ИСТЕРИЯЛЫ Қ ПСИХОПАТИЯ
Истериялык психопатия сырткы әсерлерге бағытталған, ерекше жүріс-
тұрыспен және истериялык реакциялармен көрінеді. Истериялык жүріс-тұрыс
формасы театралдылыкпен, жасандылыкпен, өзіне тән емес кабілеттер мен
касиеттерді иемденіп өз әрекетін пайдалы жағынан көрсетумен немесе өзі басты,
Истериялық психопатия
241
жиі ерлік іс жасаушы рөлде болатын әр түрлі болмаған окиғаларды ойдан
шығарумен сипаталады. Ситуацияға және наукастың ұстанымына байланысты
жүріс-тұрыстың истериялык формасы жеңіл өзгеріске жиі ұшырайды. Егер
белгілі бір ситуацияда ыңғайлы және ұтымды болып табылса, наукастар өздеріне
аяуш ылык сезімін шакыру үшін өздерін аса карапайым көрсетеді. Оларға
әркаш ан өздеріне көңіл аудартуға талпыныс тән, ерекше бет-әлпетімен,
жесттерімен, киім киісімен өздеріне кажет рөлге сәйкестенеді. Бұл адамдар
көпшіл, өзгелермен жеңіл танысады. Олардың кызығушылыктары мен үйірліктері
тұраксыз болып келеді. Оның барлығы олардың эгоцентриялык ұстанымдарына
каншалыкты дәрежеде сәйкес келетіндігіне байланысты. Истериялык тұлғалар
ұзакка созылатын катаң жағдайларға көне алмайды, олардың кызығушылығы
үстірт сипатта, ал өзге адамдарға үйірсектік және лояльдылык сезімі өздерінің
к;ызығушылыктарына карама-кайшылык туғанға дейін жалғасады. Истериялык
психопатиямен ауыратын наукастардағы тұлғааралык катынастарды түзудегі
мұндай принциптер мен мотивтер жиі жанұяда және жұмыс орнында кактығыстар
туындауына және оларда декомпенсация дамуына және адаптацияның бұзылуына
алып келеді. Олар шекген тыс аффективті реакцияларға бейім болады. Деком
пенсация кезінде әр түрлі истериялык көріністер бакыланады: истериялык
афазия, афония, естен танулар, әр түрлі ұстамалар, блефароспазм және т.б.
Наукас З., 25 жаста, манекен-кыз. Психикалык аурулармен тұкым куалау
ауырлығы жок. Әкесі үлкен кәсіпорын жетекшісі, эмоциялык суык, жігерлі
адам. Анасы ұстамсыз, эксцентриялы тұлға, бұрын балет әртісі болған, казіргі
уакытта үйде. Анасының жүктілігі мерзімінде, босануы жеңіл өткен. Наукас
бала кезінде ерке болып, үйде тәрбиеленген. Бала кезінде жиі ауыратын, өзінің
бүкіл талап-тілегін орындайтын әжесінің сүйіктісі болған. Мектепке барғанға
дейін оки алған, көптеген әндер мен такпактар білетін болған. Бастауыш сы-
ныпта жаксы окыған. Такта алдында жауап бергенді ұнатып, балалар
үйірмелеріне белсене араласатын болған. Баска балалардың сәттіліктеріне
кызғанышпен караған. 2-ші сыныпта дос кызын мұғалім мактағанда, жылап
жіберген. Наукасты үйде ылғи еркелететін. Әкесі кызының тәрбиесіне көңіл
бөлмеген, тек ылғи іссапардан оралған кезде кызына ойыншык, киім, әр түрлі
тәттілерді көп мөлшерде сыйлайтын. Қыз мектепте коғамдык жұмыстарды
белсенді түрде аткарып, класта староста болған және би үйірмесіне катысып,
калалык курстарда ағылшын тілін окыған. Жоғарғы кластарға көшкенде, мінез-
кұлкы өзгере бастайды. Мұғалімдермен дөрекі сөйлесіп, сабакка катыспай,
шашын ашык түске боятып, темекі тарта бастайды. Ылғи сыныптастарының
ортасында (жұлдыздай) ерекш е болып жүруді ұнататын. М ұғалімдердің
ескертулеріне аффективті реакциялар кайтарады. Бір күні бүкіл кластың көз
алдында күнделігін жыртып, келесі күні окытушының көз алдында сынып
журналын терезеден далаға лактырып, мектеп директорына бар деген талапка
катты күліп, есікті тарс жауып кетеді. Дос кыздарына өзінің шетелдік жастар
ансамблінің әншісімен таныскандығын әңгімелеп, жазда сонымен бірге га-
строльге баратынын айткан. Ш ет елден оны ң әкеліп берген мардымсыз
сыйлыктарын достарына көрсетіп, олардың керемет, бейғам өмір салты тура-
лы әңгімелеуді ұнаткан.
242
XIV Тарау. Психопатиялар
Үйінде анасынан және әжесінен кымбат киім алып беруді сұраған, жұмсауға
көп акша алған. Қарсы болған жағдайда катты ренжіп жылап, айкайлайтын
болған. Екі рет әкесімен ұрысканнан кейін үйінен кашып кетіп, дос кызының
үйіне конып жүрген. Мектеп бітірген соң наукас шет тілдер институтына барып,
конкурстан кұлап калған. Бірак онысын баскалардан жасырған. Оларға шетел-
де жұмыс істеуге дайындайтын арнайы курста окитынын айткан, ал өзі сол
кезеңде әмбебап дүкенде бакылаушы болып жұмыс істеген.
18 жасында өзінен 15 жас үлкен офицерге тұрмыска шыккан. Отбасылык
өмірінде жолы болмады. Алғашкы уакыгта үй тұрмысында болған, тек күйеуінің
табысымен күнелткен. Содан соң шет тілдер институтына түскен. Бала сүймеген,
яғни, «әуелі өзім үшін өмір сүру керек» деген. 2 жыл өткен соң күйеуін алыс
аймакка кызметке ауыстырған, ал наукас окуымды жалғастырамын деп сыл-
тауратып, күйеуіне ілеспей калады. Баска бүреуге ғашык болып, жарты жыл
уакыт өткен соң ажырасуға арыз берген. Бос уакытын жастармен театрда, ре-
сторанда өткізетін болған. Үлгерімі нашар болғандыктан, институттан шыға-
рылған. Екінші рет тұрмыс кұрған. Модельдер үйіне манекенші болып жұмыска
орналаскан.
Екінші күйеуімен де жараспаған, ұрыс-керіс жиі отбасының материалды
камтамасыздығына байланысты болып тұрған. Бір кайшылык кезінде наукас
білегін бірнеше рет пыш акпен кесіп, айкайлап, дәлізге жүгіріп ш ыккан.
Көршілері жедел жәрдем шакырып, психиатриялык ауруханаға жеткізілген.
Соматикалык жағдайы: дене бітімі нормастеникалы, дене салмағы төмен.
Оң және сол білегінің төменгі үштен бір бөлігінде 4—5 см көлемде тілімдер бар.
Ішкі мүшелерінде патологиялык өзгеріс жок.
Неврологиялык жағдайы: ОЖЖ-нің органикалык бұзылысының белгілері
айкындалмайды. Краниограмма және көз түбін зерттегенде өзгеріс жок.
Психикалык жағдайы: мәнерлі, басын жиі артка карай шалкайтады, саусак
ұштарымен самайын кысады, бетін алаканымен жабады және т.б. Жас көрінеді,
ұкыпты киінген. Әдемі таранып алған. Ашык түстермен боянады.
Сұхбаттасканда жылдам сөйлейді, әңгіме барысына орай даусын күшейтіп,
бәсеңдетіп өзгертіп отырады. Тыңдаушының реакциясын үнемі бакылап оты-
рады. Өзіне аяныш сезімін тудыруға тырысады. Суицидальды әрекетінің
себептерін көзіне жас алып әңгімелейді. Барлығына күйеуін кінәлайды, үнемі
«ренжітіп, ізіне түсіп, кинаған». Кезекті ұрыс-керіс кезінде күйеуінен «ажыра-
самын» деген сөзді естіген кезде, «өмір сүргім келмей кетті» дейді. Сұхбаттасу
кезінде үнемі шашын түзеп, орамалының ұшын тістеп отырады. Интеллект
сакталған. Ойлауы бейнелі, эмотивті, көбіне накты. Көру, есте сактауы жаксы.
Ауруханаға тез үйренісіп кетті. Көңіл-күйі көтеріліп, ауруханадан шыккысы
келмейді. Туыстары және күйеуі келген жағдайда, демонстративті түрде көңілі
түсіп кетеді және бұл өмірде маған еш нәрсе керек емес деп мәлімдеді. Олар
кеткеннен кейін адекватты ж әне әзіл-калжыщға тез араласады. Күйеуімен
татуласканнан кейін ауруханадан шығарылды.
Жоғарыда психопатияның жиі кездесетін нұскалары келтірілді. Төменде
жеке авторлардың аныктаған психопатияның баска да формалары аталып
өтеді.
Тұрақсыз психопатиялар
Достарыңызбен бөлісу: |