Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет43/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

3-
су
ре
т.
 Қазақ
 тіліндегі
 төрт
 түлік
 малға
 байланысты
 туған
 ұғ
ымдар
 мен
 
фразе
ологизмдер
 
Айғыр
 к
іс
ін
ес
ке
нш
е 
 
Ат
 шапты
рым
 жер
 
 
Бес
 б
ие
ні
ң 
са
ба
сындай
  
 
Сілкініп
 жаб
ағы
 тай
 б
ес
ті
 
ат
 болар
 
 
Құлындағы
 сақ
ау

құнан
-
дағы
 т
іс
те
уі
н 
айт
у 
 
Дөнен
 қымыз
 
 
Жа
ба
ғы
 құсып
, жүн
 жиді
  
 
Тай
 құлындай
 те
бі
сі
п 
 
Қ
ұл
ы
н 
мү
сі
н 
 
 
Сиыр
 сәск
е 
 
 
Аузын
 буған
 өгіздей
 
 
 
Қ
ұл
ақ
қа
 ұрғ
ан
 танад
ай
 
 
 
Сиырдың
 
бү
йр
ег
ін
де
й 
быт
ы
рады
 
 
Сиырдай
 мүйі
здесті
 
 
Әңгіме
 бұзау
 е
мі
зе
р
 
 
Нар
 бурадай
 ш
абы
нды
 
 
 
Нарға
 жү
гін
 с
ал
ғы
сы
з
 
 
Ат
ан
 жі
лік
, а
рқа
р 
мүйіз
 
 
Түйе
 үстінен
 си
рақ
 үйіту
 
 
Көкше
 б
ер
ге
н 
тайлағ
ың
-
ды
 қайтып
 ал
 
 
Ботадай
 боздау
 
 
Қойдан
 да
 жуа
с
 
 
Қошқар
 тұмс
ық
 
 
Тоқты
 қы
сыр
 қалмайтын
 
жер
 
 
 
Қозыдай
 ж
ам
ы
ра
п 
 
 
Ег
із
 қозыд
ай
 
 
 
Қозыдай
 көген
деді
 
 
 
Қ
ойдай
 ө
рг
із
іп
 
Жылқы
 
Қамб
ар
 
ата
 
Түйе
 
Ойсыл
 
қара
 
Сиыр
 
Зеңгі
 
баба
 
Қой
/ешкі
 
Шопан
 ата
/  
Ше
кше
к 
ата
 
Төрт
 тү
лік
 м
ал
 
3-с
уре
т
. Қазақ тіліндегі төр
т түлік м
алға байланысты т
уған ұғымдар мен фразео
логиз
мдер


Авакова Р.А. Фразеосемантика
78
Адамның өмірі басқа жан-жануарлар, жәндіктермен де
 
тығыз байланы-
сты болғандықтан, ит-құсқа, басқа да ұсақ жәндік атаулы тіршілік иелеріне 
қатысты фраземалар бар.
Ит  –  жеті  қазынаның  бірі  саналатыны  белгілі.  Түркі  тілдерінің 
көпшілігінде,  соның  ішінде  қазақ  тіліндегі  ит-құс  –  қасқыр  және  бөрі 
сөздерінің орнына қолданылған табу. Түркі тілдеріндегі табу және эвфе-
мизм мәселелерін зерттеуші ғалым, профессор Ә. Ахметов ит-құстың ішкі 
формасы, уәжі туралы былай дейді: «Қазақ балаларына қасқырдың атын 
атауға  болмайды,  қасқыр  малға  шабады деп  сендірген.  Өйткені  олардың 
астарында  дәстүрлі  наным-сенімдерден  туындайтын  атын  атаса  ит-құс 
малға  шабады  немесе  адамға  қастандық  істейді  деген  этнографиялық 
ұғымдар  жатыр.  Ит-құс  атауымен  бірге  қара  құлақ,  ұлыма,  серек  құлақ, 
теріс езу секілді жанама атаулардың бәрі сөз магиясына деген нанымның 
салдарынан туған эвфемизмдер» [Ә. Ахметов, 1995; 132 б.].
Қазақ  тілін  басқа  түркі  тілі  материалдарымен  салыстыра  зерттеу 
нәтижесінде ит-құс сөзінің этимологиясы айқындала түседі. Қазіргі кез-
де  тілде  қос  сөзге  айналып  кеткен  қасқыр  деген  бір  ұғымды  білдіретін 
ит-құс о баста бөрі және бүркіт деген табу сөздің орнына қолданылған 
ит  және  құс  деген  дара  эвфемизмдер  екеніне  көз  жеткізуге  болады.  Бұл 
мәселе жөнінде түркі тілдеріндегі киноморфизмдерді этнолингвистикалық 
тұрғыдан зерттеп жүрген жас ғалым С. Бектемірованың еңбектерінде жан-
жақты талданған.
Қазіргі қазақ тілінде балағаттау, ұрысу сөздерін тура айтпай, эвфемистік 
түрдегі фраземаларды қолдана аламыз: ит терісін басына қаптау, аузынан 
ақ ит кіріп, көк ит шығу, иттің етінен жек көру, аш иттің артын сұқ ит 
жалайды және т.б.
Қазақ  халқының  дүниетанымында  киелі  саналатын  құстар  да  болған. 
Солардың  бірі  –  қарға.  Ескі  жылнамаларда  жазылған  аңыздар  бойынша 
көне түркілердің Ашина тайпасын жау шауып, жаппай қырып кетеді. Сон-
да жалғыз бала аман қалады. Баланы қасқыр емізіп, аспан әлемінің елшісі – 
қарға әкеліп асыраған. Осы баладан түркілердің ұрпағы тараған екен деседі 
[Қ.Сартқожаұлы,  1984;  19  б.].  Сондықтан  көк  бөрі  түркілердің  символы 
ретінде соның ұрпағы саналса, қазақта «қарға тамырлы» деген тіркестің 
төркіні осыдан болар.
«Қаны бір қазақпыз» деп бүкіл үш рудың азаматын, «түбі бір түркіміз» 
деп қырғызды, башқұртты, ұйғырды да, «өзбек – өз ағам» деп оларды да 
бауырына тартқан. Қазақ халқы кімде де, қай ұлтты да сыртқа теппеген, 
қайта жақын тартып жанаса жүрген. Өз қандасын «қанына тартпағанның 
қары сынсын» деп барын ортаға салып, туысқандықтың туын, ел намысын 
жоғары ұстай білген.
Қазақ халықында қарғаны киелі құс санағаны жөнінде деректер аз емес. 
Біздің де қолымызға қарға тышар, қарға тамырлы қазақ, қарғам-ау де-
ген сөз қарағым, қалқам мағынасында қолданылуы, «қарғам, қарашығым, 


79
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
79
қарғатайым» деп қарттар немере-шөберелерін еркелеткені, қанша балаң 
бар  деп  сұрағанда,  әдетте  бірнеше  қарғам  бар  деп  жауап  қайтарғаны 
осы  қарға  ұғымындағы  киелілік  сенімінен  қалған  болуы  керек.  Якут 
шамандарының ең қуатты пірі де қарға болған.
Қазақ  тілінде  адамға  қатысты  қолданылатын  зооморфизмдердің 
коннотативтік мағынасында халықтың мәдени-тарихи тәжірибесімен бай-
ланысты туған бірқатар фраземалардың бар екені жинақталған деректерден 
көзіміз жетті. Мысалы: арадай талау «барлығына бірдей тұс-тұстан жа-
былып жеп жібере жаздады», аузын бақадай ашу «қатты қорқыту, зәресін 
ұшыру», ала жылан аш бақа «ел ішіне іріткі салушы», бақа қыбыр «жай, 
баяу қозғалыс», сең соққан балықтай «есеңгіреп, сандалып қалу», балық 
бақты (диалект.) «балық шаруашылығын кәсіп етті», жапалақ ұшпас жапан 
«айдала, мидай дала», жылан жалағандай «еш нәрсе жоқ, түк қалдырмай, 
тым-типыл қылған», жылан жүріс «ізін білдірмейтін, зымиян әрекет иесі», 
жылан  қарағы  жоқ  «арық  қатықсыз  кеспе»,  кенедей  қадалу  «жабысы 
кету», кірпідей жиырылу «жақтырмау, тымсырыну», қарға тамырлы «іліс-
шатысты,  туысқандық  қарым-қатынасты»,  қарға  адым  жер  «өте  жақын 
қашықтық», дүние қоңыз «дүниеқор, пасық, малқор», құмырсқадай қайнау 
«толып кету, өріп кету, қаптау», құлақ құртын жеу «ешкімге тыныштық 
бермеу», мысық тілеу «арамдық, жамандық ойлау», сіркесі су көтермеу 
«ештеңені  көңілі  жақтырмау»,  тасбақа  жүріс  «тым  баяу  қимылдау», 
тасбақаның аузынан шөп алу «өте айлалы, тапқыр, жолы болғыш», түлкі 
бұлаңға салу «жалтартпа қулыққа салу», түлкі құйрықтандыру «алдау», 
тышқан мұрнын қанатпау «мал соймады, өте сараң», шыбын жан «өмір, 
тіршілік»,  шыбын  шаққан  құрлы  көрмеу  «менсінбеу»,  көзіне  көк  шыбын 
үймелету «азаптау, қинау» т.б.
Қорыта  келгенде,  зооморфтық  атаулардың  қатысымен  жасалған 
фраземалардың  тілімізде  көп  ұшырасатынына  көзіміз  жеткенмен,  ары 
қарай  танымдық,  тілдік  тұрғыдан  талдауды  болашақтағы  жұмыстардың 
үлесіне қалдырдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет