102
VII Тарау. Психикалық ауруларды зерттеу әдістері
қысымының өсуіне байланысты ісік жіңішкеріп, ми иіріміне «басылған саусақ
белгісін» түсіреді.
Бас ішілік қысым көтерілгенде, веналық қан ағысы төмендейді де, ми
тамырларының суреті күшейеді. Бұл әдіс мидың органикалық зақымдалуын
анықтауға мүмкіндік береді.
Пневмоэнцефалография — бұл жұлын сұйықтығының бір бөлігін ауа не-
месе оттегімен толтырғаннан кейінгі миды рентгенографиялық зерттеу әдісі
болып табылады. Ми қарыншалары және субарахноидальды кеңістік пнев-
м атизациясы қабы нулы қ ж ән е сп ай калы қ үрдістер, ісіктер, туа біткен
ауытқулар кезіндегі патологияны, олардың орналасу аймағын анықтауға
мүмкіндік береді.
Ангиография — қан тамыр жүйесіне контрастылы немесе радиоактивті затты
енгізу арқылы жүргізілетін мидың рентгенографиялық әдісі. Бұл әдіс ми
тамырларының зақымдалуын, әр түрлі жаңа түзілістер — ми қан айналысын
бұзатын ісіктерді зерттеуге мүмкіндік береді.
Компьютерлік томография — мидың барлық бөліктеріне қатысты патоло-
гиялық өзгерістерді зерттеуге мүмкіндік беретін қабатты, рентгенографиялық,
рентгеноскопиялық зерттеу.
ЭВМ көмегімен бір уақытта алынған мәліметтерді өңдеу өлшем нәтижелерін
бірден алуға мүмкіндік береді. Ми ісіктері, киста, гуммалары, селдіреуі және
бас миының семуі диагностикаланады.
Достарыңызбен бөлісу: