§ 6. Діни және мифологиялық фраземалар
Діни және мифологиялық фраземалар – ерте кездегі халықтың әдет-
ғұрпына, салт-санасына, көне дәуірдің наным-сенімдерінде пайда болған,
тілді жасаушы халықтың белгілі дәуірдегі ой-санасының, жан-дүниесінің
Авакова Р.А. Фразеосемантика
82
көрінісі болып табылатын эмоционалдық және экспрессивтік мәнге ие тілдік
қордың құрамдас бөлігі. Халықтың дүниетанымын, көңіл-күйін, алғысы
мен қарғысын, көз жасы мен қорқынышын, қуанышы мен ренішін, тілегі
мен батасын бойына сіңірген, өзіндік ұзақ тарихы бар, қазіргі заманға дейін
тілде сақталған тұрақты тіркестер әдеби тілдің актив қолданысындағы та-
рихи материалы болып табылады.
Ежелгі дәуір адамдары әр заттың, нәрсенің не жақсы, не жаман иесі бар
деп түсінген. Сондықтан жақсы жақтағыларды құдай, періште, пайғамбар,
әулие деп атап, жаман жақтағыларды шайтан, албасты, пері (мұның да екі
түрі бар) деп сенген. Алғашқы қоғамдағы адам бұларды нақты өмір сүретін
нәрселер деп білген [Қ. Жұбанов, 1966; 94 б.].
Адамдардың діни және мифтік көзқарастары мен танымдық жүйесі
тілдегі фраземалар мен олардың пайда болуына ұйытқы болған діни пер-
сонаждар (құдай, алла, тәңір, жаратушы, жаратқан, жасаған, жасаған
ием, ие, құдірет, хақ, әулие, пайғамбар, аруақ, періште, жын, пері, шайтан,
албасты, дию, ыбылыс-ібіліс және т.б.) негізінде тілде сақталып қалған.
Діни көзқарас негізінде туындаған фраземалар адамзат қоғамының
мифологиялық ойлау жүйесімен тығыз байланысты. Мифологиялық ойлау
жүйесін А.Ф. Лосев алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдардың идеалдық
болмысы да, ғылыми болжамы да, поэтикалық көркем шығармасы да, ой-
лап тапқан қиялы да емес, сол кездегі өмір шындығы, адамдарды қоршаған
болмыстың символдық бейнесі, – деп таниды [А.Ф. Лосев, 1991; 23 б.].
Архаикалық адамның сана-сезімі және соған бағытталған бүкіл дүние
мифті құрайды.
Мифологиялық персонаждардың тілдегі, фразеологиялық бірліктердегі
көрінісіне талдау жасаған орыс ғалымы В.А. Маслова былай дейді: «Мифо-
логическое мышление не различает природное и человеческое, естествен-
ное и сверх-естественное; оно смешивает фантастическое с реально суще-
ствующим, идеальное с реальным, невозможное с возможным, желаемое
с действительным. В мифе хаос становится упорядоченным, бессмыслица
обретает смысл… Первое осмысление мира древним человеком мы видим
в мифах о богах, именно в них конкретные образы (Перуна, Велеса, Рода
и др.) сливаются с общими представлениями о плодородии, стихиях при-
роды и т.д.» [В.А. Маслова, 1997; 160 б.].
Діни таным негізінде қалыптасқан сема – тәңірі, құдай, алла. Қазіргі
халық тілінде, оның ойлау танымында тәңірі, құдай, алла лексемалары
жақсылық пен жамандықтың, ақ пен қараның, өмір мен өлімнің және т.б.
қарама-қайшылығының аралық шекарасы іспетті тілде түрлі тіркестерде
қолданылады.
Аталмыш семалар – жаратушы, оны билеп-төсеуші, табиғаттан тыс
құдіретті күш ретінде танылатын ұғым. Ш. Уәлиханов мұсылман діні –
молдасы жоқ сауатсыз халық арасында орын тебе алмады. Ол бұрынғы
шаман дінінің ұғымдарымен астарланған құрғақ сөз болып қала береді.
83
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
83
Сондықтан да атаулар мен сөздер ғана өзгеріп, оның мәні өзгермей қалып
отырады. Онгонды – әруақ, көк тәңірісін – алла немесе құдай, жер рухын
– шайтан, пері, жын деп атайтын болған деген пікірін басшылыққа ала-
тын болсақ, осы кезден бастап адамзат тәңірі, алла және құдайға сыйы-
нып, табынған. Мысалы, тілдегі Құдай ұрғыр! Құдай атсын! Құдайдан
Достарыңызбен бөлісу: |