есе «шаттанып, масаттанды, масайрады», үріп ауызға салғандай «аса
әдемі, сүп-сүйкімді» және т.б. Тілдік фактілерді талдаулар көрсетіп
тұрғандай, мағыналары белгілі, қалыптасқан фраземалардың ішкі форма-
сы фразеологиялық бейнелердің символы ретінде гносеологиялық қызмет
атқарып тұр.
53
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
53
Ішкі форма жанама номинативтік деривацияның себепшісі және негізгі
көзі ретінде, фразеологиялық мағынаның жасалуын және оның сөйлеуде
жүзеге асуын тәртіпке салушы негізгі фактор болып табылады. Бірақ ішкі
форма фраземалар семантикасының басқа конструктивті элементтерінің
жүйесін-дегі орны ғалымдар арасында әлі де айтыс туғызуда. Ай-
тыс туғызушы негізгі мәселе: ішкі форма фразеологиялық мағынаның
синхрондық компоненті ме, әлде оның тарихи-генетикалық себепшісі бо-
лып табылатын экстралингвистикалық фактор ма?
Ономасиологиялық аспектіні жақтаушы ғалымдар В.В. Виноградов
пен Б.А. Ларин пікіріне сүйеніп, фраземалардың ішкі формасы кезінде
пайда болуына объективтік шындық себепші болған, өз заманының өзекті
құбылыстары мен қасиеттері жалпылама бейнелі тұжырымдар жасауға
жол ашқан, қазіргі тұрғыдан халық санасында бейнелі тіркестер ретінде
қабылданды дей келе, фраземалардың ішкі формасы олардың генетикалық
бейнесімен қатар қойылатыны байқалады. Бұл тұжырым, «... под внутрен-
ней формой мы понимаем словесной образ, который положен в основу
наименования той или иной фраземы» – деп ой түйіндеген В.П. Жуков
еңбектерінде жалғасын табады [В.П. Жуков, 1978; 19 б.]. Фразеологиялық
бейнелілік теориясы да осы тұжырым негізінен келіп туындайды. Фра-
зеологиялық мағынаның бейнелілігін (образдылығын) фраземалардың
ішкі образын (формасын) ашумен байланыстырады.
Фраземалардың ішкі формасы оның генетикалық бейнесінің нәтижесі
ғана болуы мүмкін емес. Себебі генетикалық бейнедегі фраземаның ішкі
формасы көп қырлы бейнелердің біреуі ғана бола алады. Фраземаның ішкі
формасын анықтауда А.А. Потебня пікіріне сүйенсек, ішкі форма ойлау
мазмұнының санаға қатысын білдіреді. «Ішкі форма дегеніміз – заттың
бейнесі емес, бейненің бейнесі» [А.А. Потебня, 1976; 147 б.].
Тұжырымдай келсек, ішкі форма мен фразеологиялық бейне гиперо-
гипонимдік қатынасты білдіреді. Фраземалардың ішкі формасы
бейнеліліктің өзегі, орталығы, оның басқа қасиеттерінен ерекше тұратын
белгісі [А.А. Потебня, 1976; 146 б.]. Барлық фраземаларға бейнелілік
тән емес екенін ескерсек, ішкі формада бейнелілік теориясының ақсап
тұрғанын көреміз.
Айта кететін тағы бір мәселе, фразеологиялық мағыналардағы ішкі
форма жойылуын, олардағы бейнеліліктің жоғалуынан іздеу әрқашан
дәлелді бола бермейді. Мұндай жағдайда фразеологиялық мағыналардағы
бейнелілікті «бейнені екіжақты көрумен» түсіндіруге болады, яғни
еркін синтаксистік тұлғаның біріншілік денотативтік ситуациядағы
тура номинативтік мағынасындағы көрінісі мен екіншілік денотативтік
ситуацияның жалпылық – ауыс мағынасының сипаттауымен анықталады.
Мәселен, шошқа тағалау фраземасында бейнелелік жоқ деп айта алмай-
мыз, бірақ оның ішкі формасы тілде жойылған. Бұл фраземадағы бейнелелік
оның тура синтаксистік конструкциядағы тура мағынасымен салыстыру,
Авакова Р.А. Фразеосемантика
54
ойша елестету мен оның беретін «түк бітірмеу, не болса сонымен, адам миы-
на қонбайтын жұмыспен шұғылдану» деген фразеологиялық мағынасының
негізінде қалыптасқан. Қазақ халқы шошқа өсірумен айналыспаған, оның
еті ислам шариғаты бойынша арам болып есептеледі, сондықтан да мал
есебінде жоқ шошқаны тағалау тіпті мүмкін емес шаруа болып табылады.
Бірақ фраземажасам компоненттерінің мағынасы фразеоло-гиялық
семантиканың тура мотивациясы бола алмайды, себебі фразема мен оның
деривациялық негізінің арасында, яғни ішкі форма арасындағы байланыс
жоқ.
Ішкі форманы анықтауда фраземалардың пайда болуының тарихи-
мәдени нышандары ерекше орын алады. Мысалы: Абылай аспас асу
«тым қиын, ауыр жол», есекқырғанды Шолпан деп «беймезгіл у да шу,
дүркірей жөнелу», Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы
«көне дәстүр жиынтығы» және т.б. Сонымен қатар ішкі форманы тал-
дауда тілдің семантикалық жүйесіндегі өзгерістер, оларды зерттеудегі
эволюциялы-трансформациялық үрдістердің ішкі байланыстары ескеріліп
жасалуы керек. Осы айтылған талаптар фраземаның ішкі формасының
семасиологиялық концепциясында жалғасын таба алады.
Тілдік бірліктердің ішкі формасында семасиологиялық талдауды
шығармашылық өмірінің екінші жартысында А.А. Потебня салып кет-
кен. Ғалым номинация нысанындағы тілдік және тілдік емес бірліктерді
айыра білу керек, оның біріншісін – «жақын», екіншісін – «дамытушы
мағына» деп анықтаған [А.А. Потебня, 1976; 20 б.]. А.А. Потебня бойын-
ша, «жақын мағына» ақиқат-шындықты бейнелейтін, олардың адам сана-
сында түсініктер мен бейнелер арқылы таңбалануын реттейтін «дамыту-
шы мағынаның» энциклопедиялық (тілден тыс) білімдерінің жиынтығы
болып табылады. «Дамытушы мағынаның» таңбалық белгісі болып та-
былатын «жақын мағына» ойлау үрдісін жеңілдетеді, оны керексіз, артық
нәрселерден (детальдардан) тазартады, яғни бұрынғы туындаушы және
жаңа туындаған фразема мағыналарының арасын байланыстырушы форма
қызметін атқарады. Мысалы: басы бәлеге / қатерге / душар болу / түсу /
«жамандық іске кез болды»; көкке көтерілу / ұшу/ «жоғары шарықтады»,
2) «елге даңқы жайылды»; шәу болу /тарту/ 1) «байлыққа, молшылыққа ие
болды», 2) «семірді» және т.б.
А.А. Потебня ашқан тілдік семантика элементін («жақын мағынаны»)
шартты, формальды деп атаған, себебі ол басқа (бөтен) мағына формасы
болып табылады [А.А. Потебня, 1976; 22 б.]. Нақтырақ айтсақ, «жақын
мағына» – ішкі форманың кейінгі, дамытушы мағынасын сипаттауға
негізделген тілдік көріністің интеллектуалды-эмоционалдық мазмұнының
тәсілі.
Фраземалардың ішкі формасының фразеологиялық номинациясының
идиоэтикалық негізі болып саналатын, олардың семантикалық құры-
лымының синхрондық компоненті ретінде қарастырамыз, яғни ақиқат-
|