Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова


IV Тарау.  Психогигиена ЕРТЕ  БАЛАЛЫҚ  ШАҚ ЖӘНЕ  ПСИХОГИГИЕНА



Pdf көрінісі
бет25/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

52
IV Тарау.  Психогигиена
ЕРТЕ  БАЛАЛЫҚ  ШАҚ ЖӘНЕ  ПСИХОГИГИЕНА 
М ӘСЕЛЕЛЕРІ
Бала  өмірге  инстинктілердің  нақты  бір  жиынтығымен  және  аштық,  ауру 
сезімі және т.б.  тәрізді негізгі тітіркендіргіштерге шартсыз рефлекторлы реак- 
циялармен келеді.  Осы реакциялардың әсерінен адамның барлық психикалық 
іс-әрекетінің  негізгі  шартты  рефлексі  пайда  болады.  Баланың  3 - 4   айынан 
бастап барлық сезім мүшелері толық қызмет ете бастайды,  анализаторлардың 
тітіркенуіне бұрын бағытталмаған әрекеттері бағытталған әрекеттерге ауысады. 
Соңғы  уақытта  бала  психикасының дамуы  үшін  нәрестенің  анасымен  тығыз 
қарым-қатынасының рөліне көп көңіл бөлінуде. Анасы тек сүтімен ғана емес, 
өмірге қажетті тітіркендіргіштердің негізі болып табылады.
Осы  жүзжылдықтың  басында  америкалық  балалар  үйіндегі  емшектегі 
балалардың  100 пайыздық өлім жағдайы назар аудартты. Анасынан бөлектенген 
балалар апатия күйінде болған, тамақ жемей арықтап, ұйықтай алмай, әлсіреген. 
Аналарына қосылған соң,  балалардың жағдайы жақсарған. Анасымен қарым- 
қатынастың болмауы бала өмірінің алғашқы күндеріне, айларына немесе жыл- 
дарына сәйкес келсе, бала психикасында терең із қалдыратындығы байқалған. 
Осындай  балалар  есейгенде  қамқорлы қ,  сүйіспеншілік  жағдайында  өмір 
сүргеннің  өзінде  психикалық  инфантилизм,  агрессивтілік,  импульсивтілік, 
инициативтіліктің  жетіспеуі  белгілері  байқалған  ж әне  олардың  адамдармен 
қарым-қатынасы  нашарлаған.  Осыған  ұқсас  өзгерістер  анасынан  айырылған 
маймылдардың  балаларында да  байқалған.  Осындай жағдайда  өскен  ұрғашы 
маймылдарда аналық сезімі байқалмаған, олар балаларына агрессия көрсетіп, 
қинап өлтіруге дейін барған.
Жануарларға  жасалған  осы  ж әне  басқа  тәжірибелерде  балалардың  өсіп- 
дамуын бақылау, ересек кездегі мінез-құлық, бір түрдің дарақтарының қарым- 
қатынасы, адамдардағы отбасылық қарым-қатынастың ерекшеліктері өте ерте, 
туыла  салысымен  қабылданатыны  анықталған.  Осы  үрдістің  орта  буыны 
баланың махаббат сезімі,  анасына үйреншіктілік сезімі болып табылады.  Егер 
бұл буын бұзылса,  онда  баланың психикалық дамуы бұрмаланады.
Балалардың  әр  түрлі  дағдыны  игеруі  психиканың  дамуына  ықпал  етеді. 
Баланың  басты ұстау дағдысын  игеруі  мидың  қабылдау кеңістігін ұлғайтады, 
өзі отыруды үйрену қолдардың қызметін дамытады.  Бала өмірінің бірінші жы- 
лында  горизонтальды  жағдайдан  вертикальды  жағдайға  ауысуы  қол  мен  қол 
арқылы іске асады, заттардың мәнісін жақсы түсінуге көмектеседі. Екінші жылы 
бала  сөйлейді,  фразалық  сөйлеуді  үйренеді,  жаратылыс  және  өзінің  тіршілік 
ету логикасын түсінуге мүмкіндік пайда  болады.
Балалар дағдыларды және сөйлеуді игергенде (тамақ жеуі, өзін-өзі қамтамасыз 
етуі)  айналасындағы  адамдарға  еліктеудің  маңызы  зор.  Еліктеудің  арқасында 
балалар  заттарды  ұстап  үйренеді,  басқа  адамдардың  мінезін  ұғады.  Мысалы, 
балалар бақшасында, бастауыш сыныптарда тұтығу жағдайы бақыланса, бірден 
бірнеше жағдай бақыланады.  Зерттеу нәтижесінде шынайы тұтығу тек бір бала- 
да ғана екені анықталады,  ал  қалғандарында  сол  балаға еліктеу арқылы  пайда 
болады.  Балалардың мінезі өзін тәрбиелеген ортасына байланысты болады.


Мектеп жасы және  білім  берудің психогигиеналық аспектісі
53
Сонымен  бала  өмірінің  алғашқы  үш  жылында  психика,  әлемді  танудың 
психикалық  формасы  ерекшеленбеген,  бағытталмаған,  тітіркендіргіштерге 
моторлы жауап беру (I кезең) жолынан, тітіркендіргіштерге күрделі сенсорлы 
жауап  беру  (II  кезең)  жолына  өтеді,  бұл  —  барлық  психикалық  функция 
эволюциясының негізі болып табылады (қоршаған ортамен мақсатты, белсенді 
қарым-қатынас).  Күрделі  сенсомоторлы  саралануы  есте  сақтау  үрдісінің 
дамуының  негізі  болып  табылады  —  (III  кезең).  IV сенсомоторлы  кезеңде 
баланың  сөйлеу  қабілетінің  дамуына  байланысты  түсініктер  мен  ой  қоры- 
тындылау мүмкіндігі пайда болады. Үш жастан бастап бала барлығын өзі жасауға 
ұмтыла  бастайды.  Үлкендердің  айтқаны ұнамаса,  кері жауап  береді.  Баланың 
белсенділігін шектеу арқылы ересектер оның дамуына кедергі жасайды. Соның 
әсерінен баланың белсенділігі төмендеп, бір әрекет жасар алдында қорқақтап, 
қимылы пассивті  болады.
Балалардың  үлкендермен  белсенді  қатынаста  болуы,  қызығушылығы, 
қозғалмалылығы  бала  психикасының  дамуын  күшейтіп,  шығармашылық, 
қиялдау қабілетін күшейтеді.  4 -6  жастан бастап бала өзінің эмоциялық реак- 
цияларымен көзге көрінеді.  Баланың эмоциялық ұстамсыздығына үлкендердің 
төзімді түзетуі қажет. Баланы үнемі тыйым салу жағдайында ұстау балада тұрақты 
қарсылық реакциясын, негативизмді туындатады.
Балаларды  тәрбиелеуде  олардың  тежеу реакцияларын  жаттықтыру  керек. 
Егер  отбасында үлкендер  баланы үнемі ренжітсе,  онда  баланың тежелу реак- 
циялары дұрыс қалыптаспайды.  Балалар тез қажып, қырсық болады, өзіне және 
қоршаған ортасына көп қиыншылық тудырады. 6 -7  жастан бастап бала өзінің 
кейбір реакцияларын тежеп, ұстамдылықка үйренеді. Осы кезде баланың өзіндік 
санасы дамып үлгеріп,  ол өзін қоршаған ортадан жеке бөліп,  қоршаған ортаға 
қарсы  тұра  алады.  Іс-әрекетті  ойланып  жасайды.  Психикалық дамудың  осы 
деңгейі баланы арнайы бағдарламамен жүйелі оқытуға  мүмкіндік береді.
Осылайша, кіші жастағы балалар психогигиенасының негізі олардың жасқа 
байланысты  патофизиологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып  ұйымдас- 
тырылған дұрыс тәрбие  болып табылады.  Балаға  қоршаған ортаның  барлығы 
оптималды  әсер  етуі  керек.  Сыртқы  көрініс,  үлкендердің  тәртібі,  балалар 
ортасындағы ойыншықтар, үйдегі заттар,  киімдер, табиғат,  күнделікті режим. 
Барлық  назар  ата-анасының  психогигиеналық  білім  деңгейін  жоғарылатуға 
бағытталуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет