Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет43/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

VII Тарау
ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАРДЫ 
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
КЛИНИКАЛЫҚ ӘДІС
Клиникалық әдіс психикалық аурулар диагностикасында негізгі әдіс болып 
табылады.  Ол  науқастың  паспорттық  мәліметтерінен  шағымдарын  анықтау, 
анамнездік мәліметтерін жинау, соматикалық және неврологиялық тексерулер, 
психикалық жағдайын зерттеуден тұрады.
Сурау әдісі.  Клиникалық зерттеу кезінде дәрігерге психикалық науқастармен 
белгілі дағдыларды қажет ететін тікелей қатынасқа түсуіне тура келеді.  Мұндай 
дағдылар  студенттердің  психиатрия  курсын  өтуінде  түзіліп,  кейін  дәрігерлік 
қызметінде  толығымен  қалыптасады.  Егер  дәрігер  науқасты  тиянақты  
түсінушілікпен тыңдаса, ол өз күйзелісін аша түседі, психикалық патологияны 
анықтау оңайға түседі.  Науқастың сөздеріне күлуге, оның сандырақтық ойла- 
рына  сөз  таластыруға,  ауру  диагнозы  жайлы  анықтама  беруге  болмайды, 
науқаспен достық,  еркін тақырыпта әңгімелесуге болмайды.  Науқаспен және 
оның  туыстарымен  жеке  сөйлесу  керек,  әңгіме  мазмұны  басқа  науқастарға 
мәлім болмауы керек.
Паспорттық мэліметтерге науқастың фамилиясы, есімі, әкесінің аты, жасы, 
жынысы, тұрғылықты жері,  мамандығы, жұмыс орны кіреді.  Науқастың жасы 
психикалық үрдістердің  даму деңгейін  ғана  емес,  белсенділігін  де  көрсетеді. 
Психикалық  аурудың  клиникалық  көрінісі  едәуір  дәрежеде  жас  ерекшелігі 
факторына  тәуелді;  кейбір  аурулар  дебюті  жас  кезеңіне  тығыз  байланысты. 
Науқастың білімі мен мамандығы дәрігермен әңгімелесудің деңгейін анықтайды; 
мамандыққа байланысты ауруларда науқастың мамандығы және жұмыс орны 
жөніндегі мәлімет шешуші рөл атқарады; жұмыс орны мен лауазымы психикалық 
науқастың әлеуметтік еңбектік адаптациясы, тұлғалық қасиеттерінің сақталуы 
және оның өмірлік ұстанымдарының дұрыстығы жөнінде қорытынды жасауға 
мүмкіндік береді.
Шағымдарын анықтау және анамнез жинау сұрастыру тәсілімен іске асыры- 
лады.  Психикалық дерт  науқастың  өзге  адамдармен  қарым-қатынасын,  дерт 
көріністеріне сыни  көзқарасын  өзгертеді.  Мұның  барлығы  сұрастыру кезінде 
ақпараттың  толыққандылығына және  мазмұнына  әсерін  тигізеді.  Сонымен, 
психоз  жағдайындағы  науқас  өзін  дені  сау  деп  санай  отырып,  ешқандай 
шағымдар  айтпай,  ауруын  жасыруы  мүмкін.  Ипохондриялық  сандырақпен 
науқас  өзін  ауыр  физикалық  күйдемін  деп  есептеп,  соматикалық  сипаттағы 
шағымдар  айтады  (ауру  сезімі,  ішкі  мүшелер  бұзылысы,  әлсіздік,  жүдеу).


90
VII  Тарау.  Психикалық ауруларды  зерттеу әдістері
Ақырында  науқас  жеке  адамдардың  немесе  ұйымдардың  соңына  түскеніне, 
гипнозбен,  сәулелермен,  электр  тоғымен  әсер  етуіне,  материалдық  ж әне 
моральдық шығын келтіруіне шағымдануы мүмкін, яғни өзінің сандырақ иде- 
яларын шағым ретінде айтып  беруі мүмкін.  Сонымен,  науқас шағымдарымен 
танысу зерттеушіге патологияны анықтауда  бағдар  береді.
Анамнезді  тек  аурудың  сөздерінен  ғана  емес,  сонымен  қатар  басқа  да 
науқасты  танитын  адамдардан жинаған дұрыс.  Науқастан жиналған  анамнез 
(субъективті анамнез) есте сақтау, сана бұзылуында, сандырақ жағдайларында, 
диссимуляция  кезінде  дұрыс  мәлімет  бермеуі  мүмкін.  Науқас  кейде  өзінің 
туысқандарындағы  бар  психикалық  аурулар  жайында,  балалық  шағының 
ерекшеліктері  жөнінде,  басынан  өткерген  соматикалық  аурулары,  бас-ми 
жарақаттары, орын алған талмалар, ұстамалары жайында біле бермейді. Мұндай 
жағдайларда  туыстарын,  достарын,  көршілерін  сұрастыру  қажет  —  мұны 
объективті анамнез деп атайды.  Обьективті анамнезді науқастың қатысуымен 
жинауға болмайды.
Анамнезді екі түрге бөледі:  өмір анамнезі және ауру анамнезі.
Кей жағдайларда бертін келе тұлға дамуына әсерін тигізген, бүкіл өмір бой- 
ында  бірге  келе жатқан туа  пайда  болған  немесе жүре пайда  болған  ерте жас 
кезеңіндегі психикалық патологиялар жөнінде өмір анамнезінен бөлек мәлімет 
жинау мүмкін емес.
Өмір  анамнезін  жинауда  ең  алдымен,  тұқым  қуалаушылық  мәселесін 
айқындау  керек  —  ата-анасыны ң  ж әне  ж ақын  туыстарының  психикалық 
денсаулық жағдайын, жеке бас  ерекшеліктерін толық анықтап алу керек.  Ту- 
ыстарына қатысты психикалық ауруларды толық сипаттау керек.  Тұқымында 
өзіне-өзі қол жұмсағандар, оғаш жүріс-тұрысты, ақыл-ой кемістігі бар адамдар, 
ұстамалары бар адамдар, нашақорлық және маскүнемдіктен зардап шегетіндер, 
тұқым қуалайтын соматикалық аурулары бар адамдар бар-жоғын анықтау қажет. 
Ерте даму кезеңін анықтауда анасының жүктілік кезіндегі денсаулығын анықтау 
керек,  босанғанда жарақат  болған-болмағандығын,  қандай  жағдайда,  қалай 
өскенін, тәрбиесін, қай жаста тілі шыққаны, жүргені, мектепке барғаны жайлы 
сұрау керек.  Егер дамуында  кедергі  болса немесе дамуы  бірқалыпты  болмаса 
(мысалы, жасына сай емес әуесқойлық),  осылардың барлығы ерекше тіркелуі 
керек.  Балалық шағында ұйқы кезінде жүру, қорқыныштар, кекештену, энурез 
болған-болмағаны жөнінде білу қажет.  Науқас қай жерде, қалай оқыды, қандай 
қызығушылықтары  болды,  қабілеттілігі,  тәртібі  анықталып,  жыныстық даму 
кезеңі, осы кездегі мінез-кұлқы мен жүріс-тұрысындағы ерекшеліктерін анықтау 
керек.
Н ауқастың  білім  дәрежесі,  еңбек  ж олын  бастаған  уақыты,  жұмысқа 
көзқарасы, қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасы, мамандығы бойынша 
өсуі — осының барлығы маңызды сұрақтар, ол туралы міндетті түрде анамнез- 
де  көрсетіліп,  өмірдің  әр  түрлі  кезеңдерінде  аурудың  әлеуметтік  бейімділу 
дәрежесі  туралы  көрсетілуі  тиіс.  Сонымен  қатар,  науқастың  басынан  өткен 
аурулары  мен  олардың  асқынулары,  бас  ми  ж арақаттары ,  өндірістік 
зияндылықтар, зиянды әдеттері (ішімдікке салыну, темекі шегу, дәрілік заттар


Клиникалық әдіс
91
қолдану) жөнінде мәлімет алу қажет. Анамнездің арнайы бір бөлімі жыныстық 
ерекшеліктерге, жыныстық және жанұялық өмірге арналады; жыныстық өмірдің 
басталуы,  ерлі-зайыптылар  арасындағы  қарым-қатынасқа,  түсініспеушілік 
себептері, жүктілік,  босану,  түсіктер,  менопауза т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет