Маралбек ермұхамет


 «Қашықтық» ұғымының тілдік парадигмасы



Pdf көрінісі
бет137/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

 
5. «Қашықтық» ұғымының тілдік парадигмасы 
Қашықтық кез келген заттардың өз бойындағы екі нүктенің немесе бір зат 
пен екінші заттың, тіпті әлденеше заттың аралық межесі саналады. Бұл меже түзу 
сызықтың  бойында  да,  қисық  сызықтың  бойында  да  жатады.  «Көлем», 
«сыйымдылық»,  «аудан»  ұғымдарының  өзі  де  көптеген  арақашықтық 
шамалардың  жиынтығынан  құралады.  Сондықтан  заттардың  ұзындығы  мен 
қысқалығы, биіктігі мен аласалығы, қалыңдығы мен жұқалығы, тереңдігі мен 
таяздығы, алыстығы мен жақындығы, жуандығы мен жіңішкелігі, кеңдігі мен 
тарлығы  бәрі де екі нүктенің арақашықтығы.  Қашықтық  – заттардың заттық 
қасиеттерінің  бірі.  Қашықтық  екі  бағытта  болады.  Олар  –  көлденең  және  тік 
бағыттар. Қай бағытта болсын, осы қашықтық межелі екі нүктеден тыс кетпейді.   
Бұл  туралы  Ш.Бекмағамбетов  былай  дейді:  «Тіліміздегі  ара,  арасы,  орта, 
ортасы сөздерінің мағынасы әуелде «өз» (осы) ұғыммен бірдей болған, яғни екі 
немесе  бірнеше  заттың  ортасындағы,  сол  заттардан  бірдей  қашықтықта 
орналасқан нүкте, орын. Кейін келе бұл ұғым болжалдық мәнге ауысып, жалпы 
екі  немесе  бірнеше  денелердің  аралығы,  арақашықтығы  ұғымын  білдіретін 
болған» [223, 98 б.].  
Қашықтық  семантикасы  тілдің  әр  деңгейінде  де  көрініс  табады  және 
әлденеше  тіресімдік  ұғымдардан  құралады.  Қашықтықты  құрайтын 
микроұғымдарды  затқа  қатысына  қарай  былайша  жіктеуге  болады:  Бір  заттың 
жеке өзіне байланысты – ұзын, қысқа; екі заттың арақашықтығына байланысты 


181 
 
– алыс, жақын; белгілі заттың ішкі бөлігіне байланысты – кең, тар; жер бетінен 
жоғары қарай – биік, аласа; жер бетінен төмен қарай – терең, таязқалың, жұқа 
т.б.  
«Қашықтық»  ұғымын  білдіретін  лексикалық  бірліктер  біршама  мол. 
Олардың көпшілігі сын есімдер, кейде сындық ұғымды білдіретін зат есімдер. 
Қашықтық  семантикасы  жоғарыда  аталған  тіресімдік  ұғымдары  аясында 
мынадай лексикалық бірліктер арқылы беріледі: 
Ұзын/қысқа: ұзынқысқа, келте, шолақ, кеспелтек, молтық т.б. 
Алыс/жақын:  алыс,  қашық,  қиыр,  шет,  шыған,  қиян,  ұзақ,  ары,  шалғай, 
жырақ, аулақ, алшақ, қырым, шырқау, қиуа, керікжақын, таяу, тақау, бері, 
бермен, жуық, жиі, тығыз, жуыр т.б. 
Биік/аласа:  биік,  жоғары,  аңсағай,  еңсегей,  сұңғақ,  бойшаң,  зәулім,  асқар, 
талғар,  заңғар,  құз;  аласа,  тапал,  тәпелтек,  тайпақ,  талпақ,  мыртық,  пәс, 
қортық, тырбақ, мақар, бәкене, мыртес, бақалтақ, жатаған, мәстек, быртық, 
тәштек, шәлтік, мықыр, шарғы, мыртиған, тәпене, мырық т.б. 
Терең/тайыз: терең, тұңғиық, ойыс, шұңғыл, шұңқыр, шыңыраутаяз, саяз, 
тайыз т.б. 
Қалың/жұқа: қалың, том, бттам, сіреу;  жұқа, жалаң т.б. 
Кең/тар: кең, тар т.б. 
Бұл  тіресім  құрайтын  лексикалық  бірліктердің  әрқайсысының  ішкі 
семантикалық  ерекшелігі  бар  және  тілде  функционалды  стиль  түрлеріне 
байланысты әр алуан қызметте жұмсалады.  
«Қашықтық» ұғымы морфологиялық деңгейде де көрініс табады. Қашықтық 
семантикасын білдіретін синтетикалық формалар төмендегідей:  
- қашықтық семантикасы кейбір деректі зат есім сөздеріне -дай,  -дей, -тай, 
-тей  қосымшасы  жалғану  арқылы  беріледі  (қарағайдай,  құрықтай,  теректей 
т.б.).  Мысалы,  Мүйізі  қарағайдай  алып  өгізді  жан-жағынан  тиген  он  бүгелек 
қызыл  танау  етіп  шапқылатып,  жанын  қоярға  жер  тапқызбайды 
(І.Есенберлин, Алмас қылыш). Мұнда өгіздің мүйізіне қарағай әсерелеулі балама 
болса  да,  жалпы  «мүйізі  тым  ұзын»  деген  мағынаны  білдіріп,  мүйіздің  ұзын 
болуының өзі өгіздің дене бітімі үлкен, алып екенін сипаттайтын белгі болып тұр. 
Яғни қарағайдай сөзі қашықтық (ұзындық) ұғымын білдірумен қатар, стильдік 
қызмет те атқарып тұр.  
-  қашықтық  семантикасы  «қашықтық»  ұғымын  білдіретін  сапалық  сын 
есімдерге -рақ, -рек -ырақ, -ірек; -дау, -деу, -тау, -теу, -лау, -леу салыстырмалы 
шырай қосымшалары жалғану арқылы беріледі. Мысалы, ұзыныраққысқарақ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет