көлеңке, ала қанат қар, ала құйын, ала сапыран уақыт;
– бір-біріне сай келмейтін, жанаспайтын – ала бөтен, ала бөлек, ала
көңіл, ала қозыдай бөліну;
– араздасу, ала ауыз болу – ала көз болу, ала тайдай бүлдіру, ала
топалаңын шығару;
– этнографиялық мағынасы – ала жіп, біреудің ала жібін аттамау, ала
қаптың аузын ашу, ала қоржынын арқалау және т.б.
Р. Сыздықова «Сөздер сөйлейді« еңбегінде ала көз, ала ауыз фраземала-
рына этимологиялық талдау жасай келе, былай дейді: Көне түркі тілдерінде
ала сөзінің бір мағынасы «келіспеушілік, қастандық»екенін М. Қашқари
көрсетеді: qarya qarisin kim bilir, kisi alasin kim tapar – «Қарғаның қарасын
кім білер, кісінің аласын кім табар». Қазірде қолданылатын «жылқы аласы
сыртында, адам аласы ішінде» деген мақал ХХ ғасырда да дәл осы түрінде
болғанын көреміз.
181
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
181
Ала көз, алабұрту, ала ауыз тіркестеріндегі келіспеушілік, қастық
мәнін жасауға ала сөзінің мағынасы негіз болғанын байқау қиын емес. Бұл
сөздердегі ала тұлғасының түске, ұрыс-соғысқа қатысы жоқ [Р. Сыздықова,
1994; 31-32 бб.].
Қазақтар төрт түлік малдың төртеуінің де түр-түсін анықтауға зор мән
берген. Осыған байланысты тілімізде жылқының да, түйенің де, сиырдың
да, қой-ешкінің де өздеріне лайықты түр-түс атаулары бар. Бірақ төрт-түлік
малдың ішінде түстен тану жағынан ерекше орын алатын жылқы малы.
Оның негізгі себебі – әр түліктің табиғи түріне немесе сыртқы түсіне бай-
ланысты. Ала-құлалық көбіне-көп жылқы малына тән де, басқа малдардың
түсі негізінен бірыңғай болып келеді.
Қазақ тіліндегі жылқы малының түс-түсіне байланысты арнайы атау-
лар мен оған қатысты сөздер, сөз тіркестері көп. Сонымен қатар жылқы
малының күрделі түр-түсін, көркем бейнесін суреттеуге қажет жаңа атау-
лар жасалып тұрады.
Жылқы малының түр-түсін мағына және тұлға жағынан қарап, бір
сөзден тұратын жалаң атаулар және екі-үш сөзден тұратын күрделі атаулар
деп екі топқа жіктеуге болады. Қазақ тілінде жылқы түсін білдіретін жалаң
атаулардың саны жиырмадан астам. Олар: ақ, ала, баран, боз, бурыл, жирен,
кер, көк, күрең, қара, қоңыр, құба, қызыл, қылаң, сары, сұр, тарғыл, теңбіл,
торы, шабдар, шұбар. Жылқы малының түсіне байланысты бір сөзден
тұратын негізгі атауларға міне осылар жатады, ал күрделі атаулар өзге түстен
мағынасы бар сөздермен өзара тіркесуі арқылы жасалады. Күрделі атаулар-
ды мағыналық жағынан екі топқа бөліп қарастыруға болады.
Бірінші топ – негізгі топ екі түр-түс атауының өзара тіркесуі арқылы
жасалған, ал екінші топ – негізі түр-түс атауының біреуі не екеуі қатысып
басқа сөздермен тіркесуі арқылы жасалған күрделі атаулар. Оларды компо-
нент санына байланысты 1) екі компонентті және 2) үш және көп компонентті
күрделі (күрделі) және түр-түс атаулары деп те топтастыруға болады.
Түйе малы басқа түліктерге қарағанда түгінің түр-түсі жағынан
айырмашылығы бар. Түйе түгі басқа малдардікі сияқты жыл мезгіліне, жа-
сына қарай өзгеріп отырғанымен, тек ақ-боз бен қара түстің аралығындағы
бірыңғай қоңырқай реңктерден тұрады. Ш. Жанәбіловтің «Қазақша мал
атаулары» атты еңбегінде түйе малының түр-түс атауларының он шақтысы
көрсетіледі. Мәселен, ақ түйе, қара түйе, қызыл түйе, қызыл нар, ақ сары
бас атан, қасқа бас түйе, ақ қаптал түйе, ала бас нар.
Төрт түліктің ішінде уақ малға жататын қой мен ешкілердің түр-түсіне
қарай ажыратады. Қой ешкіге қарағанда ала-құлалығы аз мал: ол ең көп
дегенде он шақты түстен аспайды. Мәселен, қой малында боз, қара, көк,
ала, ақ сары бас, қара қасқа, қоңыр т.б. түстер болса, ешкі малына: ақ, боз,
көк, сары, жағал, бөрте, тарғыл, ала қасқа, шұбар, теңбіл т.б. түстер тән.
Дегенмен, қой малына тән жалпы түс дегенде халқымыз негізінен үш-ақ,
боз қоңыр – түсті айтады: «ақтылы қой», «боз жусандай боз қойлар». Ешкі
малының өзіне ғана тән қойдан, ала бөтен түр-түстер де бар: шұбар туша,
|