95
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
95
рухани жәрдем, ақыл-кеңес алып отырғандығы ел есінде қалған. Есеттің
өрлігі мен ерен ерлігіне сүйсінген елі
«Ердің соңы – Есет», – деп айтып
кетіпті.
«Жүректі болсаң, Есеттей бол, Білекті болсаң, Бекеттей бол», –
деп Жетес бидің де айтқаны ел ішіне кең тараған.
Шаң-тозаң басқан асыл тасты қайтадан жарқыратқандай құнды
ойлардың тобықтай түйінін қорытсақ:
•
мифтік персонаж аттарына диахрондық талдау жасау арқылы сол
кездегі сәби халықтың мифологиялық ойлау жүйесін, дүниетанымының
тереңдігін тануға болады;
•
тұрақты тіркестер құрамындағы антропонимдерден ұлттық әдет-
ғұрып, салт-сана, тұрмыс-тіршілік іздерін байқауға болады;
•
халықтық антропонимдердің уақыт өте келе мағыналарының
абстрактіленіп, жалқылықтан жалпылыққа ауысу (апеллятив) тенденция-
сы байқалады;
•
антропонимдер уақыт мәжесінің субъектілері ретінде де танылады
(
Бабай түктішашты Әзіз заманында, Тәуке хан тұсында, Қорқыт дүниеге
келерде және т.б.);
•
ел есінде қалған белгілі бір оқиға уақыт пен кеңістікке түсінікті
де бере алады (
Арқада Сағынайдың асы болғанда, Әз Жәнібекті хан
көтергенде және т.б.);
•
ойдан шығарылған аттар, көбінесе, ырғақ пен ұйқас үшін алынып,,
жаңылтпаш, жұмбақ, ауызекі тапқыр әңгімелерде көбірек кездеседі;
•
басқа халықтан ауысқан
(Аплотон, Атымтай, Наушаруан, Ұлықпан
және т.б.) антропонимдер бізге қасиетті Құраннан, арабтың атақты «Мың
бір түннен», шығыс жауһарларынаың ғашықтық жырларынан келген;
•
сындық қасиетке ие кейбір қосалқы аттар бір нәрсенің өлшемі, сим-
волы ретінде қабылданады (
Әлінің бүлбіліндей, жел айдаған Қаңбақтай,
Қорқыт атам қобызындай, Қарабайдай қаныперез және т.б.);
•
халық санасында сақталған мифтер, аңыз-әңгімелер, афоризм-
дер адам аттарының қатысуымен ұмытылмай жеткен (
Нұқтың кемесі,
Қорқыттың көрі және т.б.).
125
Антропологиялық фраземалар тілдік материал, тілдік қазына
ретінде зерттеушілердің назарын аударып жатса, біздің
мақсатымыздың аз да болса жүзеге асқаны.
Сонымен зерттеу барысында арнайы қарастырылмаған,
бірақ талдау материалы ретінде қарастырылған фраземалар да
кездеседі:
өсімдіктер әлемі:
бетегеден биік, жусаннан аласа, шөп
басын сындырмау, аузын қу шөппен сүрту, бидай өңді, алма
мойын, шөп желке, мүйізі қарағайдай т.б.
метеорологиялық фраземалар:
бие сауым жер, сүт
пісірім уақыт, таң құлан иектегенде, құнан (ат) шаптырым
жер, тай шаптырым жер және т.б. Кейбір фразеологизмдер
өлшемдік ұғымдардың негізінде пайда болған: уақыт мерзім
өлшемдері:
күн шыға, сәске түсе, ел жайлауға көшерде, ымырт
жабыла және т.б.; көлем өлшемдері:
бір қора қой, бір жағым
Достарыңызбен бөлісу: