24
I Тарау. Психиатрия оқу пәні ретінде, оның міндеттері
жерде айта кететін жағдай, ата-анасының қабілетсіз болып табылуы оларды
сол мезетте ата-аналы қ құқығынан айырмайды. Олар қартайған кезде
балаларының көмегіне жүгіну құкығын сақтайды. Қабілетсіздік пен есі дұрыс
еместік түсініктерін салыстырғанда, ұқсастық та, айырмашылық та бар. Кейбір
жағдайларда науқас келісім шарт жасағанда қабілетсіз болып табылады, мыса
лы, өз мүлкін сатқанда, біреуге сый-мұра ретінде қалдырғанда т.с.с., қылмысты
іс жасағанда есі дұрыс емес болып танылуы мүмкін. Кейбір қылмысты жауап-
ты істі қысқа уақытқа психикасының бұзылуы кезінде жасаған және есі дұрыс
емес деп танылған тұлғалар қабілетсіз деп танылмайды.
Соттық психиатрия өзінің теориялық және практикалық мәселелерін шеш-
кенде жалпы психиатрияның жетістіктеріне сүйенеді. Психикалық аурулардың
болмысын бағалауда материалистік көзқарас және отандық психиатрлардың
нозологиялық бағдары соттық-психиатриялық мәселелерді шешу кезіндегі
м едициналы қ критерийлерді анықтауда маңы зды орын алды, соттық
психиатрияның құзіреттілік шекарасын анықтауға мүмкіндік берді. Осы жағдай
мамандарды әлеуметтік және психологиялық заңдылықтарды психиатриялық
принциптермен ауыстыруға талпынудан құтқарды, қоғамда психиатрия функ-
циясын дұрыс түсінбеуге жол бермеді. Психикалық ауруларды емханаға орна-
ластыру жайлы арнайы әкімшілік-заңды ереже бар. Ауруларды психиатриялық
стационарға жатқызу және онда емдеу жүйесі әр елде әртүрлі. Барлық елге
ортақ екі жол бар: ерікті және еріксіз емдеу.
Шұғыл госпитализация аурулар өзіне және айналадағыларға қауіп төндірген
кезде жүргізіледі. Бұл аурудың келісімінсіз, дәрігер-психиатрдың шешімімен,
жедел, міндетті түрде науқастың туған-туыстарының немесе заңды өкілдерінің
қатысуымен денсаулық сақтаудың жоғарғы органдарына хабарлау арқылы
жүзеге асырылады.
Аудандық, аймақтық, республикалық бас психиатрларға қатысты жаңа
ереже енгізілді. Олардың міндетіне халыққа психиатриялық көмек көрсету және
оны ұйымдастыруды жетілдіру, психикалық аурулардың қызығушылығы мен
құқығын қорғау, сондай-ақ психикалық аурулар тарапынан болатын әлеуметтік
қауіпті әрекеттен сақтандыру шаралары кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: