Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет41/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   180
жай, алдаспан, семсер, көбе, жебе, адырна, сүңгі т.б. – қазіргі 
қазақ  әдеби  тілінде  көнерген  элементтер  болғанымен,  тал-
дап отырған кезең үшін актив сөздер. Ала балта – жай балта 
емес, арнайы жасалған соғыс құралы. Мұндағы ала сөзі – түсті 
білдіретін сөз емес. Ол көне түркі тілдері мен оғұз тобындағы 
тілдерде  «қол»  мағынасын  беретін  ал  сөзіне  қатысты  болуы 
мүмкін: ал балта – қол балта, қолға ұстайтын немесе сапты 
балға, өйткені ал сөзі кейбір түркі тілдерінде «құралдың сабы» 
дегенді де білдіреді
94
. Мүмкін, бұл атау аламан, алақшы, ала 
шапқын,  алаулау  дегендердегі  ала  сөзімен  байланысты  бо-
луы,  өйткені  жоғарыда  аталған  сөздер  мен  ала  қырғын,  ала 
топалаң,  алапат  сияқты  сөздерде  «қырып-жою,  бүлдіру»  
идеясы  бар.  Ол  күнде  бұл  сөз  монғол  тілдеріндегі  алах  –  
«өлтіру,  шабу,  сою  (малды)»  сөзімен  түбірлес  тұлға  болып 
шығады
95
.  Қайткенде  де  ертедегі  қазақ  тіліндегі  ала  балта  
белгілі бір ұрыс қаруының аты. Бұл атауды ХVІІІ-ХІХ ғасыр- 
лардағы нұсқалардан кездестірмейміз, оның орнына айбалта 
бар.
Алдаспан да – қазірде ұмыт болған сөз. Ол бертіндегі жау-
ынгер ақын Махамбетте кездеспейді. М.Мағауин мұны «нарке-
скен, өткір қылыш»деп түсіндіреді
96
.
Әскери  құралдардың  жалпы  атауларынан  басқа  ол  құрал- 
дардың  жеке  бөліктерінің,  түрлерінің  аттары  да  өлең-толғау- 
лар  тілінен  орын  алған.  Олардың  да  дені  –  бұл  күнде  арха-
измдер тобына кеткендер: адырна, қылшан, тобыршық, жебе 
т.б.  Ғалым  Қ.Жұмалиевтің  түсіндіруі  бойынша,  адырна  сөзі 
садақтың  оғын  тіреп  ататын  сіңір  тарамысын  білдіреді
97
,  ал 
Будаговтың көрсетуі бойынша, башқұрт пен Кавказ түркілері- 
нің  тілінде  адарна  сөзі  керілген  садақтың  өзін  білдірген
98

Ертедегі  қазақ  жыраулары  бұл  сөзді  Қ.Жұмалиев  көрсеткен 
мәнде жұмсаған.
94 
  Будагов  Л.  Сравнительный  словарь  турецко-татарских  наречий.  -  Т.І.  -  СПб., 
1869. - С.77
95
 Ала сөзінің әртүрлі тіркестердегі мағыналары жөнінде толығырақ мына кітаптан 
қараңыз: Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. - Алматы, 1980.
96
 Мағауин М. Әдебиетіміздің тарихы әріде жатыр...
97
 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1960. - 91-б.
98
 Будагов Л. Көрсетілген кітап. 20-б.


92
Қылшан  сөзін  Қазтуғаннан  кездестіреміз:  «Қылшанымды 
сары  жүн  оққа  толтырып».  Бұл  сөз  «Шайыр»  атты  кітапта 
«оқ сауыты» деп түсіндіріледі
99
. Контекске қарағанда, қылшан 
сөзі, шынында да, осы мағынаны береді. Сірә, бұл – көне сөз 
болар,  өйткені  соңғы  ғасырларда  қазақ  тілінде  оқ  сауытын 
қорамсақ немесе садақ деп атаған. Тобыршық та – садақтың 
бір  бөлшегінің  атауы.  Л.Будагов  Қазан  татарлары  мен  алтай 
тілдеріндегі тобыршық сөзі «шишка, шишковатый» («томпақ 
зат,  томпақтау»)  деген  мағына  береді  дейді. Қазақ текстеріне 
қарағанда,  тобыршық  –  оқтың  адырнаға  тіреп  ататын  жері: 
Тобыршығы биік жай салып... Тұтамдайын тобыршық.
Оқ пен жебе сөздері – бұл кездегі әдеби тілде синонимдер. 
Жебені садақ оғының өзі емес, қыры деп түсіндіру бар
100
, садақ 
оғының масағы деп анықтау да бар
101
. Ал, шындығында, жебе 
сөзінің оқ сөзіне синоним екені ауыз әдебиетінде кездесетін: 
Көп оғының ішінде Сұр жебе деген оқ алды сияқты жолдардан 
да  тануға  болады.  Оқ  пен  жебе  сөздерінің  үшінші  синонимі 
ретінде  жай  сөзі  де  әдеби  тіл  қолданысында  болған:  Он  екі 
тұтам жай тартқан... Тобыршығы биік жай салып.
Әңгімелеп отырған кезеңдегі үлгілерде мылтық пен зеңбірек 
сөздері өте сирек ұшырайды. Қылыш та кемде-кем, оның орны-
на алдаспан сөзі немесе тіркес атаулар қолданылады: балдағы 
алтын құрыш болат, қан жұқпас қайқы қара болат т.б.
Бұл  тұста  тек  қару-жарақ  емес,  сауыт-сайман  аттары  да 
тұрақталып,  нормалана  түскен.  Мысалы,  сауыт  дегеннен 
гөрі көбе сөзі жиірек кездеседі: Күлікке тастай болып тиме-
се,  Үстіме  көбе  сайлап  кимен-ді...  Жауырынына  қанды  көбе 
сыймаған  (Шалкиіз).  Бізге  жеткен  текстерде  дулыға  –  тек 
баскиімнің  атауы:  Дулығамның  төбесі  туған  айдай  болмаса 
(Шалкиіз). Туған айдай нұрланып, Дулыға кидім – өкінбен (До-
спамбет).
Жаугершілік лексикаға жататын сөздер тобындағы қимыл- 
дың өзі мен оның орындалу амалын білдіретін етістіктер мен 
үстеулер  барлық  үлгілерге  ортақ  болып  келеді.  «Жорыққа 
шығу» мағынасын жорту сөзі, сондай-ақ, оқ тию, білте салу, 
99
 Шайыр. - Орынбор, 1910.
100
 Жұмалиев Қ. Махамбет. - Алматы, 1962. - 11-б.
101
 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - I т. - Алматы, 1974. - 225-б.


93
топ  бастау,  дұшпан  ату,  тепсінісу,  жау  бастау,  ат  сайлап 
міну,  ту  байлау,  қатты  тартып,  биік  ату,  суырылып  шабу, 
дұшпанның  тобын  тоздыру  сияқты  тіркестер,  бір  жағынан, 
жаугершілік мазмұндағы іс-әрекет атауларын білдірсе, екінші 
жағынан, осы кезеңде әбден қалыптасып, орын тепкен әдеби 
нормадағы фразеология қорын құрайтын сөздерді танытады.
Өмірдің қалған жақтарын бейнелейтін сөздер де өлең тілі- 
нен  орын  алғанымен,  тұрақталуы,  көркем  құралдарға  айна-
луы  жағынан  жоғарғы  көрсетілген  топтардай  емес.  Әсіресе 
бұл кезеңде күнделікті тұрмысқа қатысты сөздердің өте сараң 
кездесетіндігі байқалады. Көркем әдебиет, негізінен, әлеумет- 
тік  тақырыптағы  поэзия  болғандықтан,  мұнда  күнделікті  от 
басы, ошақ қасының суреті жоққа тән. Осыған орай тұрмыстық 
лексика  да  молынан  көріне  алмаған.  Ал  құрық  (Ұстаса 
қашағанның  ұзын  құрығы  –  Қазтуған),  қымыз  (Қымыз  ішіп, 
қызарып – Асанқайғы), кереге (Керегеде ілінген, Шабылмаған 
семсер тұр – Жиембет), шымылдық (Ал шымылдық ішінде Ару 
сүйдім – өкінбен – Доспамбет) тәріздес бес-он тұрмыстық сөз 
кездессе, олар да – тек образ үшін қолданылғандар. Қазақ по-
эзиясы  тіліне  тұрмыс-салт  лексикасының  араласа  бастауы  – 
XVIII, әсіресе XIX ғасырлар іші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет