Тәтіғара, Үмбетей, Бұхар жыраулар мен Шал
120
, Көтеш
ақындар. Зерттеуші М.Жармұхамбетов атақты «Елім-ай»
жыр дастанының авторы деп Қожаберген Толыбайұлы де-
ген жырауды атаса
121
, Ы.Дүйсенбаев сол өлеңнің авторы бо-
лар деп Топыш ақын деген есімді атайды
122
. Әрине, үш-төрт
ұрпақты қамтитыны бір ғасырлық бұл ұзақ мерзімнің ішінде
қазақ қауымынан шыққан сөз зергерлері бұдан әлдеқайда көп
болғаны даусыз. Тіпті осы күнгі кітаптардың өзінде Жанкісі,
Есет жырау, Қобылан жыраулардың аталып, олардың
бізге жеткен бірді-екілі толғаулары ұсынылып жүргені мәлім
(«Ертедегі әдебиет нұсқалары» атты кітапты қараңыз. - Алма-
ты, 1967). Әдебиет зерттеушісі Қайым Мұхаметханов Бұхар
жыраудың осы күнгі жарияланып жүрген мұраларының ішінде
өзге жыраулардың да, атап айтқанда, Байдалы бидің толғаулары
араласып кеткенін көрсете келіп, «Байдалы – Бұхардың заман-
дасы, сөз өнерінің өрен жүйрігінің бірі, XVIII ғасырдың ақын-
жырауларының қатарынан орын алатын адам», – деп түйеді
123
.
Демек, бұл пікірді құптасақ, бұл күнге дейін тек шешендік
сөздердің авторы ретінде Байдалы би деп қана танылып келе
жатқан адамға Байдалы жырау деп те қарауға тура келеді.
Бірақ олардың барлығының әлеуметтік үні бірдей болмаған.
Сондықтан әдеби мұраны екшеуге, екшеп барып халық жа-
дында сақтауға келгенде талабы өте қатал «ауызша баспа»
тақырыбы «ауыл-аймақ, бота-тайлақтың» төңірегінен ұзап
шықпағандарын ысырып тастап отырған. Өйткені жер-жерде
ру-тайпа мүддесінен туған поэзия үлгілері әрі құптаушылары
120
Шал Құлекеұлының есімін, сірә, XIX ғасырдың I жартысының әдебиет әлеміне
қатыстырып та сөз ету қажет болар. Егер оның туған-өлген жылдарын 1760-1831 деп
тапсақ, ақынның шығармашылық жолының дені XIX ғасырға тура келеді.
121
Жарұхаметов М. «Елім-ай» жыр-дастаны //Қазақ әдебиеті. - 1981, 15 май.
122
Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. - Алматы, 1975. - 14-б.
123
Мұхаметханов Қ. Бұхар жырау //Қазақ әдебиеті. - 1982, 6 август.
132
аз болғандықтан, әрі қазақ қауымының сол дәуірлердегі бы-
тыраңқылық, сапырылыстық жағдайынан да тез ұмытылып
отырған. Сақталатындар – ұсақ ру-тайпалық мүддеден я бол-
маса бір ханның жеке басының мүддесінен жоғары, жалпы-
халықтық идеяны сөз ету негізінде туған өлең-жырлар болған.
Сондықтан бір ғасырлық қыруар сөз дариясынан сүзіп алынған
маржаны жоғарғы 7-8 ақын-жыраулардың есімдерімен шек-
теліп отыр. Олардың өздерінің де түгел жетпегенін білеміз.
Бұлардың ішінде сөз үлгісі көбірек жеткені – Бұхар жырау.
Оған себеп жырау творчествосының тарихи-әлеуметтік мәні-
нің болғандығында, яғни Бұхар – «қазақ поэзиясында бұған
дейін жоқ жаңа тақырыпты – халықты бірлікке шақыру, осы
бірліктің ұйытқысы хандық мекемені нығайтуды уағыздау
сияқты қоғамдық, дәуірлік тақырыпты көтерді» (Қ.Өмірәлиев).
Мейлі хандық арқылы болсын, мейлі орысшыл, патшашыл
хандарды тақтан тайдыру арқылы болсын (Исатай-Махамбет
көтерілісінде), мейлі өздерінің дегеніне құлақ асатын хан-
ды сайлау арқылы болсын (Сырым Датұлы бастаған халық
қозғалысы) – әйтеуір халықтық бірлікті сақтау, жер-су иелігінен
айрылмау, сайып келгенде, тәуелсіздікті қорғау сияқты жалпы
елдік арман-мұратқа үн қосатын әдеби мұраларды сақтауға да,
таратуға да халық мүдделі болған.
Екіншіден, біздің топшылауымызша, мұсылманша сауатты
болған Бұхар жыраудың толғаулары кезінде қолжазба түрінде
хатқа түсіп, сол арқылы да таралуы мүмкін.
Ал Тәтіғара сияқты жыраулардан қазіргі көпшілікке ұсы-
нылып жүрген мұрасы екі-үш шағын толғаулар төңірегінде
ғана, оның өзінде де ел қорғап, жауға шабатын батырлар-
ды санамалап айтқан немесе ханы Абылайды қайрай айтқан
бір-екі өлеңі ғана сақталған. Сірә, Қ.Өмірәлиев айтқандай,
ертедегі ақын-жыраулар мұраларының бізге жетіп-жетпеуінде
кездейсоқтық құбылыстың орын алғаны сөзсіз. Кезінде көп
қайталанбай, ауыздан ауызға мұқият тапсырылмай қалған
дүниелер сол күйінде мүлде жоғалғаны да – ақиқат. Олардың
ішінде әлеуметтік үні бар, халық мүддесінен шығарылған
туындылардың бар болуы да ықтимал. Көп сәтте көркемсөз
мұрасын сақтайтын ортаның, сол орта ұстаған дәстүрдің де
рөлі зор болған.
133
Екінші. Біз әңгіме етіп отырған дәуірде қазақ ауыз әдебиеті-
нің мол нұсқалары бар-ды. Олар – әрине, тек сол ғасырдың
өзінде пайда болғандар емес. Фольклор дүниесінің қомақты
жанры – батырлар жырларының көпшілігі, зерттеушілердің
айтуларына қарағанда, Алтын Орда дәуірінен бастап, XIV
ғасырдың соңы мен XV-ХVI ғасырларда жасалған (жырланған)
ескерткіштер
124
.
Сондай-ақ фольклор мұрасының одан да арғы кездердегі
– Батыс Түркі қағанатының (VI-VIII ғ.), Ақ Орда, Ноғай Ор-
дасы және Өзбек хандығының (ХІІІ-ХVІ ғ.) тұсындағы ру-
тайпалардың ертегі-жырлары болғандығы да белгілі
125
.
Ауыз әдебиеті мұраларының XVIII ғасырда жырланған
варианттары кейбір тілдік-көркемдік элементтерінің көрінуі
жағынан осы күнгі бізге жеткен нұсқаларымен де, өздерінің
пайда болған кездегі алғашқы үлгілерімен де дәлме-дәл
түспейтіні анық. Фольклорлық шығармалардың XVIII ғасырда
хатқа түскен нұсқалары болмағандықтан, эпостың немесе
ертегінің, я болмаса тұрмыс-салт жырларының осы дәуірдегі
варианттары тілі жағынан дәл мынадай болып еді деп сипаттай
алмаймыз.
Үшінші. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамына қызмет еткен
тілді танытатын нұсқалардың тағы бірі – ресми іс-қатынасы
қағаздары болды. Бұлар хан-сұлтандардың, старшындардың
орыс патшасына, Ресейдің әкімшілік орындарына және бір-
бірлеріне жазысқан хаттары, арыз-өтініштері, мәлімдемелері,
үндеулері т.б. Бұл әдебиеттің құнды бір ерекшелігі – хатқа
түскендігі, сондықтан бұлар жазба тілдің белгілі бір стилінің
қандай сипатта болғанын қиналмай көрсететін материал бола-
ды.
Төртінші. Бұл дәуірде қазақ өлкесін Ресей үкіметі тарапы-
нан танып-білу әрекеті қызу жүрді. Сол кездегі орыс саяхат-
шылары мен ғалымдарының және қызмет бабындағы кейбір
адамдардың орыс тілінде жазған материалдарының ішінде
жекелеген қазақ сөздері кездеседі. Бұлар әңгіме етіп отырған
124
Валиханов Ч.Ч. Көрсетілген кітап. 419-б.; Кидайш – Покровская Н.В.,
Нурмағамбетова О. А. Героическая поэма « Кобланды батыр» //Кобланды батыр. - М.,
1975. - С. 11.
125
Смирнова Н.С Особенности развития казахского эпоса, его поэтика //История
казахской литературы. В 3-х томах. - Т. I. - Алма-Ата, 1968. - С. 241.
134
кезеңдегі қазақ тілінің лексикалық құрамын айқындауға
септігін тигізеді.
Бесінші. Соңғы кездерде архив қазыналарынан іздестіріп
тапқан материалдарға қарағанда, XVIII ғасырдың соңғы шире-
гінде Ресей үкіметі тарапынан қазақ тілінің кейбір сөздерінің
орысша және өзге тілдердегіше баламасын көрсететін шағын
сөздік іспеттес тәжірибелер болғаны анықталды. Бұлар:
1) «Парсы және татар диалектілері» деп аталатын 10 беттік
қолжазба, 2) 49 орыс сөзінің қазақша және монғолша аударма-
лары берілген қолжазба, 3) «Хиуа, Бұхар, қырғыз (яғни қазақ –
Р.С.) және мешер тілдеріне аударылған орыс сөздерінің тізімі»,
4) 1774 жылы жазылған орысша-қазақша сөздіктің қолжазбасы
т.б. Бұларда берілген материалдар кейбір қазақ сөздерінің
XVIII ғасырдағы берген мағыналарын, кейде тіпті фонетика-
лық суретін тануға көмектеседі, өйткені бірқатар сөздіктерде
қазақ сөздері орыс әрпімен жазылған немесе орысша транс-
крипциясы берілген.
Әдебиет зерттеушілердің XVIII ғасырдағы тарихи жыр-
лар деп таныған (фольклордағы эпос категориясынан бөліп
қарап жүрген) Абылай хан, Қаракерей Қабанбай батыр,
Қанжығалы Бөгембай батыр, Шақшақ Жәнібек батыр, Олжа-
бай, Өтеген, Арқалық батырлар туралы жырлардың осы күнгі
біздің қолымыздағы мәтіндері – тууы мен жырлануы жағынан,
біздіңше, дәл XVIII ғасыр туындылары емес. Сөз жоқ, о баста
тарихта болған осы адамдардың аттарына байланысты аңыздар,
әңгімелер, толғау-жырлар болған, бірақ олар бізге сол пайда
болған түрлерінде жетпей, кейін, XIX ғасырда, оның да екінші
жартысында, тіпті кейбіреулері біздің дәуірімізде жаңарып,
«жаңғырып жырланған нұсқалар екенін оларды зерттеушілер
атап көрсетіп отырады. Мысалы, біздің заманымызда Жәнібек
батыр жырын өңдеп, толықтырып, қайыра жырлаушы – халық
ақыны Иманжан Жылқайдаров, Өтеген батыр туралы жырды
өткен ғасырда Сүйінбай жырласа, кейін, 1937 жылы Жамбыл
оны қайта жырлаған, Арқалық батыр туралы Иса Байзақов,
Ертай Құлсариев, Саяділ Керімбеков өз туындылары ретінде
үстіміздегі ғасырдың 30-жылдарында қайта жырлаған
126
. Де-
мек, тіл тарихын зерттеу тұрғысынан келгенде, біз бұл жыр-
126
Қазақ тарихи жырларының мәселелері. - Алматы, 1979. - 95, 124, 163,166-б.
135
ларды XVIII ғасырдың үлгілері ретінде қарастыра алмаймыз.
XVIII ғасырдың мұралары да бізге ауызша сақталу арқылы
жеткендіктен, жоғарыда көрсетілгендей текстологиялық
қиындықтар мұнда да кездеседі. Мысалы, мұрасы едәуір толық
және аса көп өзгеріссіз жетті-ау деген Бұхар жырау шығар-
маларына ғылыми тұрғыдан текстологиялық жұмыстар жүргізу
қажет екендігі сөз болып келеді
127
. Бұхар шығармашылығының
тілін, суреткерлік шеберлігін, стильдік жаңалықтарын арнайы
зерттеген Қ.Өмірәлиев бұл күнде Бұхардікі деп беріліп жүрген
4 толғауды жырау меншігінен мүлде шығарып тастауды ұсы-
нады (олар: «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек», «Ей, айташы, Алланы
айт», «Ақтың үйі – мешіт-ті», «Ай, заман-ай, заман-ай»). Тағы
бір топ толғауды Бұхар шығармасы екендігі я еместігі шартты,
демек, олар да дүдамал деп табады. Зерттеушінің бұл үзілді-
кесілді байламдарына түгелдей қосылмасақ та, оның Бұхар
мәтіндерін осылайша талдап қарау принциптерін құптаймыз.
Бұл күндерде Бұхар жыраудікі деп ұсынылып жүрген
мұраларға оның авторлығы жөнінде біздің пікіріміз мынадай
(Қ.Өмірәлиевтің айтқандарын ескере отырып түйгенде):
1. Бұхардікі емес деп санайтын «Ей, айташы, Алланы айт»,
«Ақтың үйі – мешіт-ті» деген екі толғауды біз осы жыраудың
«қаламына» жат емес деп ойлаймыз (ол жөніндегі дәлел бұрын
келтірілген). Ал мына дүниелерді Бұхар авторлығына кейіннен
телінген деп түйеміз: «Әлемді түгел көрсе де» деп бастала-
тын 15 жолдық өлең, ең алдымен, толғау емес, ол – белгілі бір
құрылым, : өлшем және ұйқас суреті қатаң сақталған жазба
поэзияның үлгісі: өлең үш шумақтан бес тармақтан тұрады,
ұйқас кестесі: а, а, б, а, в. Бесінші тармақ рефрен іспеттес, ол
үш шумақтың үшеуінде өзара ұйқасып келеді: Қызыққа той-
Достарыңызбен бөлісу: |