұрыпқа, салт-санаға
әкеп жүктеу, оларды бір бірімен байланысты дүние ретінде қарастыруға,
оларды мәдениеттің құрамдас бір бөлігі, ұлттық тілдегі бейнесі деп тануға
жол ашса, екінші жағынан, ғылымдар сабақтастығын (тіл, мәдениет, тарих,
фольклор, этнология, әдебиет және т.б.) жан-жақты теориялық тұрғыдан
аша түсуге мүмкіндік береді.
Аталмыш мәселе бойынша теориялық еңбектер авторы В.А. Маслова
фразеологиялық мифологемаларға тілдік талдау жасай келіп, «…человек
только тогда становится человеком, когда он с детства усваивает язык и
вместе с ним культуру своего народа. Все тонкости народа отражают в
его языке, который специфичен и уникален, так как по-разному фикси-
рует в себе мир и человека в нем», – деген пікір айтады [В.А. Маслова,
1999; 5 б.]. Адамзатқа тиісті мағлұматтың көбі тіл арқылы беріліп, тіл
арқылы түсіндіріледі, адамның қоғамдағы орны, белсенділігі, жетістігі
тілді қаншалықты дәрежеде меңгергенімен, сөз құдіретін қалай бағалай
алғанымен тікелей байланысты.
Тіл құпиясы адамзат құпиясымен байланысты болғандықтан, олардың
сырын ашу, ғасырлар қойнауларындағы жұмбақтар сырын ашуға жол аша-
ды. Тіл – мифтердің сақталуының негізгі қайнар көзі болғандықтан, осы
Авакова Р.А. Фразеосемантика
38
деректер тілдің бейнелі тіркестері, халық мәдениеті мен менталитетінің
қайнар бұлағы болып табылатын аңыздар мен дәстүрлер уәждерін фразео-
логиздермен байланысын талдау зерттеудің өзекті жағы болып табылмақ.
Достарыңызбен бөлісу: