Авакова Р.А. Фразеосемантика
52
семалардың да қызметі ерекше. Грамматикалық семалар заттар арасындағы
қатынастарды тізбектей отырып, коммуникативтік акті иелеріне түсінікті
болатындай фразеологиялық мағыналардың бағыттары мен сипаттарын
адам санасындағы денотативті ситуациялар арқылы білдіреді.
Жалпы алғанда, кейбір ғылыми көзқарастар мен теорияларға жоғарыда
тоқталып кеттік, ішкі форма туралы бірізді дәлелденген ілім қалыптаса
қойған жоқ:
•
фраземалардың ішкі формасы оларды жасаушы сөздердің бейнелілігі
негізінде пайда болды (В.П. Жуков, А.М. Бабкин, Г.П. Помигуев және т.б.);
•
ішкі форма дегеніміз – фраземалардың семантикалық уәжделуі
(В.В.
Виноградов, Л.И. Ройзенсон, А.М. Мелерович және т.б.);
•
уәжденудің негізін конннотациядан іздеу қажет (В.Н. Телия);
•
фраземалардың ішкі формасы дегеніміз – олардың этимологиялық
мазмұны (В.М. Мокиенко, А.В. Кунин, М.И. Сидоренко және т.б.);
•
фраземалардың ішкі формасы нақты ойлау (А.И. Федоров) немесе
бейнелі ойлаумен (Р.Н. Попов)
байланысты;
•
ішкі форма таңбаланушы ситуацияның «логика-семантикалық»
аспектісіне байланысты (Н.Н. Кириллова) және т.б. көптеген бір-бірін
толықтыратын немесе бір-біріне қарама-қарсы пікірлер бар.
Зерттеушілер көзқарастарының басым көпшілігі фраземалар-дың ішкі
формасын фразеологиялық мағынадан тыс психологиялық категория ретінде
қарастырылады. Әрине, бұл тұжырым дұрыс, бірақ біржақты көзқарас бо-
лып табылады. Фраземалардың ішкі формасы – тілдің объективтілігінің
психикалық жақтарының шындығын бейнелейтін күрделі ойлау үрдісінің
нәтижесі.
Сондықтан да екіншілік мағына нәтижесі болып табылатын фразе-
малардың ішкі форма табиғатын ашу үшін фразема-жасамға қатысушы
лексикалық және грамматикалық компоненттеріне ономасиологикалық
және семасиологиялық тұрғыдан талдау қажет деп ойлаймыз.
Фраземалардың ішкі формадағы ономасеологиялық тұжырымы өз ба-
стамасын психологиялық тұрғыдан қарастырған потебнялық концепция-
дан алады. Бұл концепция бойынша фразеологиялық номинацияның көзі
болып табылатын фраземалардың ішкі формасының психологиялық негізі
– қандай да бір заттың қасиеті туралы көзқарас немесе бейне. А.А. По-
тебня ішкі форма «создает непременную стихию словесных образованию»
[А.А. Потебня, 1976; 19 б.] дей келіп, олардың фразема-жасамдық мүм-
кіншілігін айтады. Мысалы:
басын қоярға жер таппау «әбден қиналу,
пана болар жай таппау, не істерін білмей, әуреге түсу»,
көңілі желдей
Достарыңызбен бөлісу: