Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет56/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

СИМПТОМДАРДЫҢ  ИНФОРМАТИВТІЛІГІ
П сихикалы қ  ауруларды  анықтауда  маңызды  ақпаратты  психикалы қ 
бұзылыстардың клиникалық белгілерін,  оның симптомдарын ескере отырып, 
талдағанда  алуға  болады.  Симптомдар  аурудың  туындысы,  бір  бөлігі  болып 
саналады.  Олар  ауру  туғызатын  себептер  мен  патогенетикалық  механизмдер 
әсерінен пайда  болады.  Ерекшеліктері  бойынша симптомдар  аурудың жалпы 
және жеке қасиеттерін сипаттайды.
Симптомдар динамикасы ауру дамуының тарихын құрады.  Симптомдардың 
қалыптасу  заңдылықтары,  мазмұны,  жиынтықтары,  терапиялық  әрекеттерге 
сезімталдығы туралы білім психикалық ауруларды сәтті диагностикалап қоймай
олардың ағымы мен аяқталуы жөнінде пікір жасауға мүмкіндік береді.
Симптомдардың ақпараттық көлемі бірдей емес.  Мысалы,  галлюцинаци- 
яны алсақ, ол өте үлкен ақпараттық жүктеме болып табылады.  Галлюцинация 
психикалық  аурудың  қандай да  бір  сатысында  клиникалық көріністі  басып 
тастауы мүмкін.  Ойлау қарқынының жылдамдауы немесе баяулауы, қимылдық 
қозулар,  зейін  зорығуы  ж әне  басқа  да  белгілер  жеке  дара  жүрмейді.  Олар 
өздеріне байланысты аурудың белгілерімен байланысып, комплекс құрамында 
қаралады.
Симптомдардың  диагностикалық  маңызы  оның  арнайылық деңгейімен 
сипатталады. Зейін зорығуы тәрізді симптоммен салыстырғанда, галлюцинация 
арнайы  болып  келеді  және  ақпараттылық дәрежесі  жоғары.  Зейін  зорығуы, 
ұйқысыздық, бас ауруы, тітіркенгіштік, көңіл-күй төмендеуі және басқа белгілер 
психикалық ауруларда ғана емес, сонымен бірге соматикалық, неврологиялық 
аураларда да  кездеседі.  Ал,  галлюцинация  тек  шектеулі  психикалық аурулар 
қатарына тән.
Ж ағдайды ң  индивидуалды  ерекш еліктеріне  ж ақы н   болған  сайы н 
симптомдардың  арнайылық дәрежесі  және  диагностикалық  мәні  соғұрлым 
жоғары.  Кез-келген жалпылама симптомның арнайылығы төмен; бұл жағдайда 
аурудың  белгілі  бір  түрі  туралы  айту  қиы н.  Н ақты  аурудың  өзіне  тән 
симптомдары ны ң  клин и калы қ  көрінісі,  өзіндік  ерекш еліктері,  сипаты 
болғандықтан,  осы  белгілерді  танып,  білу  арқылы  ауруларды  ажыратамыз. 
Мысалы:  неврастенияда,  маниакальды-депрессивті  психозда,  церебральды 
атеросклерозда да науқас ұйқысыздыққа шағым айтады. Алайда, бұл аурулардың 
ұйықтамау себебі әрқалай.  Неврастенияға тітіркенген әлсіздік,  шыдамсыздық 
және басқа да белгілердің пайда болуын анықтайтын ішкі тежеудің жеткіліксіздігі 
тән.  Тежелу реакциясының  әлсіздігіне  байланысты  ұйқы  шала  болады,  ауру 
болмашы тітіркендіргіш әсерінен түні бойы жиі оянады.  Сондықтан адам дұрыс 
тыныға  алмай,  таңертең  тұрғанда  басы  ауырып,  ұйықтай  алмағанына  және 
айналадағы болып жатқанның бәрін естіп жатқандығына шағым айтады.


Продуктивті  және  негативті  психопатологиялық симптоматика
113
Маниакальды-депрессивті психозбен ауыратын науқас депрессия сатысын- 
да түні бойы көз ілмейді.  Олар бір  минут болсын ауыр күйзелістен құтыла ал- 
майды:  өткен өмірі қателіктерге толы, қазіргі өмірі азапты, болашағын күңгірт 
көреді. Түнімен азаптанған науқас осы жағдайынан шығар жол таба алмайды, 
өмірден  кеткісі  келеді.  Анестетикалық депрессияға  шалдыққан  ауру  түнімен 
ұйықтап,  оянғанда  өзін  түнімен  ұйықтай  алмағандай  сезінеді.  Бұл  ауруда 
ұйқысыздықтан да басқа тою, ашығу сезімі, қуаныш, қайғы сезімдері жоғалады; 
кейде  олар  өз  денесін  де  сезбейтінін  айтады.  Церебральды  атеросклерозбен 
ауруға барлық психикалық үрдістердің әлсіреуі тән, ол назардың тұрақсыздығы, 
ес  жеткіліксіздігі,  жан  әлсіздігі  арқылы  көрінеді.  Зорығу реакциялар  инерт- 
тілігімен  бірге жүреді,  бұл кезде науқас күні бойы болған оқиғалар,  әңгімелер 
әсерінен  ұйықтай  алмайды.  Көзі  ілініп  барып,  2—3  сағаттан  кейін  ұйқы 
механизмінің қажуына байланысты оянып кетеді.  Қайтадан ұйықтауға тыры- 
сады. Ақырында таңғы 6—7 шамасында көзі ілініп, іле-шала сағат шырылынан 
оянып кетеді.
Ж оғарыда  келтірілген  мысалдардан  мынаны  байқауға  болады,  бірдей 
психопатологиялық симптомдар әр ауруда әртүрлі болады, өйткені патогенезінде 
айырмашылық бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет