Психогигиена, мазмүны мен міндеті
47
Психогигиена ғылым ж әне іс-шаралар кешені ретінде жеткілікті білім
жинағына және өзіндік зерттеу әдістеріне әлі де кедей. Психогигиена тарихи
қалыптасуы бойынша психиатрияның бір бөлігі ретінде дамыды. Психогиги
ена арқылы психиатрия мен әлеуметтік гигиена арасында байланыс жүзеге аса
бастады. Психогигиена тұрғысында әлеуметтік гигиена әдістерін меңгеру,
клиницист-психиатрларға профилактиканы негізгі бағыт ретінде ұстанып,
психопатологияның әлеуметтік және биологиялық аспектілерін толық және
дұрыс бағалауға көмектеседі.
П сихогигиенаны ң проф илактикаға бағдары, ш екаралы қ психикалы қ
патологияға, әлеуметтік-психологиялық дезадаптирлеуші ж әне психикалық
сфераны компенсирлеуші факторларға жоғары назар аудару, психикалық
сау тұрғындар арасында ғылыми ж әне тәжірибелік жұмыстарды кеңейту,
адамның оптималды психикалық қызмет ету жағдайын зерттеу соңғы кезде
психогигиенаны медициналық психологияның бір бөлігі ретінде бағалауға
мүмкіндік берді.
Психология — адамның қалыптағы психикалық қызметін зерттейтін ғылым.
Медициналық психология — медицинаның психологиялық аспектін зерттейтін
және патологиялық жағдайларда психикалық зерттеуді ұйымдастыратын ғылыми
бағыт.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымының ал-
дында тұрған нақты міндеттерді анықтауға болады, олар — сау психика мен
үйлесімді тұлға үшін күрес. Бұл міндеттер психогигиена қызметінің бағытын
анықтайды және осы кезеңге сәйкес теория мен тәжірибені қолданады. Оның
бөлімдері: еңбек психогигиенасы, жасқа байланысты психогигиена, тәрбие
және білім беру психогигиенасы, отбасы мен жыныстық өмір психогигиенасы,
науқас адам психогигиенасы, зиянды әдеттер ж әне алкоголизммен күрес.
Спорт, әскери, инженерлік, космостық психогигиена аумағында және т.б.
жұмыстар жүргізілуде:
Достарыңызбен бөлісу: