Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт Тапсырыс берушінің өңірі Шарттың нөмірі шарттың күні Бұдан әрі «Тапсырыс беруші»



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата15.03.2022
өлшемі71,56 Kb.
#28098
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
contract project 6522236

11 Даулы мәселелерді шешу

11.1 Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың

арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер үдерісінде

шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.

11.2 Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша

дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының

заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

12 Өзге де шарттар

12.1 Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және

кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.

12.2 Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда

жасалады.



12.3 Өнім берушінің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да

шарттарда жасалған Шартқа өзгерістерді енгізуге:

1) көрсетілетін Қызметтің бағасын және тиісінше Шарт сомасының азаюы бөлігінде

Тараптардың өзара келісімі бойынша;

2) Шартта көрсетілген Қызметтердің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында көрсетілетін

Қызметтер көлемінде қажеттіліктің азаюымен не ұлғаюымен байланысты Шарт сомасының

азаюы не ұлғаюы бөлігінде. Жасалған шартты осындай өзгертуге осы мемлекеттік сатып алу

бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;

3) егер Өнім беруші онымен жасасқан Шартты орындау үдерісінде көрсетілетін қызмет бірлігі

үшін бағаның өзгермеуі шартында онымен жасасқан Шарттың мәні болып табылған

көрсетілетін қызметтің анағұрлым жақсы сапалы және (немесе) техникалық сипаттамасын не

мерзімін және (немесе) талаптарын ұсынған жағдайда рұқсат беріледі;

4) жасалған шарт сомасының өзгермеуі талабымен мемлекеттік бюджет есебінен жылдар

бойынша қаржыландыру өзгертілген немесе жұмыстардың сметалық құны азайтылған және

кейіннен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерiстер енгiзілген

жағдайда, жұмыстарды орындау жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу

мерзімдерін өзгерту бөлiгiнде рұқсат беріледі.

12.4 Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың жазбаша

келісімімен жол беріледі.

12.5 Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде

жасалды.

12.6 Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын

басшылыққа алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет