123
Ескерткіш тілінің лексикалық қазынасына тән тағы бір
сипат – сөздердің жарыспалылығы, яғни бір мағынадағы
сөздің көне-жаңа, қыпшақтық-оғыздық, түркілік-арабтық,
түркілік-парсылық, арабтық-парсылық түрлері (вариантта-
ры) ретіне қарай бірінің орнына бірі қолданыла берген. Бұл
жарыспалылықтың кейде тіпті ешқандай стильдік не өзге
себептері де жоқ болып келуі мүмкін. Ал кейде бір мағынада
алынған сөзді оның екінші эквивалентімен түсіндіріп отыру
әрекеті де байқалады. Мысалы, «әмірші» мағынасындағы
бек,
әмір сөздерін кейде қазақтың
аға сөзімен алмастырып атай-
ды:
мың бегі /мың ағасы; әміршінің (ханның, бектің) некелі
жұбайы мағынасындағы лауазымды (титулды) білдіретін
хатун
(қатын) сөзі осы мағынадағы қытайдың
фужин, монғолдың
еке сөздерімен қатарласа (бірінің орнына бірі) жүреді.
Бірінің орнына бірі жұмсала беретін
белгілі/мәшһур, йа-
зылды/ шарх берілді, күн туғуш/машрақ, бу күн /һануз, йурт/
мақам, йағы/ душман, улуғ/бузург, йарлуқ/фарман, оғул/фар-
занд, мың/һазара, кіші/нафар, бөлік/қисм, көб/аксар деген
сөздердің алдыңғы қатарын түркі тұлғалары құраса, екінші
қатары араб пен парсы сөздері болып келеді.
Мұндай лексикалық жарыспалылық – тек біз талдап отыр-
ған шежіренің тіліне ғана емес, жалпы ортағасырлық түркі
ескерткіштерінің көпшілігіне тән сипат. Бұл, бір жағынан, әлі
жеке-жеке ұлттық тілдер болып қалыптасып бітпеген орта-
ғасырлық түркі жазба тілдерінің лексикалық нормасы тұр-
ақталмағандығын танытса, екінші жағынан, орта ғасырларда-
ғы түркі жазба дүниесінің араб және парсы әдебиетімен (де-
мек, тілдерімен де) тығыз байланысты
болғандығын көрсетеді.
Үшіншіден, көне түркі Орхон-Енисей жазбалары тілі мен ерте
орта ғасырлардан (XI-ХII ғ.) келе жатқан шығыстүркістандық
(көне ұйғыр) жазба әдеби дәстүрінің әсері әлі де бар екендігін
байқатады. Мысалы, көне
біту (жазу),
үкүш (көп),
ерді (еді),
нүң (не) сияқты сөздер мен шығыс септіктің
-дын /-дін, -тын
Достарыңызбен бөлісу: