II Тарау ПСИХИАТРИЯДАҒЫ НЕГІЗГІ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ Көптеген ғасырлар бойы психиатрияның даму тарихында психикалық
аурулардың табиғатын ашуда материалистік ж әне идеалистік бағыт арасын-
да көптеген тартыстар болды. Материалистік бағыттағы өкілдер психикалық
бұзылыстарды ағзада болатын материалдық өзгерістермен, мида болатын
өзгерістерм ен байланы стырса, ал идеалистік бағыттағылар психикалы қ
дерттің шығу табиғатын психикалы қ ж ән е м атериалды қ (соматикалық)
үрдістердің тәуелсіздігі немесе параллелизммен түсіндірді. Осы ұсынылған
гипотезаларды ң пайда болуына ф и лософ и ялы қ идеялар ж ән е ғылы ми
мәліметтер мен бақылаулар өз үлесін қосты. Ежелгі ж ән е орта ғасырда
психикалық аурулардың болмысын айқын материалистік (механикалық)
немесе нақты идеалистік көзқараспен түсіндірді. Дегенмен, психикалық
бұзылыстарды д и ал ек ти к ал ы қ -м атери алистік түсінікті есеп ке алмай,
материалистік тұрғыдан талдау, идеалды ж әне материалды түсініктерді са-
лыстыру психиатриядағы әрқилы идеалистік концепцияны ң дамуына да
себебін тигізді. Бұған мысал өткен жүзжылдыкгың ортасындағы соматиктер
мектебі қызметін айтуға болады. Соматиктер мектебі психикалық аурулар
қара күш әсерінен болады деп түсіндірген өздерінің қарсыластары психиктер
мектебімен тартыста психикалы қ аурулардың сом атикалы қ жүйелерінде
бұзылыстар болады деп нақты айтты. Жалпы ғылыми прогреске байланысты
п си х и атр и яд а ө зд ер ін ің те о р и я л ы қ ұ стан ы м д ары н д а к л и н и к а л ы қ
бақылауларды, психиатрия ж әне өзге де пәндер саласындағы ғылыми зерт-
теулер нәтижелерін қолданған жеке бағыттар, мектептер құрылды. Бірақ,
психиатриядағы мектептер мен бағыттар материалистік ж әне идеалистік
болып бөлінгені бойынша қалды.