50
IV Тарау. Психогигиена
әсерлер сияқты еңбек терапиясы қатаң түрде мөлшерленеді, оның мөлшері
аурудың психикалық жағдайына тәуелді.
Еңбек жеке тұлғаның ерекшеліктерімен сәйкес келгенде ғана қуаныш,
қанағат сезімін әкеледі. Белгілі бір қабілеттің болмауы кейбір жұмыстарды
орындауды қиындатады. Басқаша айтсақ, музыкалық қабілеті ж оқ адам ком
позитор бола алмайды. Еңбектің кейбір түрі үшін жеткілікті физикалық күш
немесе тұлғаның күш-жігерлі болуы, психикалық жауаптың жылдамдығы
және т.б. қажет болады. Мұндай сәйкестікті тұрғындар контингентінің кәсіби
бағдарын қарастыра келе, кәсіби таңдау жүргізу және де арнайы медициналық
және психологиялық зерттеулер қамтамасыз ете алады. Егер адамның қабілеті
кәсіби еңбекпен идеалды сәйкес келген жағдайда да шектен тыс ұзақ және
қарқынды еңбек патологияның көзі болып табылуы мүмкін. Егер еңбек күші
қалыпты жағдайдан жоғарыласа, өндірістік күштеме күннің, аптаның, айдың,
тоқсанның ж әне жылдың ұзақтығына дұрыс бөлінбесе, осы аталған жағдай
дамиды. Мұндай еңбек жағдайы зорығу мен невротизацияға алып келеді.
Шудың адам денсаулығына теріс әсер ететіні белгілі. Бұл жағдайда дыбыс
күшімен қатар оның жиілігі де маңызды. 20 мин жиілігі 400 Гц шу жағдайында
бір күн бойы жұмыс жасайтын адамдар зейінін бір ойға шоғырландыра ал-
майды.
Еңбек үрдісінде адам организміне уақыт жеткіліксіздігі де жайсыз әсер етеді.
Сынақта математикалық есепті жеткіліксіз уақыт аралығында шығару ұсынылды.
Бұл кезде артериялық қысымның ұзақ уақытқа көтерілуі міндетті реакция
болды. Уақыт жетіспеушілік жағдайы болмаған кезде сынақтағылардың күрделі
есептерді шешуі кезінде артериалды қан қы сы мы ның жоғарылауы қы сқа
мерзімді болды және айқын байқалмады. Адамның еңбекке қабілетін күшейтіп
және қажуға кедергі болатын фактор жұмыстың орындалуына оң эмоционалды
көзқарас, жұмыс нәтижесіне қанағаттану сезімі болып табылады. Бұл жағдай
моральды және материалды сүйемелдеумен, жұмыс орны мен еңбек этикасын
сақтау, ұжымда жайлы психологиялық ахуал орнату арқылы жүзеге асырылады.
Адамның нақты мамандыққа бейімділігінің маңызы үлкен. Эмоциялық ақауы
дамыған әлеуметтік бейімделмеген шизофрениямен ауыратын науқастарды
оңалту мәселелері бойынша зерттеулер ол науқастарды еңбекке баулу және
ұжымға қосу тек жұмысқа қызығушылық болғанда ғана дамитынын көрсетті.
Сонымен бірге, науқастардың ұжыммен жұмыс жасағанда басқа адамдармен
қарым-қатынасы және жұмысқа қабілеті жақсарады.
Эмоционалды қажу ол адамның жұмысқа қабілетінің төмендеуімен және
жұмысқа қызығушылығының төмендеуімен, ұйқының кемуі мен назардың
бұзылуынан көрінеді, нәтижесінде өндірістегі қайғылы жағдайлар қаупінің
жоғарылауына алып келеді. Бұның негізгі себебі болып бірқалыпты еңбек
операциялары кезіндегі сенсорлы депривация болып табылады. Жұмыстың
бірқалыптылығын өзгерту үшін іс-әрекетті алмастыру керек, өндірістік
шынықтыру үшін қысқа үзілістер ұйымдастыру,
функционалды музыка енгізу
қажет (дыбысы, ырғағы, мелодиясы өзгермелі музыка). Қысқа мерзімді жұмыс
кезінде қызыл түс
еңбектің өнімділігін арттырады, ал көк түс төмендетеді, ұзақ
мерзімді жұмыс үшін жасыл түс оптималды болып табылады. Сары және қара
Жасқа байланысты психогигиена
51
түс мекемелердегі қауіпті орындарды маркировкалауға ыңғайлы. Бұл зейінді
ынталандырып, психикалық белсенділікті жоғарылатады. Еңбек мазмұнына
бар ынтамен терең ену, жұмысшыларды моральды-саяси тәрбиелеу, өзара
көмекті дамыту қызығушылықты жоғарылатады және қажуға кедергі болады.
Еңбектің адамға жайлы әсер етуінің маңызды талабы ұжымшылдық болып
табылады. Топтасу арқылы адам мемлекеттің ж әне қоғамның әлеуметтік
мәселелеріне араласады.
Достарыңызбен бөлісу: