Маралбек ермұхамет


Зерттеу  жұмысының  теориялық-әдіснамалық  негізі



Pdf көрінісі
бет9/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

Зерттеу  жұмысының  теориялық-әдіснамалық  негізі.  Мөлшер 
категориясы  –  көптеген  ұғымдармен  ұштасып  (интеграциялық  қатынаста) 
жататын, қазақ  тілінің барлық  тарихи  кезеңдерінен кең орын алған күрделі 
тілдік, логикалық категория. Сондықтан оның тілдік табиғатын ашу көптеген 
зерттеу  тәсілдері  мен  ғылыми-теориялық  негіздерге  сүйенуді  қажет  етеді. 
Материалдарды  пайдалану,  талдау  бойынша  интегративті  ұстаным 
басшылыққа  алынады.  Зерттеу  жұмысында  функционалды-семантика
функционалды грамматика, құрылымдық грамматика, когнитивті грамматика, 



 
жалпы  тіл  білімі,  этнолингвистика,  когнитивті  лингвистика,  түркология, 
әдебиеттану  ғылымдарының  теориялық  тұжырымдары  мен  зерттеу  әдістері 
басшылыққа алынды.  
Сондай-ақ  әлемдік  лингвистикада  метрологияның  жалпы  мәселелері  мен 
дүниежүзіндегі  әртүрлі  өлшемдер  жүйесін  зерттеген  Ф.И.Петрушевский  [1], 
И.Я.Депман  [2],  Л.А.Молчанова  [3]  еңбектері,  орыс  тіл  білімінде  жалпы 
метрология мәселесі мен ескі өлшемдер жайлы Л.В.Черепнин [4], Г.Я.Романова 
[5], М.М.Копыленко [6], Е.И.Каменцева [7], түркологиялық зерттеулер аясында  
А.Н.Кононов  [8],  [9],  А.М.Щербак  [10],  В.М.Насилов  [11],  В.Д.Аракин  [12], 
Н.З.Гаджиева  [13],  т.б.  ғалымдардың  зерттеулері,  мұсылман  халықтарының 
дәстүрлі халықтық өлшем бірліктерін қарастырған В.Хинцт [14], Е.А.Давыдович 
[15] сияқты ғалымдардың еңбектері басшылыққа  алынды. Сондай-ақ қазақ тіл 
білімінде:  мөлшер  мәнді  тілдік  бірліктерді  құрылымдық  бағытта  сөз  еткен 
Ж.Ш.Ахмедова  [16],  Т.Сайрамбаев  [17],  Ә.Болғанбаев  [18]  еңбектері; 
функционалды  бағытта  қарастырған  А.Байтұрсынұлы  [19],  З.Қ.Ахметжанова 
[20], А.Д.Данияров [21], Қ.Т.Рысалды [22], А.Жаңабекова [23], М.Жолшаева [24] 
еңбектері; тарихи-танымдық, этимологиялық бағытта сөз еткен Ғ.Айдаров [25], 
М.Томанов  [26],  Э.Наджип  [27],  Е.Жанпейісов  [28],  Қ.Өмірәлиев  [29], 
Н.Ғ.Шаймердинова  [30],  К.Қ.Күркебаев  [31],  т.б.  ғалымдардың  еңбектері 
басшылыққа алынды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет