Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет49/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

реакциясы,  жарықты  ж ы пы лы қтатқанда  миды ң  шүйде  бөлімінде  айқы н 
байқалады,  бұл  зерттелуш інің  альфа  ы рғағы на  сәй кес  келеді.  М идың 
органикалық  зақымдалуын  ж әне  эпилепсияны  диагностикалау  үшін  ЭЭГ


100
VII  Тарау.  Психикалық ауруларды  зерттеу әдістері
фонында  патологиялы қ  белсенді  формалар,  жоғары  амплитудалы  үшкір 
толқындар,  шыңдар ж әне олардың  баяу толқындармен  комплексі пайда  бо- 
лады.  Бұл  патологиялық  құбылыстар  эпилептогенді  ош ақ  тұсында  айқын 
байқалады.  Гипервентиляция және ырғақты жарықпен ынталандыру арқылы 
ЭЭГ-дан патологияны анық табуға болады, бұл пароксизмальды белсенділіктің 
күш еюін  немесе  пайда  болуын,  ал  кей  кезде  құрысусыз  ұстама  ж әне 
эпилепсияның құрысулы түрінің дамуын диагностикалауға көмектеседі. Үзақ 
жүйелі  емдеуден  кейінгі  клиникалық  көріністер,  қалыпты  тұрақты  ЭЭГ-ге 
сәйкес  келгенде  дәрілік  препараттардың  мөлшерін  азайтуға  немесе  толық 
бермеуге болады.
Мидың органикалық зақымданулары кезіндегі ЭЭГ өзгерістері әртүрлі және 
олар  патологиялық  ошақтың  мөлшеріне,  орналасуына,  оған  айналасындағы 
қалыпты тіндердің жауап реакциясына байланысты. Көлемді беткей зақымдалуда 
электрлік тыныштық зонасын зақымдалу ошағына сәйкес жерден байқаймыз. 
Мұндай  ош ақты ң  айналасындағы  ми  тіндері  жоғары  амплитудалы  баяу 
толқындар  шығарады,  олар  ЭЭГ-ге жазылады.  Терең  патологияда  қыртысты 
проекция  аумақты  жер  алады,  яғни  жалпы  фонға  сәйкес  келмейтін,  өзінше 
электрлік  белсенділігі  бар  ауқымды  көлемде  көрінеді.  М идың  диффузды 
органикалы қ  патологиясында  ЭЭГ-де  негізгі  ы рғақ  амплитудаларының 
арақатынасы,  мида  симметриясы  ж әне  таралуы  бұзылады,  патологиялық 
белсенділіктің өзгерістері байқалады.
Мидың  локальды  органикалық зақымдануларынсыз  жүретін  психикалық 
аурулар кезінде (шизофрения, маниакальды-депрессивті психоз, невроз, I және 
II  сатыдағы  алкоголизм т.б.),  ЭЭГ көрсеткіштері  органикалық патологиямен 
дифференциалды диагностика жасауға,  мидың функционалды жағдайын және 
компенсаторлы  мүмкіндіктерін  анықтауға  көмектеседі.  Науқасты  ауру  бары- 
сында қайталап зерттеу, аурудың динамикалық үрдісі мен оны болжауға көмегін 
тигізеді.  Сонымен  қатар,  ЭЭГ  өзгерістері  бойынша  емнің  белсенділігі  мен 
тиімділігін бағалауға болады.
Наркоз  және  экстремалды  жағдайлар  —  ми  ісігі,  гипогликемия,  кома  — 
ЭЭГ-да  тез  ырғақтың  баяу-тета және дельта  ырғақпен  алмасуымен  көрінеді. 
Ауыр жағдайларда  электрлік үнсіздік және оның жиілеуі көрініс береді.
Реоэнцефалография. Жоғары жиілікті әлсіз электр тогына бас миы тіндерінің 
қарсыласуындағы  өзгерістер  көлемін  жазу  болып  табылады.  Реографиялық 
толқындар  түріндегі  электрлік  қарсылық  тербелістері  жүрек  жұмысының 
әсерінен мидың қанмен қамтамасыз етілуінің өзгеруін көрсетеді. Қарсыластықтың 
80-90 пайыз көлемі ми қан тамырлары,  10-20 пайызы бас терісінің тамырла- 
рына тән екені анықталған.
Реоэнцефалограмма (РЭГ) пульс тәріздес қисық сызыққа ұқсайды.  РЭГ тал- 
дау кезінде визуальды бағалау және сандық өңдеу жүргізіледі.
Қисық сызықтың басы, шыңы (ең жоғары нүктесі), соңын бөлеміз. Басынан 
ш ыңы на  дейінгі  аймақты  өрлемелі  немесе  анакротикалық  реографиялық 
толқынның  бөлшегі,  шыңынан  соңына  дейінгі  қисық  сызықты  төмендеуші 
немесе катокротикалық бөлшек дейді. Қалыпты жағдайда төмендеуші бөлімнің


Басқа  аспаптық зерттеу әдістері
101
жоғарғы және  ортаңғы үштіктің  ортасында  1-2   қосымша толқын  (инцизура) 
болады.  Дені  сау жас  адамда  өрлемелі  бөлімі  төмендеуші  бөлімге  қарағанда 
үлкендеу,  ал ұшы үшкір немесе аздап дөңгеленген болып келеді.  Церебральды 
атеросклероз дамуына байланысты толқынның ұшы тегістеліп арка тәрізді түрге 
айналады.
РЭГ-ның  қисық  сызығының  сандық  көрсеткішін  талдағанда,  толқынның 
таралу уақытына, барлық толқындардың өрлемелі және төмендеуші бөлімдерінің 
уақытына,  әр  деңгейдегі  толқындар  амплитудасына  көңіл  аударады,  осы 
көрсеткіштер бойынша әр түрлі индексті есептейді.
Толқынның негізінен  шыңына дейінгі арақашықтықты  РЭГ толқынының 
амплитудасы  дейді.  Амплитуданың  биіктігі  бойынша  қантамырдың  пульстік 
қанм ен  толуының  мөлшерін  бағалайды:  қан  толуы  күшті  болған  сайын 
толқынның амплитудасы жоғары болады.
Амплитуданың  мөлшері  жүрек жиырылуының  жиілігіне,  қанның  соққы 
көлеміне,  артериялық  қысым  көлеміне,  қантамыр  қабырғасының  тонусына 
байланысты болады. Тамырлардың локальды бұзылыстарында (инсульт, мидың 
зақымдалуында,  гематоманың  асқынуы)  реоэнцефалографияны  зерттегенде 
өзгеріс, зақымдалған ошаққа сәйкес келеді. Функционалды сынамалар арқасында 
бұзылыстың түрін, оның орналасқан жерін, реактивтілігі мен қантамырларының 
компенсаторлы мүмкіншіліктерін анықтауға болады.  Функциялық сынамалар 
ретінде  фармакологиялық жүктемелер,  гипервентиляция,  бастың  орналасу 
жағдайын өзгерту әдістері қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет