Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет54/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   180
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер...
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең, –
деген сияқты, Доспамбеттің:
Қалаға қабылан жаулар тигей ме,
Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме?
Қатарланып, қарланып
Қайран ер қарт күреңге мінгей ме? –
деген сияқты, Шалкиіздің:
Темір еді биіміз
Теңіз еді халқымыз.
Тебірлерге қалғанда,
Теңселер сойды ауыр ноғай жұртыңыз, –
деген  сияқты  өлең  жолдарына  қарап  айтып  отыр.  Шынында 
да, қазақ поэзиясында өлең жолдарының біркелкі дауысты не  
дауыссыз  дыбыстардан  басталатын  сөздерден  құралуы  –  ер-
теден  келе  жатқан  кәнігі  тәсіл.  Бұл  жерде  біркелкі  ұйқас  бу-
ындардан  гөрі,  біркелкі  дыбыстардан  басталатын  сөздердің 
тармақ  басында  қатарынан  келуі  жиірек,  демек,  аллитера-
ция  мен  ассонанс  құбылысы  көзге  түседі.  Бұл  тәсіл  өлеңнің 
үнділігін  (музыкалылығын)  күшейтумен  қатар,  сөз  таңдауда, 
демек,  әдеби  тіл  лексикасын  түрлендіріп  отыруда  үлкен  рөл 
атқарады. Мысалы:
Ораздының он ұлы
Ойын салып жүргенде, –
108
 Мағауин М. Қобыз сарыны. - Алматы, 1968.


115
деген  жолдардағы  о  дыбысынан  басталатын  сөздерді  келтіру 
үшін бақытты сөзінің синонимі оразды сөзін табады. Немесе:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет