Авакова Р.А. Фразеосемантика
42
Секең-секең жорытқан, көрінгеннен қорыққан (жұмбақ).
Қоянды
қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді (мақал).
2. Қоянның жылдамдығына төмендегі мысалдарды келтіруге болады:
Екі қоянды бір таяқпен ұрып алу // бір оқпен екі қоянды ату.
Асықпаған арбамен қоянды қуып жетер (мақал).
Жылқыны басына қыстырып,
Есікті
құлағына қыстырып
Қасқырды ат қылып мініп,
«Айт!»
дегенде тұра қашқан
Ол не?
(жұмбақ).
Қоян туралы тіл-тілде кездесетін мысалдар санын одан ары жалғастыра
беруге болады:
Бетегесі шоңқайған қояндай; Қоянның жымындай жол;
Тазы қуған қояндай; Сен тимесең мен тимеймін бадырақ көз; Бір жылға
қоян терісі де шыдаған және т.б.
Тілде қалыптасқан материалдар көрсетіп тұрғандай,
қоян семасы-
мен жағымсыз (қорқақ, ұсқынсыз, шыдамсыз) ассоциация халық дүние-
танымында көбірек сақталған. Ал орыс тілінде
қоян (заяц), бір жағынан,
рухтар әлемімен, жағымсыз күшпен байланысты, сондықтан да оның атын
атамай табу түрінде
косой (қыли) деп те атаған. Екінші жағынан,
қоян
ұғымы күн, жарық символымен тікелей байланысты. Мысалы,
солнечный
Достарыңызбен бөлісу: