Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет36/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   180
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. - Алматы, 1974. - 191-б.
92
 Валиханов Ч.Ч. Көрсетілген кітап. 210-б.
93
 Бұл да сонда, 391-б.


82
күн  көрер»  (Асанқайғы).  Мұндай  баяндау  дидактикалық  тол- 
ғаулардың құрамды бөлігі болып келеді, ол – үгіт айтуға қажет 
фон, ой астары. Демек, бұл жанрдың өзі-ақ етістіктерді оның 
өзге тұлғаларымен алмастыруға жібермейді. 
Үшінші ескеретін жайт – ол авторлы әдебиеттің фольклор 
дүниесімен қатар өмір сүріп келген фактісі. Екеуінің сақталу, 
таралу  амалы  бірдей  болғанымен,  біздің  ойымызша,  елеулі 
айырмашылықтары  да  бар:  біріншіден,  авторлы  әдебиетте 
фольклор  мұрасын  жеткізуге  қарағанда,  еркіндік  кемдеу  се- 
зіледі. Оның бір себебі – ақын-жыраулар туындыларының дені 
белгілі  бір  оқиғаға,  нақтылы  жер-су,  адам  аттарына  қатысты 
айтылатындығына  байланысты.  Жеткізуші  оларды  алып  тас- 
тау немесе өзгерту сияқтыларға көп бара алмайды. Содан соң  
авторлы  әдебиетте  ортақ  сәттер  (дәстүрлі  клишелер),  фоль- 
клорға қарағанда, әлдеқайда аз кездеседі. Оған қоса әр автор- 
дың  өзіне  тән  жырлау  мәнері,  өзі  сүйіп  қолданған  көркем- 
деуіш элементтері болуы мүмкін. Бұлардың барлығы – дара- 
лықты,  авторлықты  танытатын  белгілер.  Ал  даралық  тұрақ- 
тылықты көбірек қалайды. Қазақ поэзиясын ауызша жеткізу- 
шілер осыны интуитивті түрде жақсы сезген деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет