128
Сөйтіп, қазақтың ескі жазба әдеби тілінің морфологиялық
құрылымында қыпшақ элементтерінің үлесі айтарлықтай.
Дегенмен оның негізі шағатай тілі болғандықтан, осы жазба
дәстүр бойынша қолданылған оғұз және көне ұйғыр тілдеріне
тән тұлғалар да едәуір орын алған. Бұл ерекшелік ортағасырлық
түркі жазба тілдерінің барлығына тән.
Сөз болып отырған кезеңдегі жазба әдеби тіл араб жазу-
ын пайдаланғандығы белгілі. Емлеге келгенде ортағасырлық
түркі жазбаларының барлығына ортақ дәстүрлі жазу норма-
сы сақталған, атап айтқанда, қосымшалар жалғауда сөздің
соңғы дыбысының дауысты, қатаң, ұяң болып келуіне қарай
үндесуінің сақталмауы, сондай-ақ қыпшақ тілдерінде сөз ішінде
ұяң дауыссыз дыбыс келетін сәттерде дәстүр бойынша қатаң
дыбыс әрпін жазу
тоқуз,
йақа, йоқары, тақы, бұлар қыпшақ
тілдерінде
тоқыз/тоғуз, йаға/жаға, йоқары/жоғары, тағы
болулары керек еді). Тәуелдік жалғаулары немесе дауыстыдан
басталатын өзге де қосымшалар жалғанғанда сөз аяғындағы
қатаң дыбыстарды ұяңдатпай жазу да емле дәстүріне берілген
«құрмет»
(су айақында, чықып келді, қамчы соқып), некен-саяқ
болса да,
йақшы, ұқшар сияқты қыпшақтық тұлғалардың
йах-
шы, охшар болып жазылуы да – көне ұйғыр емлесінің дағдысы.
Достарыңызбен бөлісу: