244 XIV Тарау. Психопатиялар
АКЦЕНТИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАР Неміс психиатры К. Леонгард акцентирленген деп атаған жағдайлар да жеке
нұскаларға бөлінеді. Олардың кейбіреулері психопатияның танымал формала-
рын еске түсіреді. Олардың негізгі белгілері ұксас психопатиялардың редуцир-
ленген белгілерін еске түсіруі мүмкін. Баска жағдайлар өзінің белгілеріне карай
психопатиялардың белгілі формаларынан ерекшеленеді. Сонымен, акцентир
ленген тұлғалардың истериялык психопатиямен ұксастығы бар. Олар театрал-
дылыкка, айналасындағылардың көңілін өздеріне аудартуға және т.б. бейім.
Бірак, бұл белгілер оларда аса анык емес және тұлғаның жалпы дисгармония-
сы аз байкалады. Акцентирленген жағдайлардың баска варианттары психопа-
тияны ң белгілі формаларына сәйкес келе бермейді, бірак олардың ішінен
тұлғалык дисгармония белгілерін табуға болады: ригидтілік, баскаруға көн-
беушілік және т.б. Акцентуация жағдайында акцентирленудің әр түрлі типінің
белгілерінен тұратын аралас варианттары жиі кездеседі.
Акцентирленген тұлға патологиялык күйдегі адамдарға жатпайды, психопа
тиямен салыстырғанда өмірге жеңіл бейімделеді ж әне олардың бейімделуі
тұракты, бірак колайсыз жағдайларда оларда да декомпенсация жағдайы, со
нымен бірге патологиялык күй дамуы мүмкін. Патологиялык даму кезінде
акцентуацияның жеке типтері және оның даму сипаты арасында корреляция бар.