43
Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
43
Белгілі жазушы Д. Әшімханұлының «Ит жылы» әңгімесінен мы-
сал келтірейік: ... Тек соны
итке ғана бітер төзіммен, бүгілмейтін
итжандылықпен күту керек. Ол жақсылық баяғыдай
ит арқасы қиянда
емес, дәл қасымызда, иек астымызда тұрғандай. Олай дейтінім: бар тама-
ша, бар қазына Қазақстанда деп,
ит өлген жерден мұнда ағылып жатқан
бөгде-бөтен аз ба қазір. Мен білсем, олардың тұмсығы
иттен иісшіл.
Естеріңізде болар, ертеде солар
ит жегіп, ит қорлығын көріп Итжеккен
мен Аляскаға да жеттім емес пе? Ақыры сонда
ителмен, инк, «индейс» де-
ген халықтарды атажұртынан
иттей қылып қуып, өздері қап-қара алтынды
итшаналарына тиеп, алыстағы еліне тасыды емес пе? Сөйтіп, жердің арғы
бетіндегі
ит тұмсығы өтпес ормандар мен
ит іздесе таппас иен мекенде
итарқа қостарын тігіп, ит жүгіртіп, құс салып жүрген бейбіт халықтың
итін шығарып, итжем етті емес пе? (Алтын Орда, 2001, 6 б.).
Профессор М.М. Копыленко пікірінше, итпен келген мақал-мәтелдер
мен фразеологизмдерде пейоративтік (жағымсыз) баға басымырақ,
мәселен, Ө. Тұрманжановтың құрастыруымен жарық көрген мақал-
мәтелдер жинағында – 859, М. Ақкозинада – 30, І. Кеңесбаевта жағымсыз
мағынаның 429 рет кездесетініне баса көңіл бөліп, бұл мағынаның мелио-
ратив (яғни жағымды) мағынамен салыстырғанда санының едеуір басым
екенін айтады [М.М. Копыленко, 1995; 36 б.].
Әлем тілдер халықтарында ит компонентімен келетін мақал-мәтелдердің
мағынасы бір-бірімен жақын келеді.
Сөз байлығын ғылыми тұрғыдан зерттегенде, халық санасында, салт-
дәстүрлерінде, ауыз әдебиетінде сақталған информацияның барлығы
сабақтастық жүйемен игерілуі қажет. Тек сонда ғана халықтың болмыс
тіршілігінің, мәдениетінің құпия сырлары толық, жан-жақты ашылады.
Ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын фразеологизмдердің орны –
әлемнің тілдік бейнесін жасауда ерекше. Оны танымдық тұрғыдан талдау
– адамзат өркениетіндегі ұлттық мәдениеттің табиғатын ашуға мүмкіндік
береді.
Қорыта келгенде, дербес мағыналы лексикалық бірлік болып табыла-
тын фразеологизмдер – тіл байлығы ғана емес, халықтың рухани қазынасы,
«тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» тарихтың куәсі.
Кез келген тілдің элементтері бір-бірімен тығыз байланыста, өзара
қатынаста болып, тұтас жүйе құрайды. Фонема, морфема, сөз және
сөйлемнің иерархиялық қатынастарымен тең дәрежеде қарастырылатын
еркін тіркестер мен тұрақты тіркестерді (фразеологизмдер) ерекше тілдік
бірлік деп қарастыруға болады. Бұл тіркестерді тілдің лексикалық және
синтаксистік жүйелерінің арасында ерекше деңгейаралық жүйе ретінде
қарастыруға болады. Фраземалардың сөздерден де, сөз тіркестерінен де
өзіндік айырмашылықтары бар: оны сөзбен жақындастыратын белгісі –
еркін тіркестерден ажырататын, ал сөзден ажырататын ерекшелігі еркін
тіркеспен жақындастыратын белгісі болып табылады.