Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет39/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   180
құрығын,  буыршынның  бұта  шайнар  азуын  тіліне  оралтады. 
Ол  туған  жерін  суреттегенде  де  көбінесе  малға  байланысты 
образдарды алады: Жатып қалған жас тайлақ, Жардай атан 
болған жер дегеннен бастап, «Салп, салпыншақ анау үш өзен» 
деген  шағын  шығарма  мәтінінен  тоқты,  қой,  жабағы,  тай, 
бұзау, түйе, жылқы, боз, сазан, балық сияқты мал мен жәндік 
атауларын ұшыратамыз.
Лексика  құрамындағы  келесі  орынды  қауымның  әлеумет- 


86
тік  құрылысы  мен  жаугершілік  тақырыбына  қатысты  сөздер 
алады.  Дидактикалық  толғауларда  болсын,  арнау  өлеңдерде  
болсын  XV-ХVII  ғасыр  ақын-жырауларының  негізгі  әңгіме 
өзегі  –  адам,  қоғам,  әлеуметтік  және  әскери  жай-күй.  Оның 
үстіне  бұл  дәуірлерде  жаңа  құрылған  хандықты  бекіту,  жер-
суды сыртқы жаулардан қорғау, шаруаға жайлы мекен сайлау 
мүдделері бірінші орында тұрғандықтан, көркем әдебиет тілі- 
нің сөздік құрамында жұрт, халық, хан, қарашы, қызметші, 
ұл, ұғыл, құл, дұшпан, жау, ер, жолдас, батыр, би ұлы, бай ұлы, 
жамандар, жақсылар, жалғыз, көп, ата, ана сияқты әлеумет- 
тік категориялардың атаулары еркін қолданылған.
Сонымен  қатар  едәуір  топты  соғыс  ісіне,  қару-жараққа 
қатысты  сөздер  құрайды.  Тіпті  ұрыс-соғысты  тікелей  сурет- 
темегеннің  өзінде  бұл  саладағы  сөздер  образ  үшін  жиі  алы-
нады.  Мысалы,  Қазтуған  атамекенін  –  «Еділ  жұртты»  қимай 
толғаған  өлеңінде  садақ,  қылшан,  сары  жүн  оқ  сөздерін 
келтіреді.  Шалкиіз  әміршісін  суреттегенде,  «жазылы  алтын 
қол  кескен  алдаспаным  өзіңсің»  деген  метафора  үшін  қару 
атын  алады.  Ал  батырлар  портретін  берген  Шобанда  найза, 
алдаспан  ауыр  қылыш,  ала  білек  оқ,  қанды  көбе,  ала  балта, 
қандыауыз, жебе, қара болат, мылтық, он екі құрсау жез айыр 
сияқты  есім  сөздермен  бірге,  түменді  бұзу,  суырылып  шабу, 
қылыш байлау, жауды қайтару, дұшпанның көзін қамау, жа-
уды сықтау, байрақты алдыру, ажалға қарсы жүгіру, ұрысу, 
жағасына адам қолы тимеу, атқан оғын оздыру, дұшпанның 
тобын тоздыру тәрізді қимыл атаулары бар.
Жыраулар лексикасында образ үшін осы көрсетілген мағы- 
налық  топтардың  барынша  жұмсалғандығы  өте-мөте  көзге 
түседі. Бұларда табиғат лирикасы, махаббат жырлары дегендер 
жоқ болса да, сол табиғаттың жанды-жансыз күйіне қатысты 
көптеген сөздердің орын алуы – олардың теңеу, метафора сияқ- 
ты амалдар үшін қолданылғандықтарына байланысты.
Келесі сөздер тобы – дерексіз есімдер. Дидактикалық тол- 
ғаулар  дегеніміз  –  ой  түйіндері,  ал  ой-философия  дерексіз 
ұғымдармен  байланысты  болатындығын  жоғарыда  айттық.  
Бұл  дәуірлердегі  дерексіз  ұғым  атаулары  тегі  жағынан  екі  
топқа  бөлінеді:  қазақтың  өз  сөздері  және  кірме  араб,  парсы 


87
сөздері.  Бұлардың  бірқатары  түбір  сөздер  де,  енді  бірсып- 
ырасы  -лық  жұрнағын  жалғаған  туынды  есімдер  болып 
келеді: атақ, кеңес, даңқ, сөз, кеп, белгі, өткен іс, жақсылық, 
жамандық,  жалғыздық,  әділдік,  көңіл,  нәпсі,  жан,  дәулет, 
бақыт,  пейіл,  қадір,  ақыл,  құн,  есеп,  есендік,  сыпайшылық 
(сірә,  бүл  сөз  жаугершілік  дегеннің  баламасы  болар),  тірлік 
(тіршілік  тұлғасы  бұл  кезде  әлі  жоқ),  іс,  күш,  қызыл  тіл, 
өтірік, пәле, ғұмыр, жалған дүние, қылық, сүйесін, демесін, ит 
түрткі, ерлік, өрлік, зарлық, беріктік, сыр, қайрат, ант т.б.
Бұлардың  ішіндегі  араб-парсы  сөздерін  тек  осы  дәуірлер- 
де  енген  және  осы  жыраулар  бірінші  болып  қолданған  деуге 
әсте болмайды. Бұлар, тегі, XV ғасырдан бұрын көркем поэзия 
тіліне,  кейбірі  халықтың  сөйлеу  тіліне  де  еніп,  қалыптасқан, 
белгілі  бір  мағынада  тұрақталған  сөздер  екендігін  айтуға  
болады.  Орта  ғасырлардағы  түркі  тілдеріне,  оның  ішінде 
қазақ тіліне де араб-парсы сөздері жазба әдебиет арқылы да, 
бір-бірінен сөз ауысу арқылы да енгенін зерттеушілер кезінде 
айтқан  болатын.  Әсіресе  дерексіз  есімдердің  түркі  тілдеріне 
енуі  араб-иран  халықтарымен  тікелей  қарым-қатынасынан 
гөрі,  жазба  әдебиет  пен  мұсылманша  оқу  арқылы  болған  
процесс екендігі күмәнсыз.
Шығарманың  сөздік  байлығы,  сөз  топтарының  сипаты  
онда қолданылған стильдік тәсілдерге тікелей қатысты. Дидак- 
тикалық  толғаулар  кейде  ой  түйінін  дәлелдеу  үшін  қарама-
қарсы полюстерді салыстыру тәсілін пайдаланады: хан ~ қара, 
жақсы жаман, құстың құлы ~ құстың төресі, дос ~ дұшпан, 
жібек ~ күн, сұлтан ~ құл т.т. Бірақ бұлар сөздікті байытатын 
дәрежеге жетпеген.
Бұл  кезеңдегі  өлең  тілі  образға  алынған  сөздерді  эпитет-
пен  келтіру  тәсілін  қатаң  ұстаған.  Көптеген  сөздер  (мысалы, 
қару-жарақ  атаулары  және  орда,  жұрт  сияқты  сөздер)  тек 
қана эпитетпен келеді және ол анықтауыштар тұрақты болып 
келеді.  Сондықтан  бұл  амал,  бір  жағынан,  осы  кезеңдердегі 
әдеби тілдің фразеологиялық қорын тұрақтандырып, молайтса, 
екінші жағынан, әдеби тілге көптеген сын есімдерді, есімшелі 
тіркестерді  әкелді.  Мысалы:  салуалы  ақ  орда,  ақ  ала  орда, 
қалайылаған қасты орда, егеулеген болат жебе, күпшек сан-


88
ды тіл жалмаған күрең, жағына жалаң жібек байлаған ару-
лар, жапалақ ұшпас жасыл тау, саздауға біткен қара ағаш т.т. 
Мұндай эпитеттердің дені тұрақты, сірә, олар – ертеден келе 
жатқан  дүниелер  болар.  Айталық,  бұларға  қызыл  тіл,  асқар 
тау, сегіз қиыр шартарап, ақ ала жылқы, ауыр жұрт, айдын-
ды көл, жалған дүние, атайы ер, құба жон сияқтылар да жа-
тады.
XV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы бұларды әдеби нор- 
маға айналдырған деуге болады. Көрсетілген тұрақты тіркес- 
тердің  көпшілігі күні  бүгінге  дейін  жеткен  болса,  бірқатары- 
ның қазіргі қазақ әдеби тілінде қолданыстан шығып қалғаны 
байқалады.  Мысалы,  сегіз  қиыр  шартарап,  ауыр  жұрт, 
атайы ер, ауыр қол («қалың әскер»), ару ұл, қом су, кілең бұз, 
толғамалы  ала  балта,  тоғынды  сарты  нар,  айдындықтай 
білек, жүмле ғалам, жазы тұз, алаң жұрт сияқты тіркестер 
бұл күнде образ ретінде де, нақты бір мағына беретін қызметте 
де келмейді.
Ілгергі дәуірлердегі қазақ әдеби тілі сөздік құрамының түп-
тегіне қарай бөлінетін (генетикалық) қабаттарына келсек, оның 
негізі қазақтың төл сөздері екенін баса айтуға болады. Кірме 
қабат – араб және парсы сөздері, бірақ олар соңғы кезеңдермен 
салыстырғаңда өте аз. Дұшпан, заман, несібе, дүние, дос сияқты 
сөздердің түркі тілдеріне ертеде еніп, халықтың ауызекі сөйлеу 
тәжірибесінде  де  орын  алғанын  жоғарыда  айттық.  Сонымен 
қатар  біз  тілін  талдап  отырған  текстерде  шаһид  кешу,  қағба, 
Хақ, Ибраһим, халил, Алла, бәйтолаа, ғазірейіл тәрізді кірмелер 
бар. Бұлар осы ғасырлардың өзінде-ақ ислам діні арқылы сол 
дінге қатысты лексика тобының ене бастағандығын танытады. 
Дегенмен діни ұғымдарды атауға келгенде араб, парсы сөздері 
мен  түркі  сөздерінің  жарыспалылығы  орын  алады.  Мыса-
лы, арабтың Алла сөзімен түркілік Тәңір жарыса жүреді, тіпті 
соңғы сөз жиірек ұшырасады: «Тәңірінің өзі берген күнінде» 
(Доспамбет). «Тәңірі тесер төбеңді» (Шалкиіз). Шалкиіз Темір 
әміршісінің дәрежесі өзінікінен артық болса, тебінгіге жетер-
жетпес  сызашық  телегей  теңізге  айналса,  осының  барлығын 
Алладан да, Құдайдан да көрмейді, Тәңірден көреді, Тәңірі ісі 
дейді. Тіпті кәһбаның өзі – Алланың емес, Тәңірінің үйі: Ниет 
еттің Тәңірінің үйі кебеге.


89
XV-ХVII ғасырлардағы қазақтың ауызша дамыған төл әде- 
би  тілінің  сөздік  қазынасында  орыс  тілінен  сөз  алу  дәстүрі  
жоқ, өйткені мұның әлі базасы жасалмаған еді: Ресей мемле- 
кетімен,  орыс  халқымен,  орыс  мәдениетімен,  тілімен  арала-
сатын  саяси,  әлеуметтік,  экономикалық  қарым-қатынастар 
тумаған кезең екендігі тілде де көрініс тапқан.
Жаңа  сөздерге  (неологизмдерге)  келсек,  олар  жөнінде  де 
тап басып айту қиындау, өйткені XV ғасырдан бұрынғы тілдің 
лексикалық сипатын толық көз алдымызға келтіре алмаймыз, 
онда  не  бар,  не  жоғын  білмейміз.  Дегенмен  бір  жағдайды 
ашып айтуға болады, ол – жыраулардың жеке бастарына тән 
даралық ізденістер мен қосқандары байқалмайды. Бірінде бар 
сөз типтері өзгелерінде де ұшырасады. Бұл – мүмкін, ауызша 
сақталудың жемісі болар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет