Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова


ЕГДЕ ЖАС  КЕЗЕҢ ІНД Е  ПСИХИКАЛЫҚ  БҰЗЫ ЛЫ СТАР



Pdf көрінісі
бет37/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ЕГДЕ ЖАС  КЕЗЕҢ ІНД Е  ПСИХИКАЛЫҚ  БҰЗЫ ЛЫ СТАР 
ДАМУ  ҚАУПІНІҢ  ЖОҒАРЫЛАУЫ
Адам өмірінің бағдарламасы белгілі бір уақыт аралығында күрделенеді және 
оның  табиғи  аяқталуы  тіршілік  функцияларының  біртіндеп  сөнуі,  олардың 
толық тоқтауымен көрініс беруі керек.  Өмірдің мұндай соңы қазір жиі кездеседі, 
себебі  қазіргі  медицина  жетістіктері  өмірді  ерте  қиятын  көптеген  қауіпті 
жағдайлармен сәтті күресуді қамтамасыз етіп отыр.
Қартайған  ш ақта  гормональды  белсенділік  төмендейді,  ферментативтік 
үрдістердің  белсенділігі,  зат алмасу интенсивтілігі төмендейді;  зат алмасудың 
жеткіліксіздігі толық қышқылданбаған өнімдердің жиналуымен білінеді (тамыр 
қабырғасына холестерин жиналуы); тамырлар мен байламдардың, капсулалардың 
эластикалық  қасиеті  төмендейді.  Бұл  кезеңде  психикалық  үрдістердің  бел- 
сенділігі, қозғалғыштығы төмендейді, есте сақтау қиындайды, түскен ақпаратты 
талдау  қиындайды,  қабылдау түйсігі  тұйықталады,  ой  жұмысы  төмендейді. 
Қарттық  адамның  әлеуметтік жағдайын  да  өзгертеді.  Қарт  адамның  өмірі 
жоғалтулардан  тұрады:  туыстары  мен  жақындары  қайтыс  болады,  зейнетке 
шығуына  байланысты  үйреншікті  өндірістік жұмыс  бастылығын  жоғалтады, 
бұрынғы  әлеуметтік  байланыстары  әлсіреп  үзіледі,  ал  ж аңа  байланыстар 
қиыншылықпен іске асады,  физикалық күш жоғалады, денсаулық,  есту,  көру 
қабілеті төмендейді.  Осының  салдарынан  көптеген  қарт  адамдар жаңа  қайғы 
күтумен болады, әр уақытта жабырқаулы күйде болады, қуану сезімі жоғалады. 
Қабатталған  биологиялық және  әлеуметтік  өзгерістер  жеке  бастың  өзгеруіне 
әкеліп соқтырады, ұқыптылық сараңдыққа, тітіркендіргіштік ашуланшақгықка 
ауысады.  О рганизмнің  адаптациялы қ  қабілеттерінің  бұзылуы  себебінен 
қорш аған  ортаға  реакциялар  тікелей  сипатқа  ие  болады,  метеотропты 
факторларға,  дәрілік  заттардың  теріс  әсеріне,  психогенияларға  төзімділік 
төмендейді.  Дағдыланудың  қиындығына  байланысты  қарт  адамдар  өмірлік 
өзгерістерден  қашқақтайды,  мінездерінде  консерватизм,  ортодоксальдылық 
сияқты құбылыстар пайда болады.  Басым тікелей сипатқа соматикалық және 
психикалық реакциялар арасындағы байланыстар ие болады.  Әрбір қарқынды 
психикалық  реакциялар  жайсыз  соматикалық  ауытқулар  тудыруы  мүмкін: 
стенокардия  ұстамалары,  гипертониялық  криз,  диабет  асқынуы.  Сонымен 
қатар,  соматикалық аурулар  ОЖЖ-нің  қызметіне  аса қиын жағдай тудырады


74
V Тарау.  Психопрофилактика
ж әне  психикалық  бұзылыстардың  пайда  болуына  ықпал  етеді.  Осылайша 
қартайған сайын психикалық бұзылыстар туындау қаупі жоғарылайды.
Қартаю  үрдісі  ешқашан  функциялардың  біркелкі төмендеуімен жүрмейді. 
Қартаю дәрежесіне қарай дефициттердің  орнын толтыру үшін үнемі  функци- 
оналды қайта құрылу үрдісі жүріп отырады.  Осылайша қарттық шақта көптеген 
психикалық жетіспеушіліктер компенсациясы түрінде бай кәсіби және өмірлік 
тәжірибе, онымен бірге жүретін парасаттылық, шыдамдылық және т.б. тұлғалық 
оң қасиеттер қолданылады.  Психопрофилактиканы ұйымдастыру кезінде егде 
жас кезеңінің тек әлсіз жақтары қолданылмай, сонымен қатар компенсаторлық 
мүмкіндіктері де қолданылуы керек.
Ж асушалардың  қартаюы  мен  өлуі  өмір  бойына  жүреді,  бірақ  жалпы 
биологиялық қартаю үрдісі 45 жастан басталады. Кешірек адамның әлеуметтік 
белсенділігі төмендей бастайды.  Осыны ескере отырып, геронтологтар  1962 ж. 
халықаралық симпозиумда  50  мен  64 жас  аралығын  орта,  65 жастан  74 жасқа 
дейін  егде,  75  жастан  90  жасқа дейінгі  аралықты  қарттық,  90 жастан жоғары 
кезеңді терең қарттық деп атауды ұйғарды.  Қоғамдағы адам өмірінің жағдайы 
қарттықты  жақындата  да,  алыстата  да  алады.  Әлеуметтік  белсенділік  өз 
тәжірибесін  қолданып және  оны  артындағы  ұрпақтарға  бере  алу  мүмкіндігі, 
аздап  болсын  өндірістік  қатынастарды  сақтап  қалу  қартаюға  кедергі  болады. 
Өмірінің  соңына дейін  бір  өндірістік жағдайда жұмыс жасаған адамдар терең 
қарттық  ш аққа  дейін  өмір  сүргені  туралы  көптеген  мысалдар  бар,  оларда 
еш қандай  психикалық  бұзылыстар  болмаған  ж әне  еңбек  жағдайы  күшті 
сақталған.  Зейнетке шығатын  адамдарды  алдын  ала психологиялық жағынан 
дайындау  керек,  жүйелі  медициналық көмек ұйымдастыру,  олармен тұрақты 
байланыс жасау, қоғамдық жұмысқа баулуды қарастыру керек. Жасы ұлғайған 
адамдарды,  әсіресе, зейнеткерлерді физикалық жаттығуларға, денсаулық топ- 
тарына  баулу аса  маңызды.
Екінш ілік  психопроф илактика  бойынш а  іс-ш аралар  жүргізу  кезінде 
психикалық  аурулардың  диагностикасын  қиындататын  психопатологиялық 
симптоматиканың жалпы  ерекшеліктерін  ескеру  керек.  Осылайша,  қарттық 
шақтағы  психикалық ауруларға  нозологиялық ерекшеліктеріне байланыссыз 
жиі үрейлі эмоциялық бұзылыстар,  сандырақтық күйзелістерден зардап шегу 
ж әне  олардың  мазмұнының  аса  қарапайымдылығы,  естің  бұзылуы,  сана 
бұзылысының  пайда  болу жеңілдігі,  психопатологиялық синдромдардың  са- 
лыстырмалы қарапайымдылығы және олардың толық аяғына дейін дамымауы 
тән. Жиі психоздардың абортивті формалары, психотикалық емес нұсқаларының 
біртіндеп органикалық ақыл кемдігіне ауысатын созылмалы ағымға бейімділігі 
байқалады. Мұндай нәтижеге әлеуметтік бейімділікті күрт бұзатын ауруханаға 
жатқызу  жағдайы,  қозғалу  белсенділігін  ж әне  сергектігін  төмендететін 
орталықтық-босаңсытатын  ж әне  миорелаксанттық  психотропты  заттарды 
қолдану  алып  келеді.  Психикалық  патологиямен  күресетін  бұл  заттарды  аса 
сақтықпен  қолдану керек және оларды теріс  пиғылмен қолдануға болмайды. 
Олармен  емдеу  психикалы қ  бұзылыстар  сияқты   ж айсы з  сом атикалы қ 
бұзылыстар  туғызуы  мүмкін,  олар  егде жаста  толық  әлеуметтік  бейімділікке 
кедергі келтіреді.


Психикалық аурулар  профилактикасы жүйесіндегі  медико-генетикалық консультация


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет