Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет10/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Ж еке  психиатрия  пән і  теориялы қ  ж ән е  тәж ірибелік  тұрғыда  ж еке 
нозологиялық бірліктерді қарастырады.
Психикалық  аурулардың жалпы  ерекшеліктерін,  оның жеке  белгілерін 
(симптомдар), жеке психопатологиялық жағдайларын (симптомдар кешені — 
синдром дар),  п сих оп атол о ги ял ы қ  бұзы лы старды ң  п атоген ети кал ы қ 
механизмдерін зерттеу  —  жалпы психопатология  міндеттері  болып табылады. 
Психикалық  бұзылыстар  түзілуінің  психологиялық  заңдылықтарын  зерттеу 
патопсихология пәнінің еншісінде.
Н ауқасқа  диагностикалы қ  баға  беру  психикалы қ  аурулардың  жалпы 
халы қаралы қ  ж әне  ұлттық  жіктелуі  негізінде  жүргізіледі.  П сихикалы қ 
бұзылыстардың тұрғындар  арасында таралуы жөнінде сенімді  мәліметтер  алу 
маңызды болғанымен, өкінішке қарай, психиатрлар үшін бұл мүмкін емес.  Бұл 
жағдайлар  бірнеше себептерге  байланысты:  психикалық бұзылыстары  айқын 
емес психикалық науқастар психиатр дәрігерге сирек келеді. Оның себебі — өз 
жағдайына  сыни  көзқарастың  болмауы  ж әне  психиатр  дәрігердің  есебіне 
тіркелгісі келмеуіне байланысты.  «Психикалық қалыпты жағдай» шегінде бо- 
латын  жағдайлардан  жеңіл  ш екаралы қ  психикалық  бұзылыстар  түрлерін 
ажыратудың  аны қ,  жалпыға  ортақ  критерийлері  жоқ.  Соңғы  аталғанға 
адамдардың жеке мінез-құлық ерекшеліктерін, транзиторлы жеңіл психикалық 
бұзылыстарды жатқызуға болады.  Осыған байланысты тұрғындардың стацио- 
нарлық немесе амбулаторлы-психиатриялық көмекке келу нәтижелері бойын­
ша алынған психикалық аурулардың таралуы жөніндегі мәліметтер өте тұрақсыз. 
Бұл деректер бойынша тұрғындардың  10-нан 20 пайызға дейінгі бөлігі психиат- 
риялық  көмекті  қажет  етеді.  Айқын  психикалық  бұзылыстар  айқындалған 
аурулардың  саны жөніндегі  мәліметтер  нақтырақ және жалпы тұрғындардың 
1—3 пайызын қамтиды.
Тұрғындардың  арасындағы  психикалық  аурулардың  таралуы  жөніндегі 
мәліметтерге  жасалған  талдау  олардың  артқанын  анықтап  берді.  Осындай 
мәліметтер  нәтижесінде  ғасырдың  бас  кезімен  салыстырғанда,  қазіргі  кезде 
психикалық аурулар санының артқанын көруге болады.  Психикалық аурулар- 
ды анықтау дәрежесі тұрғындар үшін психиатриялық көмектің қолжетімділігіне,


16
I  Тарау.  Психиатрия  оқу  пәні  ретінде,  оның  міндеттері
психикалық ауруларға деген отбасының, қоғамның төзімділігіне байланысты. 
Психиатриялы қ  көмекке  науқастардың  жүгінуіне  тұрғындар  арасындағы 
психиатрияға  деген  бұрыс  көзқарас  та  кедергі  етеді.  Дегенмен,  айтылған 
кемшіліктерді  ескерген  жағдайда  да  психикалық  аурулардың  таралуы  және 
соңғы кезде динамикасының өсуі туралы жалпы қорытынды жасауға болады.
Ш етелдік  мамандардың  келтірген  деректері  ең  алдымен,  ш екаралы қ 
бұзылыстардың  айтарлықтай  өскенін  көрсетеді.  Психикалық бұзылыстардың 
бұл тобы қоғамдағы өмір жағдайына тығыз байланысты және жоғары көрсеткіші 
капиталистік қоғамдағы өмір жағдайына байланысты: эмоциялық стресс және 
психикалық  кернеу  (ертеңгі  күн  үшін  үрей,  дискриминация  және  т.б.)  және 
опасыз қызығушылықты,  қаталдық, зорлық,  байлық жолын  қууды  әдетке ай- 
налдыру.
Біздің  елімізде  психикалық аурулардың таралу көрсеткіші  өсу  бағытында. 
Бірақ, ол аурулар санының артуымен емес,  психиатр есебінде бұрын болмаған 
психикалық  бұзылыстың  жеңіл  түрімен  науқастардың  анықталуымен  байла­
нысты. Айта кететін жайт,  біздің елімізде психикалық аурулар саны капиталистік 
елдерге қарағанда аз.  Әсіресе,  қоғам өмірі жағдайына тығыз байланысты пай- 
да болатын психопатия және невроздар арақатынасында ерекшеліктер айқын 
байқалады.
С ан кт-Петербург  пен  М әскеуде  көптеген  онжылдықтар  бойы  тиімді 
психиатриялық  көмек  көрсету жүргізіліп  келеді.  Психоневрологиялық дис­
пансер  бақылауында  тұрған  барлық тұрғындар  ішінен  3  пайызы  психикалық 
аурулар болып табылады.  Соңғы жылдары емханаларға қаралатын адамдардың 
психикалық жағдайын анықтауға ерекше көңіл бөлінеді.
Шетелдік және еліміздің мамандарының мәліметі бойынша, психиатриялық 
көмекті қажет ететін аурулар пайызы (10—30) жоғары,  соның ішінде көптеген 
аурулар  психиатрда емделуден қашады.  Психиатр емес дәрігер  аурухана және 
ауруханадан тыс жағдайда да психикалық науқастарға көмек көрсетуге мәжбүр 
болады. Есте сақтайтын жағдай, психикалық науқастардың аз бөлігі ғана еңбекке 
қабілетін тұрақты жоғалтқан,  қалған  бөлігі жалпы өндірістік жағдайда жұмыс 
жасайды.  Бұндай  науқастар  әртүрлі  өндірісте  жұмыс  атқаратын  дәрігер- 
профпатологтардың  ерекше көңіл  бөлуін қажет етеді.  Профилактикалық ша- 
ралар  және  арнайы  ем  осы  кәсіпте  жұмыс  атқаратын  жұмысшыларға  кәсіби 
зияндыльж;тардың психикаға әсерін ескере отырып жүргізілуі қажет.  Сондықтан 
да бұл жерде психиатриялық білім дәрігердің адам патологиясы жөніндегі ілімін 
кеңейтеді  ж әне  оның  қажетті  ілкі  мамандандырылмаған  дәрігерлік  көмек 
көрсетуіне  септігін  тигізеді.  Бұл  —  студенттерге  психиатрияны  оқытудың 
маңызды міндеттерінің бірі.
Келесі  маңызды  міндеттердің  бірі  —  психикалы қ  ж әне  соматикалы қ 
бұзылыстарды  біріктіріп,  кешенді  баға  бере  білетін  болашақ  мамандарды да- 
ярлау.
Бұл  проблема  барлық  медицина  мамандықтарының  өкілдеріне  қатысты 
және дәрігер үшін келесі мәселелерді қамтиды: әртүрлі аурулардың (психикалық 
емес)  пайда  болуындағы  психологиялық факторлардың  рөлі,  сонымен  қатар 
соматикалық  патологияның  қай  түріне  бейімділігіне  байланысты  науқастың


Психикалық ауруларды  зерттеудің  негізгі  аспектілері
17
1.1-кесте.  Территориялы қ  емхана  базасында  психоневрологиялық  диспансерлер 
мен  психиатриялық  кабинеттерде  бір  жыл  ішіндегі  тіркеуге  алынған  психикалық 
аурулардың контингенттері көрсетілген  (Козырев В.Н.,  Смулевич А.Б.,  1982).
Диагноз
Барлык тіркеуге алынғандардьщ үлес салмағы 
(пайызбен)
Ауруханадағы 
психиатриялык кабинет
Диспансер
Шизофрения
37,6
38,7
Маниакальды-депрессивті психоз 
және Циклотимия
13,1
7,0
Психопатия
16,1
10,1
Невроздар және реактивті жағдайлар
14,9
22,3
Соматогения
9,5
2,1
Мидың органикалық зақымдануы 
және қантамырлар аурулары
6,4
13,9
Тағы басқалары
2,4
5,9
жеке басының психологиялық ерекшеліктерінің маңыздылығы. Психиатриялық 
біліктілік әр түрлі аурулардың дамуындағы және болжамындағы психологиялық 
факторлардың рөлін дұрыс бақылауға, науқастың жеке басының психологиялық 
ерекшеліктерін ескере отырып,  терапиялық және оңалту режимін анықтауға, 
аса тиімді профилактикалық шараларды таңдауға мүмкіндік береді.
Әр түрлі психикалық бұзылыстардың пайда болуымен қатар,  соматикалық 
патологияның рөлі жалпыға белгілі. Еліміздің психиатрлары соматопсихиатрия 
бағытын  жасады.  Психикалық  бұзылыстардың  шығу тегін  дұрыс  түсінбей, 
аурудың жағдайын бағалау мүмкін емес және емдеу әдісі дұрыс таңдалмайды. 
Медицина  практикасында  психотропты  дәрілер  кең  қолданылады.  Олардың 
тағайындалуы,  негізінен, жетік білімді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет