104
әрісі XIX ғасырда) хатқа түскенінде
- ды/-ді, -ты/-ті болып
өзгертілуі мүмкін. Соған
қарамастан
дүр түрінде жеткен сәт-
тері де бар: «Сайдың басы
түгел-үр. Толған тоғай
малы-дүр»
(Жиембет). «Жалп-жалп еткен бәйтерек Жайылмағы
желден-
дүр» (Ақын. - Қазан, 1912). Осы толғауды В.В.Радлов Қырым
ноғайларынан жазып алғанда: «Бәйтеректің йалқалмағы
йел-
ден дір» деп береді. Демек, бұл көрсеткіш аталған қызметте
қыпшақ тілдерінде бұрын актив жұмсалғаны байқалады.
Бұлардан басқа бұл күнде өзгеше тұлғада қолданылатын
кейбір туынды етістіктер бар. Мысалы, «ырысымды
сындай-
ын»
дегендегі соңғы етістік қазірде
сынайын түрінде болар еді.
«Сұлу үнмен
үндейін» (Асанқайғы) дегендегі
үндеу етістігі
бұл күнде
сөйлеу болып айтылар еді немесе
үн шығару деп
аналитикалық жолмен (тіркеспен) берілер еді. Қазіргі қазақ
тілінде
бой жеткен, айдын шүю сияқты есім мен етістік
тіркестері
бойға жету, айдынға шүю түрінде келеді.
Сөйтіп, XV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы тілінің
грамматикалық жүйесі қазіргі кездегімен көбінесе бірдей
келіп отырғанымен, едәуір сәттерде ерекшеліктері де бар екені
байқалады. Ол ерекшеліктер, біріншіден, әріден келе жатқан
ескі тұлғалардың орын алуынан туса
(-ғай, -ман, -дүр), екін-
шіден, әдебиет жанрының сөз қолданыс тәсіліне байланысты
(мысалы,
-ар, -ман жұрнақты етістіктердің қолданысы) орын
алғандар.
Достарыңызбен бөлісу: