Авакова Р.А. Фразеосемантика
90
қаншама мазмұнды да, көркем болғанымен, көлемі тым шағын, мағынасы
жалпы келетіндіктен, үлкен уақиғаны, кесек ойды бере алмайды, келте
қайырылады» [Қазақтар, 1998; 159 б.]. Әдетте аңыз-әңгімелермен, көркем
туындылармен жымдасып өмір сүреді. Кейде оларға мазмұндық нәр,
көркемдік әр беретін, айтылар ойды айқындайтын, толықтыратын фактор
– адам аттары.
•
Түгел
сөздің
Түп атасы Майқы би
Шежіреге сүйенсек, тарихта екі Майқы болған деседі. Біздің
қарастыратынымыз – б.д.д. 178-189 жж. ғұмыр кешкен, ел билеген көсем,
басынан сөз асырмаған шешен Мән баласы Майқы. Аңыз бойынша, Ор-
манбет би қайтыс болған соң қазақтарды үш жүзге бөлген осы Майқы екен
[Қазақ совет энциклопедиясы, 1975; 50 б.]. Жұрт оны «Қарқуардай Майқы»
деп таңның атысы, күннің батысы талмай шырылдайтын құсқа теңеген
[Қазақ совет энциклопедиясы, 1975; 19 б.]. Абайдың айтуынша, Шыңғысты
хан көтерген он екі бидің бірі. Бүкіл өмірден түйгендерін түйдектеп төгіп,
ақыл таразысына тартатын Майқы бидің сөздері мірдің оғындай өткір де
өктем болған. Сол Абыз атаның:
«Танысаң
қара егер де
Оқи білсең, хат жақсы
Жыласқанға
өз жақсы
Сыйласқанға жат жақсы» –
деген сөздері ауыздан ауызға айтылып жүрер асыл дүние болып қалды.
•
Аяз би, әліңді біл
Құмырсқа,
жолыңды біл
Аяз би Жаманұлы – данышпан, ақылгөй абыз, шешен ертегі кейіпкері.
Атақты Майқы бидің қабырғалы биінің бірі болған. Бірде Құмырсқа батыр
екеуі Майқы бидің алдын кес-кестей беріпті. Сонда Майқы би:
Билер, бүгін Майқының алдын кесесің,
Ертең жұрттың төбесін тесесің.
Майқының да
айтатын кебі бар,
Айтуға аузының да ебі бар.
Аяз би әліңді біл,
Құмырсқа
жолыңды біл, –
деген екен.
91
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
91
Бұл мақалды мәні – қандай да болмасын биікке шыққан адамның бақ-
дәулетке мастанбай, тура жолдан таймай, таза ақырын жүрып, аңдып басуға
үндейді.
●
Ұмайға табынса,
ұлды болар
Бұл мақал – әйгілі түркітанушы М. Қашқариде
«Умайқа табынса –
оғул болур» [М.Қашқари, 1993; 40 б.] деген нұсқасының аудармасы. Көне
ескерткіште
«Умай текті шешем қатын-құтына інім Күлтегіннің ер атағы
шықты», – деген сөйлем кездеседі. Ұмай – тәңірі көктің әйелі деп сана-
лады [Мифологический словарь, 1991; 548 б.]. Кейбір зерттеушілер Ұмай
атын Иран мифологиясындағы Құмай атымен байланыстырып, құстың
көлеңкесі түскен адам бақытты болады деп сенгендігін айтады. Бүкіл түркі
жұртында Ұмай – нәрестелердің қамқоршысы, шаңырақ киесі, ошақтың
қолдаушысы деген түсінік бар. Таратып айтсақ: қазақтарда – Ұмай-Ене
– балалардың сақтаушысы, оғыздарда – ана құрсағында жатқан баланың
қорғаушысы, шорларда – сәбилердің құдайы, қырғыздарда – Фатима – мол
астық пен мал өсімінің сақтаушысы және т.б.
Ұмайға бала көтере алмаған әйелдер қатты табынған, жалбарынып бала
сұраған. Сәбиді сылау кезінде:
«Менің қолым емес,
Ұмай Ана,
Қамбар Ата қолы
Фатима, Бибі, Зухра қолы
Тастай қыл, темірдей қыл», –
деп айтуды әдетке айналдырған.
Ақылы Аплотондай
Атымтайдай
жомарт
Наушаруандай әділ
Платон – б.з.д. 427-347 жылдары өмір сүрген, ежелгі Грек философы,
Сократтың шәкірті, Афинада өз мектебін ашып, оны грек мифологиясының
қаһарманы Академ атымен атаған. Оның данышпандығы, даналығы,
ғылымның бірнеше түрін меңгергендігі жайлы аңыз-әңгімелер Шығыс
елдеріне кең тарап, «Аплатондай дана бол, Атымтайдай сара бол» деген
алғыс мәнді бата сөздердің тууына себепші болған.
Атымтай – V ғ. соңы, VІ ғасырдың басында өмір сүрген, асқан бай-
лығымен, оған қоса жомарт мінез мырзалығымен, даңқы төрткүл дүниеге
жеткен. Оның Хатым – Ат – Тай (арабша – һатым кісі есімі, Тай – ру аты)
атымен «жомарт» сөзінің тіркесіп келуі – Мырза, шүлендігінің символы.
Мұндай қосалқы аттарды фольклордан көптеп кездестерміз:
Асан қайғы,
Достарыңызбен бөлісу: