Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет65/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   180
мас адамзат //Өмірге тоймас адамзат// Үмітін қоймас адам-
зат.
Жалпы  «адамзаттық»  тақырыпқа  айтылған  бұл  «филосо- 
фиялық  өлең  мазмұны»  жағынан  жырауға  жат  болмаса  да  
(Бұхардың көп туындыларының тақырыбы жалпы ой толғау- 
лары болып келетіндігі мәлім ғой), өзінің құрылымы мен жаса-
лу техникасы жыраулық емес. Оның үстіне мұндағы «ай нұрын 
127
 Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғ. қазақ..., 140-141-б.; Мұхаметханов Қ. Бұхар жырау 
//Қазақ әдебиеті. - 1982, 30 июль - 6 август


136
ұстап  міну»,  «аспанда  жұлдыз  аралау»,  «әлемнің  қызығын 
қолмен  бөлу»,  «қисынсыз  күйге  түсу»  сияқты  образдар  – 
Х-ХVІІІ  ғасырлардағы  қазақ  поэзиясына  тән  емес.  Мұндай 
перифраздардың  алғашқы  нышандары  Дулаттан  басталса, 
Абай оны қазақтың жазба поэзиясының жүйелі түрдегі үлкен 
бір тәсіліне айналдырған болатын. Сондықтан бұл шығарма – 
Бұхар мұралары деп ұсынылып жүрген шығармалардың ішінде 
оқшау тұрған, жаттығы бірден көзге ұратын (жыраудың тұтас 
стилін танитын адамға) туынды.
 
«Көк көгершін, көгершін» деген толғау да – Бұхардікі емес 
деп  табамыз.  Мұндағы  образдар  Бұхарға  жат:  «Еділдің  арғы 
жағын Алты ай жүріп айландым» деген образ – Еділ, Жайық 
маңында  өткен  Шалкиіз,  Қазтуған,  Доспамбет  жыраулар 
«қаламының» дүниесі. Оның үстіне мұндағы бірқатар жолдар 
еш өзгеріссіз «Ер Тарғын» жырында кездеседі.
Эпоста:
Көк көгершін, көгершін,
Көк кептер ұшар жем үшін.
Баданамды баса бөктеріп,
Күн-түн қатып жортқанмын...
Балтаға бардым тал үшін,
Талды кестім сал үшін.
Айналасы алты айшылық Еділге 
Тарланды талай-талай салғанмын.
Бұхарда:
Көк көгершін, көгершін,
Көк кептер ұшар жем үшін.
Көк ала қалқан жамылып,
Ерлер жортар мал үшін.
Тең, тең үшін, тең үшін,
Терек кестім сал үшін.
Еділдің арғы жағын 
Алты ай жүріп айландым.
Ал біз «Ер Тарғын» жырының көркемдеуіш құралдары мен 
жеке  образдары  жағынан  Шалкиіз,  Қазтуған  жырауларға  өте 
жақын екендігін, солардың «қаламынан» шыққан немесе сол 
жыраулар  мектебінен  «дәріс»  алған,  солармен  тұстас,  стиль-
дес, «тілдес» автордікі екендігін айтар едік.


137
Құлмат  Өмірәлиев  «Ақсаңнан  биік тау  болмас», «Жар  ба-
сына  қонбаңыз»,  «Көкте  бұлт  сөгілсе»,  «Алыстан  қызыл 
көрінсе»,    «Қара  арғымақ  арыса»,  «Арту-арту  бел  келсе», 
«Асқар  таудың  өлгені»  деген  толғаулардың  Бұхар  туындыла-
ры екендігі я еместігі таза шартты деп санайды. Ондағы негізгі 
мотиві  –  олардың  мазмұны  (тақырыбы)  жағынан  ақыл-өнеге 
айтатын  дидактикалық  толғаулар  екендігі,  бұл  тақырыптың 
ертеден  келе  жатқан  жыраулардың  баршасына  ортақтығы, 
ондағы сөз-образдардың бірінен екіншісіне көшіп жүретіндігі, 
соның нәтижесінде авторлығы күңгірттеніп, ортақ дүниелерге 
ауысатындығы.
Егер  біз  Бұхар  мұраларының  ішіндегі  мұндай  дүниелерді 
оның  иелігінен  шығарып  тастасақ,  бұл  жыраудың  да  алдың- 
ғылар сияқты, бір жағынан, шешен-дидактик екендігін жоққа 
саймас  па  екенбіз.  Сөз  жоқ,  Бұхар  –  дидактикалық  поэзия-
мен  қатар,  азаматтық  поэзияның  да  жыршысы.  Бұл  жердегі 
азаматтық поэзия деп отырғанымыз – нақтылы оқиғалар мен 
адамдарға  қатысты  жырланған  толғаулар.  Бұл,  сірә,  Бұхар 
шығармашылығының салмақтырақ түсетін бөлігі болар немесе 
әлеуметтік мәні күштірек бұл дүниелер жақсырақ, ұқыптырақ, 
түгелдеу сақталған болар. Дегенмен Бұхардың да, ең алдымен, 
жырау екендігін, оның да ақылгөй, дана, қауым көсемі ретіндегі 
орны  мен  қызметін  ескерсек,  сірә,  ортақ  ой,  ортақ  мотивке 
құрылған  толғаулар  да  жырау  «қаламына»  жат  болмас,  осы-
лай түйе тұра біз Бұхардың тілі мен стилін талдауға жоғарыда 
көрсетілген толғаулардың материалдарын тартпадық. Оған ав-
торы күмәндығынан гөрі, бұл шығармалардың тілдік-стильдік 
тұлға-тәсілдерінің ортақтығы, дәстүрлілігі, бірдейлігі де себеп 
болды.  Жалғыз  Бұхар  емес,  өзге  ақын-жыраулар  мұраларына 
да осы шартты қою керек.
Мұның сыртында Бұхар өлеңдері мен толғауларының (сон- 
дай-ақ    өзгелердің  де)  жалпы  мазмұны,  тіпті  ұйқастары  мен 
образдары  дұрыс  сақталғанмен,  кейбір  жеке  сөздері  немесе 
грамматикалық тұлғалары өзгеріп, екі-үш вариантта ұсынылып 
жүргендері  аз  емес.  Мысалы,  Бұхар  шығармаларының  1962 
жылғы жариялануындағы: «Еңсесі биік кең сарай Мортық бо-
лар  бөлген  соң»
128
  деген  екі  жол  Мәшһүр  Жүсіп  дәптерінде: 
128
 ХVIII-XIX ғ. қазақ ақындарының шығармалары. - Алматы, 1962. - 34-б.


138
«Еңсесі  биік  кең  сарай  Мортық  болар  бүлген  соң»
129
  деп 
берілсе,  1925  жылғы  «Таң»  журналында:  «Еңсесі  биік  кең 
сарай  Хемшік  болар  бөлген  соң»
130
  деп  ұсынылған.  Мұнда 
екі  жолдың  ішінде  екі  сөз  құбылып  отыр:  бөлу/бүлу,  морты/
кемшік. Алдыңғы пар – бір-бірінен бөлек дүниелер, дұрысы – 
бүлу болуы керек, ол – «талқандалу, ойрандалу, жаудан жеңілу» 
мағынасын  беретін  көне  сөздердің  бірі.  Соңғы  парлар  да  – 
мағыналары  жуық  болғанмен,  екі  басқа  түбірлер,  тіл  тарихы 
үшін бұлардың қайсысы қай дәуірде қолданылғанының үлкен 
мәні бар. Сол сияқты, Мәшһүр Жүсіп дәптерінде: «Ат тұяғы 
тимеген  Ақ  кіріш  тас  суда  бар»  деген  жолдар  1962  жылғы 
кітапта «ақ кірпіш тас суда бар» болып келеді. Мұнда да өлең 
мазмұны, ұйқасы, образы бірдей болғанмен, кіріш пен кірпіш 
– бірдей емес, екеуі – екі бөлек сөз: дұрысы кіріш болуы ке-
рек. Ол жөнінде Б.Сүлейменова нанымды этимологиялық тал-
дау жасайды
131
. Бұл типтес мысалдардың бірқатары бұрын да 
бірнеше  рет  көрсетілген  болатын.  Мысалы,  «Басына  мұнша 
көтерген»  деген  тармақ  екінші  бір  басылымда:  «Басына 
моншақ  көтерген»  болып  беріліп  жүр.  Сол  сияқты:  «Судан 
қашып қарағай Шөлге біткен бір дарақ» дегендегі соңғы сөз 
бірде тарақ, тағы бірде дұрақ болып ұшырасады.
Бұлардан басқа мына тіркестер түрліше оқылып (жазылып) 
жүр: «Үйсін Төле билердің/Үйсін Төле бидің, Несібеңді жат-
тан  тіледің/Несібеңді  елден  ойладың;  Тақымы  кеппес  ұры 
едің/ Тоқымы кеппес ұры едің» (бұл қатардың, сірә, соңғы ва-
рианты – дұрысы болар, өйткені, Қайым Мұхаметханов дұрыс 
айтқандай, ұрлықпен күн-түн қатып, ат үстінде жүргендіктен, 
образ  ат  терінен  кеппейтін  тоқымынан  алынған  болу  керек 
және бұл тіркес Үмбетейде де кездеседі: «Тоқымы кеппей топ-
танып, Ел тонауға аттанып... Көтерермін, көнермін» «Көнер 
ермін,  көнермін»;  «Күнінде  мендей  жырлайтын»  /  «Күнде 
мұндай  сөйлейтін»;  «Сен  –  бұзау  терісі  шөншіксің»  /  «Сен 
–  бұзау  терісі  шөніксің»;  «Асау  талқан  бұздырған»  /  «Асуды 
талқан бұздырған» т.т.
Тек  жеке  сөздер  мен  тұлғалардың  варианттылығы  емес, 
өлең-толғау  мәтіндерінің  кейде  тұтас,  кейде  үзіктерімен  бір 
129
  Қазақ ССР ҒА Орталық кітапханасы. - Қолжазбалар қоры. - 334-п.
 
130
 Таң  журналы. - 1925. - №2.
131
 Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. - Алматы, 1966. - 109-111-б.


139
автордан екіншісіне көшіп, қайталап жүруі немесе тіпті ауы-
сып кету фактілері өткен ғасырлардың әдеби дүниесінде едеуір 
орын  алады.  Міне,  осындай  жайлар  белгілі  бір  суреткердің 
тілін  талдауда  да,  тіпті  белгілі  бір  дәуір  тілін  танытуда  да 
қиыншылықтар  туғызады.  Әсіресе  бұл  қолайсыздық  тілдің 
әдеби  нормаларының  қалыптасу,  даму,  тұрақтану  процесін 
зерттеуде сезіледі.
Дегенмен осы сияқты қиыншылықтың барын ескере, есеп-
ке  ала  отырып,  біздің  заманымызға  жеткен  үлгілердің  тіліне 
талдау жасап, әңгіме етіп отырған дәуірдің – ХVIII ғасырдың  
әдеби тіліне біршама сипаттама беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет