180
X Тарау. Психикалық аурулар кезіндегі диагностика мәселелері
Психиатрияда жіктеу әрекеттері психикалык бұзылыстар симптомдары,
синдромдары және дерттің өзі жөніндегі акпараттың жинакталу дәрежесіне
карай бірнеше рет жасалды. Дегенмен бұл жіктелулердің барлығы да соңғы
уакытка дейін синдромологиялык принципке сүйенді және жаратылыстанудың
жинактап-суреттеу кезеңіне сай келді. Тек ХІХ ғасырда жоғары білім дәрежесіне
кол жеткізуге және табиғатты біртұтас зерттеу жолына көшуге байланысты,
психиатрияда жаңа клинико-нозологиялык жіктеу тәсілін іске асыру мүмкін
болды. Бұл дерттің басты психопатологиялык симптом немесе синдром негізінде
емес, пайда болу ерекшелігі, ағымы және аякталу ерекшеліктеріне сүйеніп
жүйеленетінін білдіреді. Жаңа принциппен жіктеуді ХІХ—ХХ ғасырда неміс
психиатры Э. Крепелин жасады. Бұл жүйеде негізгі орынды аурудың себебі
немесе этиология алады, өйткені, ол аурудың ағымы мен соңын көбірек
аныктайды. Симптоматика көп рет өзгеріске ұшырауы мүмкін, бір дертте әркилы
болуы мүмкін, әр түрлі ауруларда бірдей көрініс беруі мүмкін. Сондыктан
психопатологиялык симптоматиканы және басты синдромды бағалау жіктеуде
екінші кезекті маңыздылыкка ие болады.
Э. Крепелин психикалык ауруларды шығу тегіне байланысты екі топка бөлді:
1) сырткы орта факторларымен туған — экзогендік;
2) ағзаның өзіндегі ішкі себептерге байланысты — эндогендік.
Экзогенді топка жаракаттык, интоксикациялык және инфекциялык аурулар
кіреді. Жаракаттык ауруларға физикалык, физика-химиялык және психикалык
травмалар аркылы туындаған аурулар жаткызылды. Эндогенді аурулар тобына
дизаденоидтык (эндокринопатиялар кезіндегі), ерте акыл кемдігі (шизофрения
деңгейіндегі), инволюциялык және маниакальды-депрессивті психоздар, эпи
лепсия, неврастения, истерия, психопатиялар жаткызылды.
Э. Крепелин ұсынған жіктеудің маңызы өте жоғары, оның пайда болуын
психиатрия дамуындағы негізгі дәуірдің бірі деп санайды. Психиатрия тарихы
осы дәуірмен нозологиялыкка дейінгі ж әне нозологиялык деп аталатын
дәуірлерге бөлінеді.
П сихикалы к бұзылыстардың нозологиялы к бағыттағы жүйесіне Ресей
м едицина ғы лы м и академ и ясы н ы ң П си хи кал ы к ден саулы к ғылы ми
орталығында жасалған жіктеу мысал бола алады (Снежневский А.В., 1983,
Тиганов А.С., 1999).
Достарыңызбен бөлісу: