«Өмір бойы білім алу» әрбір қа зақ стандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.
Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңарт пақ ниеттеміз.
Бүгінде дамыған елдерде 1 миллион тұрғынға 1-ден 6 жоғары оқу ор нына дейін келеді.
Қазақстанда барлығы 149 жоғары оқу орны бар.
200 ғылыми кеңестер кандидаттар мен докторларды қалыптан құйғандай етіп жасап шығарып жатыр.
60 кандидаттың 1-і және 37 док тор дың 1-і ғана ғылымға барады.
Осы жылдан бастап ол кеңестердің жұмыстары тоқтатылады.
Бұдан былай магистрлар мен PhD докторлар дайындалатын болады.
Біз университеттік білім беру мен ғы лымды дамытудың жаңа деңгейін қам тамасыз етуге міндеттіміз.
Бүгінде жаңа «Назарбаев уни вер си теті» арқауында нарық сұранысына бағдарланған жоғары оқу орнының инновациялық
моделі қалыптасты ры луда.
Ол барлық қазақстандық жоо-лар үшін үлгі болуы керек.
Менің тапсырмам бойынша бүкіл елде ашылып жатқан 20 зияткерлік мектептер дарынды балаларды үздік жоо-лар үшін
дайындаудың не гізгі арқауына айналатын болады.
Үкіметке мыналарды тапсырамын:
● жоо-лардың инновациялық қыз мет ке көшу тетігін қалыптастыру;
● білім берудің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту үшін білім беруге қолдау көрсетудің жаңа қаржы лық-
экономикалық құралдарын енгізу;
● техникалық және жоғары білім бе рудің деңгейлері үшін бүгінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотекалық құрылыста
жүзеге асырып отырғанға ұқсас жинақтау жүйесін әзірлеу.
Қазақстандықтарда мемлекеттен пай ыз дық бонустар ала отырып бала ларын оқытуға қаржы жинаудың жаңа мүмкіндіктері
пайда болуға тиіс.
● бизнес-қауымдастықтар мен жұ мыс берушілер өкілдерін қатыстыра оты рып Кәсіптік-техникалық кадр лар дайын дау
жөнінде ұлттық кеңес құру.
БІЛІМ БЕРУ