106
тіршілігімен ұштасып жатқандығы жалғыз малға емес, өзге
тұстарға қатысты салаларда да көрінеді. Мысалы, ел қорғауды,
жаугершілікті жырлауға керек образдар бұларда молынан орын
алады, өйткені XV-ХVIII ғасырлар – қазақ халқының жері мен
елдік тәуелсіздігі үшін сыртқы жаулармен соғыстардың за-
маны. Бұл дәуірлердегі поэзия иегерлері көбінесе жыраулар
болып, ел қорғау, жауға аттану сияқты әскери тақырыптарды
жырлағандықтан, осыған қатысты сөздер мен образдар мұнда
молынан орын алған.
Жаугершілік мазмұнды тұтас шумақтар немесе жеке тір-
кестер мен сөздер – ХV-ХVII ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің
сипатты белгілерінің бірі. Ұрыс-соғыс, ел қорғау ұғымындағы
лексиканың әдебиет дүниесінде басты орын алғандығы сондай,
ол көркемдеу құралына айналып, образ жасайтын фразалар
құраған. Мысалы,
толғамалы ала балта, қанды көбе, атқан
Достарыңызбен бөлісу: