Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет47/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   180
-ңыз қосымшасымен берілген іс-әрекет бір адамға емес, көпке 
арнай айтылған сөз-толғауларда келеді: «Бір болыңыз бәріңіз» 
(Асан). Бұл аффикстің үстіне -дар қосымшасын жалғау жоқ.
Сонымен  қатар  бұл  кезеңдегі  әдеби  тілде  бұйрық  райдың 
II жақта -ғыл/-гіл жұрнағын жалғаған  түрі кездеседі: «Адам 
әзіз айтар деп, көңіліңді салмағыл. Нәпсі алдаушы дұшпанның 
Насихатын алмағыл» (Асан).
Өткен  шақ  есімшенің  жіктеуш  түрінде  соңғы  н  дыбысын 
түсіріп  айтушылық  бар:  жортқамын.  Сонымен  қатар  оның 
толық түрі де (жортқанмын) бар. Бұл кезеңде қайсысы басым 
болғанын кесіп айту қиын.
Етіс  категориясының  да  морфологиялық  көрінісі  қазіргі 
қазақ  тілі  нормасынан  көп  алшақтамайды.  Тек  бірер  жерде 
осы күнде -қыз /-кіз жұрнағымен келетін етіс тұлғалары -кер 
қосымшасымен  берілген:  «Масағынан  өткеріп,  Басын  қолға 
жеткеріп, Созып тартар күн қайда?!» (Доспамбет). Етістіктің 
ашық  рай  тұлғаларының  ішінде  келе  жата  («Жараға  мамық 
тосатып, Келе жата дегейсің» – Доспамбет), не білейім сияқты 
бірді-екілі  тұлға  –  XV-ХVI  ғасырлардағы  қазақ  тілі  үшін  де, 
қазіргі тіл үшін де жат тұлғалар. Олар – біздіңше, ноғай тілі 
элементтерінің көрінісі.
Етістіктің  өткен  шақ  семантикасын  -ғай  /-гей  жұрнақты 
тұлғамен беру бар: «Қалаға қабылан жаулар тигей ме?» (До-
спамбет). «Тұқылдықтан сартылдап Үзілер болғай сол мүйіз» 
(Шалкиіз). Бұл – көне тәсілдердің бірі. С.Сейфуллин келтірген 
материалдардың ішінде Шыңғысқа баласының өлімін естірткен 
Ұлығ  жыршы  мен  Шыңғыс  ханның  сөздері  деп  берілген 
мәтінде:
Көзің жасың жүгіртет
Көңілің тұлды болғай ма?
Жырың көңіл үркітет
Жошы өлді болғай ма?
деген жолдар бар
104
. Мұндағы өлді болғай ма деген тұлға қазірде 
өлгені ме, өлген болар ма түрінде қолданылар еді.
104
 Сейфуллин С. Көрсетілген кітап. - 139-б.


103
Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрінің I жақта -ма+й+ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет