Дипломдық ЖҰмысты (жобаны) Әзірлеу ережелері негізгі қағидалары


Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу ретіне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата15.03.2022
өлшемі251,93 Kb.
#28042
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
§31 kaz

3. Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу ретіне қойылатын талаптар  

 

12. Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу үшін әрбір студентке кафедраның ұсынуымен 



ғылыми жетекші тағайындалады.  

13. 


Дипломдық 

жұмыстардың 

ғылыми 

жетекшісі 

болып 

университеттің 



профессорлары,  доценттері,  тәжірибелі  оқытушылары  мен  ғылыми  қызметкерлері  немесе 

ғылыми  зерттеулері  мен  ғылыми  жарияланымдары  білім  алушының  мамандығына  сәйкес 

басқа ұйымдардың ғылыми қызметкелері мен жоғары білікті мамандары тағайындалады.   

14. Дипломдық жұмыстың(жобаның) ғылыми жетекшісі: 

1) дипломдық жұмысты(жобаны) орындауға тапсырма береді; 

2)  студентке  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  жасаудың  толық  мерзіміне  күнтізбелі 

кестені құрастыруға көмектеседі; 

3)студентке  керекті  негізгі  әдебиеттерді,  анықтама  және  мұрағаттық  материалдарды, 

типтік жобалар мен тақырып бойынша басқа да мәліметтерді ұсынады;  

4) дипломдық жұмыстың күнтізбелі кестесінің орындалуын бақылап отыру үшін кеңес 

беру кестесін анықтайды; 

5)  дипломдық  жұмыстың  (тараудың)  барлық  тарауларының  көлемін  анықтап,  диплом 

студент пен кеңес берушілердің жұмысын үйлестіріп отырады.  

15.  Әр  тараудың  орындалу  кезеңдері  көрсетілген  жұмыстың  күнтізбелі  кестесі  толық 

мерзіміге құрастырылып, ғылыми жетекшімен келісіледі.  

16.  Керек  болған  жағдайда  дипломдық  жұмыстың(жобаның)  ғылыми  жетекшісінің 

ұсынуымен  ғылыми  жетекшілікке  бөлінген  уақыт  есебінен  кафедра  дипломдық  жұмыс 

(жобаның) жеке тараулары бойынша кеңесшілерді шақыруына болады.  

17.  Кеңесші  болып  ЖОО-лар  профессорлары,  доценттері,  оқытушылары  мен  ғылыми 

қызметкерлері, сондай-ақ, басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері тағайындалуы мүмкін. 

Кеңесшілер студенттің орындаған сәйкес тарауларын тексеріп қол қояды.  

18.  Түлек  шығарушы  кафедра  дипломдық  жұмыс  (жоба)  бойынша  жұмыс  басталмай 

тұрып  әдістемелік  нұақаулықтар  жасап,  студентті  қаматамасыз  ету  керек.  Бұл  нұсқаулықта 

мамандықтың кәсіби білім беру бағдарламаларына  және осы ережелерге сәйкес дипломдық 

жұмысқа (жобаға) қойылатын талаптар көрсетіледі. 

19. Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты(жобаны) орындау бойынша кезеңді есеп 

беру  уақытын  белгілейді.  Осы  уақытта  студент  ғылыми  жетекші  мен  кафедра  меңгерушісі 

алдында жауап береді. Олар дипломдық жұмыстың (жобаның) дайындық дәрежесін анықтап, 

ол туралы факультет деканына мағлұмат береді.  

20.  Дипломдық  жұмыс(жоба)  мамандық  бойынша  әдебиеттерді  (оқулықтарды,  оқу 

құралдары, монографияларды, дәріс курстарын, журналдарды, соның ішінде шетел тіліндегі, 

нормативтік әдебиеттерді және т.б.). терең оқып меңгеру негізінде жасалады. 

21.  Кез-келген  дипломдық  жұмыс(жоба)  тапсырмаға  сәйкес  перспективті  теориялық 

және практикалық мәселелерді қамтуы керек.  

22.  Дипломдық  жұмыстың  негізгі  мәтінішығармашылық  ойын,  зерттеу  әдістерінің 

негіздемесін,  есептеу  әдістері  мен  компьютерлік  технологиялар  арқылы  алынған 

есептеулерді,  жүргізілген  тәжірибелердің  сипаттамаларын,  оларды  талдау  мен 

қорытындыларын,  нұсқаулардың  техникалық-экономикалық  салыстыруын  толық  ашып, 

иллюстрациялар, графиктер, эскиздер, диаграммалар, схемалар және т.б. өңделуі керек. 

23. 


Дипломдық 

жұмыс(жоба) 

ЖОО-да, 

мекемелерде, 

ғылыми, 

жобалық-


конструкторлық және т.б ұйымдардаорындалуы мүмкін. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет